Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТАЗА СӘРСЕНБІ” КҮНІНЕ АТСАЛЫСАЙЫҚ


17 октября 2016, 09:30 | 410 просмотров



«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31- бабына және Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 3 наурыздағы «Ауданның елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру, және көгалдандыру көктемгі-күзгі екі айлығын өткізу туралы» №114 Қаулысына сәйкес Балқаш ауданының әкімдігі Қаулы шығарғаны белгілі.

Биылғы жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашаға дейінгі аралықта мекемелер, кәсіпорындар, мекеме қызметкерлері мен елді мекендер тұрғындарын бекітілген аумақтарды тазалау  мақсатында әр аптаның сәрсенбі күндері «Таза сәрсенбі» бірыңғай  санитарлық  күні  болып  белгіленді.

Бекітілген тапсырманың орындалуын бақылау мақсатында осы аптаның сәрсенбісінде ауданымызға арнайы іссапармен облыстық энергетика және тұрғын үй комуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Бауыржан Құрманғалиев, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Думан Жақанов, облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Алмаз Нақытбаев келіп, тазалық айлығы жұмыстарының атқарылуын бақылап  қайтты.

Ауданға атбасын бұрған  облыстық департамет жанынан арнайы құрылған бақылаушы топ мүшелерін аудан әкімінің орынбасары Бақытбек Рахымбаев қарсы алып, ауданда атқарылып жатқан тазалық жұмыстарының барысымен таныстырды. Аудандағы тазалық айлығының жүйелі атқарылуына жауапты мамандардың бірі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғалымбек Құлтаев, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Сания Дәнтаева, Бақанас орман шаруашылығының маманы Таңатжан Қалдыбеков  қонақтармен бірге сапарлас болды.  Ауданға арнайы келген аталмыш топ мүшелері бақылау жұмыстарын Бақанас, Ақдала ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыстық қалдық заттарын тастауға арналған қоқыс полигонынан бастады.

2006 жылы пайдалануға берілген жалпы аумағы 2 де 4 гектарды құрайтын қоқыс полигонына аталмыш ауыл тұрғындары күнделікті тұрмыстық қалдық затарын тастау барысында белгіленген аймақтан өзге жерлерге тастатпай, өз бақылауларына алуды Бақанас ауылдық округ әкімі Дархан Төлеубек пен Ақдала ауылдық округінің әкімі Әділғали Болатовқа бақылаушы топтың мүшелері жүктеді. Ал аудан әкімінің орынбасары Бақтыбек Рахымбайұлы полигон айналасының таза болып тұруы үшін арнайы  қоршау  салынатынын  сөзге  тиек  етті.

Арнайы құрылған бақылаушы топ мүшелері Бояулы ауылы мен Бақанас және Бақбақты ауылдық округтердің күзгі тазалық жұмыстарының  атқарылу  барысымен  танысты.

Алдағы уақыттарда әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері аудан көлемінде  сенбілік  өткізіліп  тұратын  болады.

“Аулаңдағы қоқысты аула сыртына тастағаның, ауылыңды ластағаның”. Осы қағиданы әрбір азамат ұмытпаса ауламыз көріктене түсері  сөзсіз.

Автор:
БШ ақпарат, Балқаш ауданы Ішкі саясат бөлімі тапсырысы бойынша


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто