Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Түзету - дамыту сыныбындағы балалардың сенсорлық дамуын қалыптастыру


7 июня 2010, 15:47 | 10 380 просмотров



Мақсаты: Оқушыларға түстерді, уақыт өлшемдерін, заттың пішінін ажырата білуге үйрету.

Психокоррекциялық жұмыс арқылы балалардың сенсорлық дамуын арттыру.

Әдептілікке, ұстамдылыққа, бірін-бірі сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық фигуралар, жұлдызшалар, түрлі-түсті фишкалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық әдіс.

Сабақтың түрі: түзету сабағы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Балардың көңіл-күйіне назар аудару, психологиялық серпіліс.

1. –Балалар, бүгінгі сабағымызда әр түрлі ойындар мен жаттығулар орындаймыз. Өзімізді дамытамыз.

-Балалар, бүгін ауа –райы қандай? Сендердің көңіл-күйлерін қандай?

Өзімізді бағалап көрейік.

«Көңіл-күй гаммасы»

/Оқушыларға түрлі-түсті фишкалар таратылып беріледі, әр қайсысы бір-бірден таңдап алады. Оқушыларға сұрақ қойылады:

-Не себептен осы түсті таңдадың? Оқушылар өз ойларын айтады./

2. Дидактикалық ойын «Қай зат осы түске ұқсайды?»

Ойын барысы:

Оқушыларға суреттерді көрсетемін, суреттердің түсін айтқызамын. Осы суреттердің бетін жауып тастап, оқушыларға түрлі-түсті гүлжапырақтарының түссіз жағын көрсетіп, бір-бірден келіп суырып алуларын сұраймын. Оқушылар түсті жағын көрсетіп, түсті айтады. Мысалы: мынау-жасыл түс. Көрсетілген суреттердің ішінен есінде сақтап қалған осы түсті суреттерді атайды.

Түстері қызыл, жасыл геометриялық пішіндер. Олардың түстерін әртүрлі түске өзгерте аламыз. Ал, табиғат заттарының өздерніе тән түстері болады, оларды өзгертуге болмайды. Мысалы: қар-ақ, шөп-жасыл түсті, қысы-жазы бір түсті шыршаның түсі де –жасыл.

3.Түсті қабылдауға арналған тапсырмалар.

Осы тапсырманы орындата отырып, нақты әрі көтеріңкі дауыспен түсті атаймын. Осыдан соң оқушы суретті анықтап қарап алған соң, Қызыл түсті көбелектің қанатының ұшы қандай түсті? Ал сары көбелектің ше?

Оқушы түстің атауын игерген соң, тапсырманы күрделендіру қажет болады.

Дәл осылай қызыл, көк, сары тіктөртбұрыштармен сурет түстерін сәйкестендіруді тапсырамын. Ойын нәтижесінде оқушы түсті танып, ажыратып, есінде сақтайтын болады.

4. Естіп қабылдауды дамытуға арналған жаттығулар

«Тыңда, орында» жаттығуы.

Жаттығу барысы: Педагог бірнеше іс-әрекетті атайды, бірақ көрсетпейді. Оқушылар іс-әрекеттерді қимылмен көрсетіп орындайды.

1/ басыңды оңға бұр, алдыға бұр, төмен қарат, басынды көтер/.

2/ басыңды солға бұр, отыр, тұр басыңды көтер/.

5.Сезімталдықты дамытуға арналған жаттығулар

«Ғажайып дорба» жаттығуы

Әр түрлі заттар салынған дорбадан /ойыншықтар, геометриялық фигуралар, пластмассадан жасалған әріптер, сандар/ оқушы аты аталған заттарды дорба сыртынанан ұстап табуы керек.

6.Сергіту сәті: «Құмырсқа» жаттығуы

7.Көріп қабылдауды дамыту жаттығулары

«Не өзгерді?»

Жаттығу барысы: Оқушыларға бірнеше карточкалар /геометриялық фигуралар, заттардың суреттері, әріптер, сандар/ көрсетіледі. Педагог карточкаларды жинап алып, бір-екеуін алып тастайды. Оқушылар не өзгергенің табуы керек.

8.Уақыт өлшемін қабылдау

а/ Оқушыларға аптаның жеті күні жазылған парақтардың орындарын ауыстырып береді. Оқушылар рет-ретімен қоюы керек./бүгін сенбі, оқушы сенбіден бастап, күндерді рет-ретімен қойып шығады/.

б/ «Үндемес» жаттығуы

Құралдар: 7 бөлікке бөлінген шеңбер, әр оқушыға 1-7 дейінгі сандар жиынтығы.

Жаттығу барысы: Мұғалім аптаның 7 күніне бөлінген шеңберден аптаның күндерін көрсетеді, оқушылар сол күнге байланысты санды көрсетеді.

Бағалау: Балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсеттіңдер. /Оқушыларға бес жұлдыз таратып беру/, /мадақтау/.

Автор:
М.С.ИСАКАНОВА, №2 Қабанбай орта мектебі, мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі