Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Полифониялық шығармаларды талдау


9 сентября 2016, 16:12 | 606 просмотров



Сабақтың мақсаты:

И.С.Бахтың  екі дауысты «Инвенция» F dur  шығармасын мысалға келтіре отырып, полифония ұғымын меңгеру.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Полифония ұғымын меңгеру.
  2. Музыкалық ұғымын, полифониялық шығармаларды орындау дағдысын дауыстарды тыңдау, дауыстарды жүргізуді жетілдіру.
  3. Тәрбиелік-эстетикалық көзқарасын, музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Практикум сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: И.С.Бахтың портреті, музыкалық кітаптар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, көңіл бөлуі:

-Амандасу.

-Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.Өткен тақырыптардан алған білім дағдысын және іскерлігін көрсету.

-гамма бойынша жұмыс істеу.

-гамманың ключтерін ескерту.

-Бөлек оң қолмен 2-3 октаваға дейін ойнау.

-Аппликатура жайында түзеу.

-Аккордтарды ойнау.

-Арпеджио жайында жұмыс істеу.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үйге қандай тапсырма берілді?
  2. П.И.Чайковскийдің «Сладкая греза» шығармасын жаттау.
  3. Шығарманы жатқа орындау.
  4. Тест.

Йоган Себастиан Бахтың өмір баянымен таныстыру

Йоган Себастиан Бах (21.3.1685, Эйзенах, Германия – 28.7.1750, Лейпциг, сонда) – ұлы немістерHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%BE%D0%B7%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%80" \o "Композитор"композиторы, органшы. Әкесінен музыкалық сауатын ашқан, шіркеудегі балалар хорында ән салған. 15 жасында Эйзенах қаласындағы шіркеуде органшы болған. Композиторлық шығармалылығы Веймарда басталды (1712 – 17). Осы кездегі органға арналған шығармаларында аспаптың мүмкіндігін кеңейтіп, дыбыс алу әдістерін байытты. Кейін ол клавишті аспаптардың білгірі атанды. Л. Бетховен оны “үйлесімнің атасы” деп бағалаған. 1717-23 жылдары оның “Дұрыс жүйедегі клавир” (1-том), “Хроматикалық фантазия және фуга”, “Италия концерті”, “Бранденбург концерті”, т.б. шығармалары дүниеге келді. Бах шығармашылығының ең жемісті кезеңі Лейпциг қаласында өтті (1723-50). Вокалдық-драмалық, оркестрге, хор мен жеке әншілерге арнап жазылған ораториялары мен кантаталары, “Матфейше құштарлық”, “Иоаннша құштарлық”, симинорлы “Биік” мессалары терең мазмұнымен, музыкалық ерекшелігімен әлемдік музыка тарихында өшпес орын алды. Бахтың шығармалары Қазақстанның кәсіпқой өнер ұжымдары репертуарынан берік орын алған.

Шығарма бойынша жұмыс істеу.

Екі дауысты  «Инвенция»  F dur

-Оң қолымен, орташа екпінмен ойнап беру.

-Аппликатура байқауында.

-Сол қолымен ойнап, аппликатура бойынша талдау.

-Қиыншылық көрсетіп тұрған элементтерді талдау.

-Штрих бойынша жұмыс істеу.

-Жоғарғы дауыс бойынша жұмыс көрсету.

-Төменгі дауыс бойынша жұмыс көрсету.

-Аппликатура, штрих бойынша тексеру.

-Мұғалімнің көрсетуі бойынша тексеру.

-Дыбыс бойынша жұмыс істеу (терең).

-Меллизм бойынша талдау.

-Жұмыс бойынша қайталап ойнау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.Жаңа білім беру.

Қысқаша полифония тарихын әңгімелеп беру.

«Полифония» - грек сөзі, көп дауыс, деп аударылады. Полифонияның ең бірінші ерекшелігі. Имитация дегеніміз ұқсау (подражание) – деген латын сөзі. Полифонияның әрбір дауысы жеке боп есептеледі, әр дауыс ерекше және Бахтың ішкі дүниесінің ерекшелігін білдіреді. Бахтың полифониялық шығармашылығы жоғары жоғары бағаланады.

Бах «симфония» -  деп атап, 15 пьеса, үш дауыстығып жазады.

-И.С.Бахтың портретін көрсету.

-Оның шығармасымен таныстыру.

-Мұғалімнің шығарма көрсетуі, оны талдау.

И.С.Бахтың шығармаларын тыңдап үйрену.

  1. Двухголосная инвенция d moll.
  2. Трёхголосная инвенция С moll.
  3. Двухголосная инвенция B dur

Жаңа сабақты түсінгеннің тексеру кезеңі.

-Қай композитордың шығармаларымен таныстыңыз?

-Полифония дегеніміз не?

-Бахтың қандай шығармаларын білесіз?

Сабақты қортындылау:

Автор:
Гулнур Мукашева, фортепиано үйірмесінің жетекшісі. Сарқан қаласының Балалар шығармашылық үйі.