Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Олимпиада: Жеңімпаздар жолы


22 августа 2016, 06:32 | 1 751 просмотр



Қазақстандық спортшылар жеңістерімен қуантуда. Газетіміздің бүгінгі санында Алтын жолды жалғаған Данияр, күміс алса да әлем жеңімпаз деп мойындаған Василий, қиын маусымға қарамастан жеңіс тұғырына көтерілген Ольга, Сырдан шыққан тағы бір зілтеміршіміз Александр, Эльмира есімді балуан қыз туралы болмақ. Себебі, бұл аты аталған саңлақтарымыз ел қоржынын медаль әкеліп, қазақ халықын қуаныш пен мақтанышқа бөледі.

Дараланған Данияр

«Алтын жолды» жолғады. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі саңлағымыз Данияр Елеусінов финалда өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты ұтып, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды Данияр Елеусінов финалда ерекше ынта-жігерімен жұдырықтасты. Қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетіп, Рио Олимпиадасының чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Жартылай финалда Гиясов марокколық чемпион Рабии Мохаммедті тізе бүктірген болатын. Ал Данияр Франция спортшысы Сулейман Сиссоконы жеңген еді. Еске сала кетейік, 69 келі салмақ «қазақтың салмағы» деп аталып кеткен еді. Осыған дейінгі үш Олимпиада ойындарында осы салмақта үш боксшымыз чемпион атанды. 2004 жылы Афина олимпиадасында Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев Олимпиада жүлдегері атанса, міне, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында төртінші спортшымыз Данияр Елеусінов осы дәстүрді жалғастырды.

«Бұл жеңіс -қазақ елінің жеңісі. Мен жеңісімді еліме арнаймын», - деп атап өтті Данияр Елеусінов жекпе-жектен кейінгі тілшілерге берген сұхбатында. «Маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріме деген алғысым шексіз. Барлығықтарыңызға рахмет! Мені қолдадыңыздар, осы жетістікке жетуге талпындырып, жігерімді жаныдыңыздар. Сол үшін барлық жанкүйерлеріме рахмет айтамын. Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым», - деді Данияр Елеусінов.

«Бұл 69 келі салмақ, қазақтың салмағы атанып кетті. Оған себеп, менің алдымда қазақтың үш батыры Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев қазақ еліне алтын медаль сыйлады. Серік Сәпиев үлкен спорттан кеткен соң, мен осы салмаққа ауыстым. Бұл салмақ дәрежесінің жауапкершілігі күшті екенін сезініп, және алдымдағы ағалардың жолын жалғап, чемпион болуға бар күш-жігерімді салдым. Міне, арманым орындалды. Ағаларыма ұялмай қарайтын болдым», - деді күліп чемпионымыз.

Данияр Маратұлы Елеусінов

Туған күні: 13.03.1991

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Березино ауылы

Бокспен 13 жастан айналысады.

Жетістіктері: Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 келі салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.

Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Халықаралық бокс қауымдастығы екі мәрте әлемнің үздік боксшысы атанды.

Қазір Данияр Елеусінов Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы. Рио Олимпиадасының Чемпионы.

«Бүгін Данияр халықтың үмітін ақтады. Сол үшін қатты қуанып жатырмыз. Мен ғана емес, бүкіл қазақ елі қуанып жатыр. Данияр менің ғана балам емес, ол бүкіл халықтың баласы», - деп атап өтті Марат Елеусінов. Сонымен қатар, финалдағы қарсыласы мен жекпе-жек туралы да өз ойымен бөлісті.«Өздеріңіз білесіздер! Данияр жартылай финалда үлкен жарақат алды. Қабағы тура көзінің жанынан терең жыртылып кетті. Жыртылған жерін бір емес, екі рет тіктірдік. Финалда өте қиын болады-ау, деп қорыққанымызда жасырын емес. Себебі, қарсыласы оның жараланған жерін көздеп соққы жасайтыны анық еді. Сосын, біз Даниярға қарсыласын жақсылап зерттеп, өзгеше айла-тәсіл жасауды тапсырдық. Тек аяқпен жұмыс істеп, қарсыласыңды шегіне жүріп соққы жаса, бірден өзің алға ұмтылма деген болатынбыз. Ол тапсырманы ойдағыдай орындады. Өзіне көп соққы дарытпады. Соның нәтижесінде жеңіске жетті», - деп атап өтті Даниярдың әкесі.

Әйел, Ана, Чемпион

Жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды. Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды. Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова 14. 74 м көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтап, Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салды. Бұл қазақ спортшыларының Риодағы үш күн үзілістен кейінгі қол жеткізген жүлдесі. Естеріңізге сала кетейік, Ольга Рыпакова Лондон олимпиадасының чемпионы. Жеңіл атлетикадан екі бірдей олимпиадада жеңіс тұғырына көтерілген спортшымыз бұрын болмаған. Сондықтан Ольга Рыпакованың бұл медальі ерекше қымбат. Осы жетістігінен кейін сұхбат берген Ольга жарыстың оңай болмағанын, қарсыластарының мықты әрі талантты екенін алға тартты. Қазақстан үшін медаль әкелгеніне қуанышын жасырмады. Себебі, кішкентайлы болған Ольга бірден дайындыққа кірісіп, қайта қалпына келу үшін талмай еңбектенді. Бала туғаннан кейін қалыпқа келу кез-келген әйел үшін оңай шаруа емес. Сонда да Ольга осы спорттық маусымда жоғыры деңгейдегі нәтижелер көрсете алды. Әйелдік міндеті мен спорттық мансабын қатар алып жүрген жеңіл атлет расында көпшілік үшін үлгі боларлық тұлға.

Жерлесіміз бағындырған белестерге біраз тоқталып өтсек.

Ольга Сергеевна Рыпакова

Туған жылы: 30.11.1984 жыл

Туған жері: Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы

Жетістіктері: О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын.Ольга Рыпакова 2010 жылы мамырда Шанхайда өткен «Гауһар лига» сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль алды. 2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші 14.98 м болды.

Қызықты дерек: Қазақстан жеңіл атлеті бастапқыда жеті сайыспен айналысса, кейін ұзындыққа секіруге мән беріп жүріп 2007 жылдан бері үш қарғып секірумен айналысады. Рыпакованың жаттықтырушысы өзінің әкесі Сергей Дмитриевич Алексеев.

Алтыннан ардақты КҮМІС

Левиттің Күмісі алтыннан ардақты. Твиттердегі жазбасында қазақстандық боксшы Василий Левитті Рио Олимпиадасындағы сәтті өнерімен құттықтаған ҚР Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп жазды. «В.Левит бокстан ақтық бәсекеде керемет өнер көрсетті және барша жанкүйердің зор ықылас-құрметіне ие болды. Қорытындысында - алтын жалатылған Күміс медаль», - деп жазады Сенат Төрағасы.

Қазақстан қоржынан үшінші күмісті 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы Василий Левит салды.Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты. Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығып, оны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кенеди Сен-Пьеррді 3:0 есебімен ұтып, жарыс жолынан тайдырған болатын.Ал оның алдындағы іріктеу сайыстарында қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға түсіріп, үшінші раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан. Сарапшы мамандар 91 келіге дейінгі салмақта соңына дейін жеңімпаз Васидилий Левит болады деп тұжырымдаған еді. Алайда тартысты өткен финалда төрешілер жеңісті Евгений Тищенкоға берді. Жеңіс тұғырына көтерілген Тищеко жанкүйерлер ысқырығының астында қалды. Халық жеңісті Левитке берсін деп шуылдасты. Спорттық этиканы қадір тұтқан Василий Левит қазақстандық жанкүйерлерді сабырға шақырды. Журналисттерге берген сұхбатында олимпиаданың күміс жүлдегері соңына дейін жеңіс өзінде екеніне нық сенгенін айтты. Бірақ төрешілердің шешімі басқаша болды және онымен келісу керектігін мойындадыӨз кезегінде, Әлемдік БАҚ судья шешімімен келіспеуде. Washington Post басылымының пікірінше, судьялар алқасының біржақты шешімімен Тищенко жеңімпаз атанды.Левиттің өнеріне тәнті болған қытайлық тілші тіпті «Біз болсақ, Левитке чемпиондық атықтың сыртында Вэл Баркер кубогын беруді талап етер едік» -деген пікірін білдіріпті.

Василий Левиттің күмісі біз үшін өте құнды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 91 келідегі боксшыларымыз Олимп шыңын бағындыруға қанша талпынса да, төртжылдықтың басты додасына жолдары түспеп еді.

Василий Левит Бүкіләлемдік бокс сериясының «Астана арларндары» құрамында өнер көрсетіп, «Аргентина кондорспен» болған кездесуде қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. Соның нәтижесінде ол WSB-дің жеке рейтингтік көрсеткіші бойынша тұрақты маусымда бірінші орын алды. Сөйтіп, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына берілер жолдаманы иемденген болатын.

Василий Левит

Туған күні/жылы: 24.02.1988

Туған жері: Қостанай облысы

Салмағы: 91 келі

Жетістіктері: 2009, 2011 жылдары Қазақстан чемпионы; 2009 жылы Азия чемпионы;Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы;WSB жобасы аясында өз салмағы бойынша көш бастап, Олимпиада-2016 күміс жүлдегері.

Иә,Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін еншіледі. Бірақ оның медалі АЛТЫН болу керек дегендер күннен-күнге көбеюде. Біздің жерлесіміздің нағыз чемпион екенін қазақ халқы да, әлем жұртшылығы да мойындап отыр.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша де Василий Левитке 250 мың доллар сыйақы беріледі. Аталған сома Олимпиада алтынын алған спортшыға берілетін сыйақымен тең.

«Василий Левит Олимпиада рингінің финалдық кездесуінде тамаша нәтиже, жеңіске де айрықша ерік-жігер көрсетті. Ол Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алғаннан кейін оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы береді. Бұған қоса, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен аталған сомаға тағы да 100 мың доллар қосылады. Осылайша Левиттің сыйақысы «алтынмен» теңеседі», - делінген хабарламада. Сондай-ақ федерация В.Левитті Олимпиада медалімен құттықтап, оның Қазақстан Бокс федерациясының, жаттықтырушылар штабының және бүкіл елдің сенімін ақтағандығын атап өткен. «АИБА ережесі бойынша төрешілер шешіміне наразылық танытылмайды және біз Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға тиіспіз. Қазақстан Бокс федерациясы төрешілер шешімін сыйлайды», - деп атап өткен федерациядан.

Ал британиялық Paddy Power букмекерлік кеңсесі Олимпиада финалында 91 келіге дейін шаршы алаңға шыққан спортшымыз Василий Левит жеңісіне бәс тіккендердің ұтыстарын төлейді. Букмекерлер Қазақстан боксшысының ресейлік Евгений Тищенкомен жекпе-жегінде төрешілер әділетсіздік жасады деп санайды. Бұл туралы championat.com хабарлады.

Сырдың саңлағы

Рио-де-Жанейро төрінде ауыр атлеттеріміз арасында соңғы болып өнер көрсеткен Александр Зайчиков 105 келі салмақтан қола жүлдені жеңіп алды. Қоссайыстың қорытындысы бойынша сырдың саңлағы 416 келіні (193+223) бағындырып, қолаға қол жеткізді. Бас жүлдені көршілес Өзбекстан зілтеміршісі Руслан Нурудинов жеңіп алса, Күміс жүлдені 19 жастағы армян спортшысы Симон Мартиросян 223 келі нәтижемен иеленді. Осылайша жеңіс тұғырына ТМД елдердің спортшылары көтерілді. Осы сайыста күміс медаль алған армянлық зілтемірші Александр Зайчиковтан 1 келі ғана артық көтерді. Төрешілер біздің ауыр атлеттің серпе көтеруде бір мүмкіндігімді есепке алмады. Егер оны есепке алғанда күмісті отандасымыз иеленер еді.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың үшінші күні ауыр атлет Фархад Харки 62 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілесе, төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта екінші қола медальға ие болды. Ал Олимпиаданың бесінші күні екі бірдей ауыр атлетіміз ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль салды. Алтынды Ниджат Рахимов жеңіп алса, күмісті қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл иеленді.

Александр Зайчиков отандық журналисттерге берген сұхбатында өз ойымен бөлісіп, «Бұл жеңісіңді кімге арнайсың?» деген сұраққа былай деді: «- Бұл жеңіс менің ғана жеңісім емес. Менің жеңісім - елдің жеңісі. Сондықтан бәрімізге ортақ жеңіс деп ойлаймын. Бірақ, осы жеңісіме жетуге бапкерлерімнен бөлек екі адам өлшеусіз үлес қосты. Оның бірі - өз анам. Ал екіншісі - Илья Ильиннің мамасы. Бапкерлерімнен бөлек осы екі кісіге өлшеусіз алғыс білдіремін. Аналарымыз аман болсын».

Александр Сергеевич Зайчиков

Туған жылы: 17.08.1992 жыл

Қызылорда облысының спортшысы

Жетістіктері: Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2008), Жасөсіміпірдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009), Лондон олимпиадасының қатысушысы (12-орын), Қазан қаласында өткен Универсиада күміс жүлдегері, Азия чемпионы (2013), Хьюстонда өткен әлем чепионатының жеңімпазы (2015), Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

Жалып ауыр атлеттеріміздің Рио төріндегі аяқ алысы жаман емес. Олимпиаданың үшінші ауыр атлет Фархад Харки 62 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілесе, төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта екінші қола медальға ие болды. Ал Олимпиаданың бесінші күні екі бірдей ауыр атлетіміз ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль салды. Алтынды Ниджат Рахимов жеңіп алса, күмісті қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл иеленді. Алайда біздің зілтеміршілер үшін қиын күн туындаған сияқты. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада аяқталғаннан кейін Ресей, Қазақстан, Беларусь ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айырады, IWF басшысы Тамаш Аян осылай мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік РИА Новости агенттігі хабарлады. «Риодағы Олимпиададан кейін бірқатар елдердің мүшелігін тоқтатамыз. Оған кепілдік беремін. Олар Ресей, Қазақстан, Беларусь, - деп мәлім етті IWF басшысы. - Қайта талдау аяқталған жоқ, ақпарат күтіп отырмын, тағы бірнеше ел жарыстан шеттетілуі мүмкін. Оны қыркүйектің аяғында немесе қазанда мәлімдейміз». IWF атқарушы комитеті 22 маусымда спортшылары допинг қолданған елдер федерациясын қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы олимпиадаларда үш немесе одан көп допинг сынама оң көрсеткіш берген жағдайда, бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айыратын қаулы қабылдады. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь ілігуі ықтимал.

Балуан қыз сыйлаған қола

Тағы бір қазақ қызы олимпиада жүлдегері атанды. Әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова қола медаль жеңіп алды. Қазақ балуаны қола медаль үшін күресте мысырлық Энас Мостафаны 7:4 есебімен ұтып, Қазақстан қоржынына алтыншы қола медаль алып берді. Сыздықова осыған дейін жұбаныш белдесуінің бірінші кезеңіне моңғолиялық Очирбатын Насанбурмааны 3:1 есебімен ұтқан еді. Олимпиада тарихында жеңіс тұғырына көтерілген екінші қазақ қызы болды. Бірінші медаль сыйлаған ауыр атлетіміз Жазира Жаппарқұл. Эльмира алған бұл қола қазақстандық күрес тарихыныда қалатынын сөзсіз.

«Бақыттымын, бірақ шынымды айтсам әлі сене алар емеспін. Маған сенім артып, қолдағандарға үлкен рахмет. Мен осы қолдаудың барлығын сезіндім. Барлық белдесулер қиын болды. Мысырлық — физикалық тұрғыда мықты қарсылас. Маған тактикалық міндеттер қойылды, соның арқасында жеңдім. Қазақстан халықана рахмет!» -деді балуан қыз журналисттермен жеңістен кейінгі сезімімен бөлісіп.

Эльмира Сыздықова жайлы анықтамалық деректерге көз жүгіртіп, юалуын қыздың жетістіктерімен жақынырақ танысайық.

Туған күні: 01.06.1992 жыл

Туған жері: Қарағанды облысы

Салмақ санаты: 69 келі

Жаттықтырушысы: В. Сутормин

Жетістіктері: Кадеттер арасындағы Азия чемпионы (2008), Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2009), Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2010), Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011), Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (2012), Голден Гран-при күміс жүлдегері (2013), Дмитрий Миндиашвили атындағы күрес Академиясының жүлдесі үшін өткізілген халықаралық турнирдің жеңімпазы (2013), әлем және Азия чемпионатының (5-і орын) қатысушысы (2013), «Александр Медведь» Гран-при турнирінің күміс жүлдегері (2014), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2014), «Сассари Сити» турнирінің күміс жүлдегері (2014), «Poland Open» турнирінің қола жүлдегері (2014). ҚР спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

Автор:
Мәдина Омарқұлова