Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Өмір қымбатсың маған!»


2 сентября 2016, 05:44 | 2 945 просмотров



Мақсаты :

  • Білімгерлер арасындағы суицидтік  мінез-құлықтың алдын алу.Өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.
  • адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту. Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту.
  • балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .
  • өмірді сүйе білуге, мейірімді, адамгершілікті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, бейнеролик, сызбанұсқа, үнтаспа.

Өтілу барысы

Құрметті ұстаздар, білімгерлер бүгінгі «Шапағат» тәлім  - тәрбие бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылып отырған  «Өмір қымбатсың маған»  тақырыбындағы танымдық кешке қош келдіңіздер!

Кешімізді бастамас бұрын бәріміз орнымыздан тұрып бір сергіп билеп алайық. Сергіту би.

Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық – деген екен. Олай болса бәріміз бірігіп осы өмір сөзінің мәнін түсініп көрейік. Өмірді немен теңестіресіздер?

Ассоциациялық карта толтыру; Білімгерлерді шақырып,  екі топқа бөліп ассоциациялық карта толтырады.

Өмір – бұл ....... өзен, қымбат сый, денсаулық, күрес,т.б.

Енді осы ойларымызды ұлылардың сөзімен толықтырсақ.

Жаңа – жаңа  мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен, достарым.

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным

Ұлы  Абай  атамыздың  ой қорытындылары әркімнің жадында сақтаулы. Өмір, өмір сүру үшін беріледі. Сондықтан да өмірде  дұрыс жүріп тұрғанға, сыйласқанға, қоғамға өз үлесіңді қосып, дүниенің бір кірпіші  болып қаланғанға не жетсін?!

«Өмір ағашы» психологиялық  мінездеме  беріледі

Қазір сіздер экранда берілген өмір ағашының бір бөлігін таңдаңыздар.

- Сіз не үшін  бұл бөлікті таңдадыңыз?

- Ал сіз ше?

Білімгер  пікірі

Тамырды  таңдағандар – істің нәтижесіне мән беретіндер.

Діңін таңдағандар – берік, мықты, біреуге тірек бола алатындар

Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар

«Ойландыратын балықтар» жаттығуы.

Ал енді балық аулау ойынын ойнайық. Білімгерлерді шығару. (ой қозғау, білімгерлер келіп бір – бір балықтан таңдап,балықтардағы сұрақтарға жауап береді)

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,

Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.

Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,

Жақсылықтар жасасам деп орасан – дегендей осы жердегі әрбіреуіңнің өзіндік армандарың бар. Сол армандарың сендерді болашаққа жетелейді.

Қазір  назарларыңызға ұсынылатын     Ник Вучичтің «Мен сенің арманыңа сенемін» бейнеролигінен сабақ алыңыздар!

  • Бейнероликтен не көрдіңіздер?
  • Қандай ой түйдіңіздер?
  • Сізге бейнеролик қандай әсер қалдырды?

«Биіктік» жаттығуы.

«Болашақтан келген хат» ойыны

Ештеңемен айналыспай , қаннен – қаперсіз  ойға шомып отырған тамаша бір сенбілік кеште есік қағылды. Оны ашқанда , міне қызық, сіз табалдырықта болашақтан хабар әкелген екі жануар – пошташыны көріп тұрсыз! Алайда, ол екі конвертті ашқанда, сіз алдағы күннің  не әкелетіні туралы екі түрлі болжамды оқыдыңыз. Бір жануар сізге болашақта бақытты әрі қызыққа толы конвертті ұсынады. Ал екінші жануар ұсынған конвертте болашақта ешқандай да жақсы хабар жоқ екендігі жазылған.

Төмендегі жануарлардың қайсысы Жақсы хабар, ал қайсысы Нашар хабар жеткізді? (екі түрлі жануарды таңдаңыз)

  1. Жолбарыс
  2. Ит
  3. Қой
  4. Тоты құс
  5. Тасбақа

Бейнеролик «Әдемі қой». Ал қазір тағы бір бейнероликке кезек беріп, зейін қойп көрейік. Білімгерлердің позитивті ойлауларына ықпал ету. Бейнеролик жартылай көрсетіліп білімгерлердің ойын тыңдаймыз.

Қалай ойлайсыңдар әрі қарай мына қоймен не болады? Не істейді қой? Қорытындысын ары қарай бейнероликті жалғастырумен шығарамыз.

Қорытынды.Тыныштық сәті «Жігерлендіру».

Баяу музыка әуенімен оқушылар көздерін жұмып, тыныштық әлеміне енеді.

Бүгінгі «Өмір қымбатсың маған » тренинг кешімізде өмірдің қаншалықты маңызды және қымбат екенін түсіндіңіздер осы түйгенімізді өмірде қолдана білейік.

Автор:
Бекбергенова Гульбану, Талдықорған гуманитарлық –техникалық колледжінің педагог – психологы, Талдықорған қаласы