Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жақсылық жасасаң, балаға жаса


2 сентября 2016, 05:32 | 2 786 просмотров



Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 тамызыан "Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы басталды. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.Талдықорған қаласы № 17 мектепте 2016 жылдың 18 тамыз күні мектеп әкімшілігі мен ұжымының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен «Жақсылық жасасаң, балаға жаса» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шарада «Оазис» дүкені, «Думан» мейрамханасы,мектептің ата-аналары және мектеп ұжымы демеушілік көрсетіп, 7 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары таратылды (94,000теңге).Ата-аналар тарапынан Л.М .Дорошенко. сөз алып, мектеп ұжымына, қайырымды жандарға деген жылы лебізін,алғысын білдірді.

Автор:
Бексұлтанова Ләззат Бәкентайқызы, көмек көрсетілген оқушылар мен ата-аналар мен мектеп ұжымы.