Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Маңызы мол кездесу


17 октября 2016, 09:34 | 401 просмотр



«Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйытқы болуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынның «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» ІІ бағыты бойынша аудандық ІІБ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.  Кездесудің басты мақсаты -қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, құқық қорғау органдарының қызметін жақсартуға, сол арқылы оның беделін көтеруге, халықтың құқық қорғау органдары қызметіне деген сенімін қалай да арттыру. Алғаш болып сөз алған, «Нұр Отан » партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ж. Cаханұлы: «Бес институционалдық реформада кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында Елбасы нақты міндеттерді белгіледі. Ұлт көшбасшысы аталмыш құжат 100 қадамда ерекше кәсіби мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Бұл орайда сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігіне баса назар аударылды.  Оның ішінде, екінші реформа Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдарды айқындайды. Елбасымыздың дамыған отыз елдің қатарына кіру жолында жариялаған 100 нақты қадамында берілген тапсырманың бірі осы болатын. Ол үшін еліміздің құқық қорғау органдарына жауапты міндеттер жүктелді.» деп сөз cоңын түйіндеді.  Келесі болып, сөз кезегін алған аудандық ІІБ басшысы Б.М. Сағанбекұлы өз сөзінде:  — Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау – ортақ міндет екендігін, заңға деген талап қатал болу керектігін айтып өтті. Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты. Жиын қорытындысы бойынша Елбасы нақтылаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынның «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» ІІ бағыты толығымен зерделеніп жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын күшейту қажеттігі аталды.

Автор:
Айгүл Қуанышева «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының консультанты