Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Абайдың нақыл сөздерін білесің бе?


7 июня 2010, 15:48 | 5 076 просмотров



ДАНАЛЫҚ

«Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез тағы жат-надандықтың белгісі»..

***

Қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол-надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық

***

Надандық - ғылым-білімнің жоқтығы.

Залымдық – адам баласының дұшпаны.

Білімсіздік – хайуандық.

***

Өмір мұхит, уақыт толқын.

***

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

***

Дүние үлкен көл,

Заман соққан жел.

***

Адыңғы толқын ағалар,

Артқы толқын інілер.

Кезекпенен бөлінер,

Баяғыдай көрінер.

***

Пайда көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

***

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

***

Өмірдің алды ыстық, арты суық,

Алды ойын, артқы жағы мұңға жуық.

Автор:
Дайындаған. Сәбира Тәжібекқызы.