Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жастар жүлдесі құтты болсын!


23 сентября 2016, 10:40 | 472 просмотра



ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, «Шырақ» атты әлеуметтік, қысқаметражды роликтер байқауы Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мемлекеттік мекемесі, «Алматы облыстық  жастар ресурстық орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі және «Жас Отан» жастар қанатының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған болатын.

Байқаудың басты мақсаты -  өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік құндылыққа тарту, балалар, жасөспірімдер және жастар киноматографын жаңғырту, жас талантты авторлардың фильмдерін, анықтау және дәріптеу, байқау қатысушылары арасындағы  мәдени алмасуды дамыту. Жастар арасындағы жат мінез, суицид, нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Байқауға облысымыздың аудан, қаласынан 12 үміткер бақтарын сынады. Жалпы тақырып - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, сыбайлас жемқорлыққа, суицид, терроризм және экстремизм, нашақорлық, конституция күні. Байқауға қатысушылар аталған тақырыпқа сай өздерінің қысқа метражды роликтерін түсіріп, тақырыпты барынша мән-мағынасын мазмұнын аша білді. Байқаудың әділқазы мүшелер - «Хабар» агенттігінің тілшісі Т.Мыңжасар, «Нұр Отан» партиясы АОФ партиялық бақылау инспекторы Ж.Супабаев, «Қазақстан» ТРК тілшісі Қ.Серікхан, «Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметті» КММ басшысы Е.Үшақпаев, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры Б.Жаксикельдинов әр аудан, қаланың жұмыстарымен танысып, ортақ бір шешім қабылдап, қорытындысын шығарды.

Марапаттау рәсімінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрмұхамбетов Айдын Нұрмұхамбетұлы қатысушыларға ізгі тілегін айтып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қатысушыларды құтықтады. Байқаудың қорытысындысы бойынша, «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында Бас жүлдені кербұлақтық Мыңбаев Алмас Асқарұлы ие болды. Марапаттау рәсімінде Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының Нұрмұхамбетов Айдын Нұрмұхамбетұлы байқаудың жеңімпазын марапаттады.

Автор:
РУСЛАН БАЙЖАН, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының терроризмге қарсы мәселелері жөніндегі инспектор.