Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Журналист көп, дайындайтын маман аз...


17 октября 2016, 03:45 | 1 800 просмотров



Қазіргі таңда ерекше айтылатын, қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистика мамандығына деген жастар қызығушылығының көптілігі көңілді қуантады. Бірақ, сол журналистерді дайындайтын маманның жетіспеушілігі аса мән беретін тақырыптың бірі болып тұрғандығы . Сол себепті, біз осы мамандықтың қыр-сырымен танысып, өз білгенін білімгерлерге үйретіп жүрген Жетісу Мемлекеттік Университетінің аға  оқытушысы- Айбек Тұрғанбекұлымен сұхбаттасқан едік...

- Журналистикаға қалай келдіңіз?

-Журналист болу бала кезден арманым болды.  Сол арманның жетегімен   2007 жылы Қазақ Ұлттық Университетіне барып, журналистика мамандығына оқуға тапсыруға бел байладым. Бірақ біз келген кезде, оқуға қабылдау аяқталып кетіпті, үлгермей қалғанымды естіген кезде, қабылдау комиссияның алдында тұрып жылағаным әлі есімде. Бірақ әкем  деканға кіріп, түсіндіргеннен кейін, 110 балл жинап грантпен  мен оқуға қабылдандым. Ол уақытта кафедра деканы  қазақ журналистикасының маңдай алды тұлғасы, қазақ публицистикасында өзіндік орны бар – Бауыржан Жақып деген кісі болды. 2007-2011 жылға дейін университетте өз арманымның орындалуы жолында бойынша білім алдым. Менің ойымша адам армандауы керек. Арман алдамайды дер едім... Білім ордасында жүріп, көптеген мықты -мықты қазақтың маңдай алды, бір туар тұлғаранынан, профессорлардан, сабақ алдым. Мысалға айтар болсақ, Бауыржан Жақып, Кәкен Хамзин,   Құдайберген Тұрсын, Ә. Марқабаев т.б. Оқуды 2011 жыл бітіргеннен кейін, жеке меншік газеттерде, «Жас Қазақ» газетінде біраз уақыт жұмыс атқардым. Бір жыл өткеннен кейін, журналистиканың магистратурасына оқуға түсуге деген құлшыныс пен қажеттілік туындады. Оқып бітіргеннен кейін, осы Жетісу Мемлекеттік Университетіне оқытушы болып жұмысқа орналастым.

-  Айтып отырсыз, «арманым журналист болу еді »- деп. Неге оқытушылыққа кеттіңіз?

- Журналист болып жұмыс істеп жүрген кезімде түсінгенім, бізде қазір өз мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрген журналистер өте көп екен. Бірақ сол тілшілерді болашақта бәсекеге қабілетті маманретінде  дайындайтын адамдардың аз екенін көргеннен кейін, Неге ұстаз болмасқа? деген сұрақ туындады. Және алғашқы мамандығым мұғалім болғандықтан да осы салада жұмыс істейін деп алдыма мақсат қойдым.

- Жалпы еліміздегі білім саласындағы реформалар жайлы не айтар едіңіз?

- Бұл жасалып жатқан реформалардың барлығы да білім және ғылым министрлерінің ауысуымен байланысты. Әр басшы келген сайын, өз жаңалығымен, өз бағдарламасымен келеді. Сол себептенде жаңа реформалар енгізіліп жатыр. Мектеп қабырғасындағы реформаларды алар болсақ, ішім ашитын бір нәрсе, мұғалімдердің жұмысы көбейіп, қағазбастылық құтылуға талпынған сайын, керісінше сол жаққа бет алып жатқан сияқты. Оқушыларға бөлінетін уақытының көп бөлігін, есеп тапсыруға жіберіп жатқан сияқты.

Ал, жоғарғы оқу орындарында болып жатқан өзгерістер көп деуге келмес. Мысалға, ҰБТ айтуға болады. Тестілеуді алып, оның орнына кеңес заманындағы сияқты емтиханды еңгізді. Мұны кейбірі қолдаса, кейбірі қолдамайды. Екінші айтар, бұл «Болашақ» бағдарламасы жайында.«Болашақ» Президенттік бағдарламасының қайта бағдарлауы болып табылады. Бұрын бұл бағдарлама шетелдік ЖОО бакалаврын дайындауға бағытталған еді. Енді Қазақстанда өзіміз де жоғары деңгейде дайындауды үйреніп жатыр.  Сондықтан «Болашақ» бағдарламасы жоғары деңгейдегі магистрлар мен PhD докторлары мамандарын дайындауға, сондай ақ мамандарды тағылымдамадан өткізуге бағытталған.   Ғылыми дәрежеге кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері тіпті, әртістер де ие болып жатты. Енді PhD дәрежесін алу дайын диссертацияны жай көрсету ғана емес, ЖОО күндізді оқу бөліміне сәйкес білім алуы қажет. Сондай ақ қазіргі таңда PhD докторы тек ғылым мен білім саласында жұмыс жасауға бекітілген.

-Бүгінгі қоғамдағы «үш тұғырыл тіл»  туралы не ойлайсыз?

- Үштілділік жөнінде Елбасымыз “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар ағылшын тілін тек ЖОО ғана емес, мектеп қабырғасынан бастап үйренуді қолға алып отыр. Бұл да дұрыс. Бірақ  бастауыш сыныптарда қазақ тілімен сабақ өткізіп, тек 5-6 сыныпқа барғанда ғана ағылшын тілді қосса. Бұл саясат Жапония елінде де жүзеге асырылады. Ол мемлекетте 12 жасқа дейінгі балалардың барлығы өз тілінде білім алады. Содан кейін ғана басқа тілдерде оқиды. Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - Қазақстанның әрбір азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек.Абай атамыз «Сен көп тілді үйренсең, басқа ұлтқа сіңіп кету үшін емес, өз ұлтыңды басқа жұртқа таныту үшін үйренесің » деген екен. Осыны жадымызға түйсек деймін...

- Көптілділіктің журналистерге пайдасы?

- Журналистер үшін көп тіл білу өте маңызды. Әлем жаңалықтарын халыққа жеткізетін осы журналистер болғандықтан, көп тіл білу керек. Сонымен қатар, бұл еліміздің журналистикасын көтермесе, кемітпейтіні анық.

- Жетісу Мемлекеттік Университетіндегі журналистика жайлы не айтасыз?

- Алғаш 2009 жылдан бастап, Қазақ филология кафедрасымен бірге жұмыс істеп келдік. Тек 2015 жылдан бері ол кафедрадан бөлініп шығып, жеке кафедра болды. Бірақ, ол жақтан шыққанымызбен қазіргі таңда, орыс тіл кафедрасымен жұмыс жасап отырған жайымыз бар. Бұған басты себептің бірі, маман тапшылығы. Мысалы, кафедра ішінде оқытушылардың саны 4 магистр, 1 докторант қана. Бірақ соған қарамастан, айтатын жақсы жаңалықтар да аз емес. Мысалға, «Жетісу Университеті» газетімен, Телестудиясының жұмыс істеп тұрғандығы көңілге демеу. Ол жердегі атқарылып жатқан жұмыстардың көбі, студенттердің еңбектері. Редакцияда Үсен Өмірзақов, Тұрлыхан Кәрім, Баян Жаңабаева сынды мамандар жұмыс жасап жатса, телестудияда Баян Шаянбаева, Самал Аширбекова әпкелеріміз білімгерлердің тәжірибе жинауда көп көмектесуде.

- Сіздің ойыңызша, қазіргі журналист қандай болу керек?

- Ең біріншіден, әрине, көп тілді меңгере білуі керек әрі әмбабап. Журналист ол қандай мамандыққа болмасын хабардар, жан-жақты болуы шарт.Сонымен қатар, журналистің өзіндік этикасы, имиджі, жеке ойы болуы керек.Тез , шапшаң, жалпақ тілмен айтқанда пысық болу керек деп есептеймін. Шапшаңдық бұл жаңалықты тез алу, тез көрерменге, оқырманға жеткізуде ең бастысы. Сондай-ақ,  өз елінің тарихын жете меңгерген болса, басқа халықтың  дәстүрін де, тарихын да, мәдениетін де меңгерсе, міне нағыз бәсекеге қабілетті журналист деп  айтуға болады. Журналистің тағы бір қасиеті болу керек деп есептеймін. Ол-оқырманына немесе көрерменіне барынша шындықты, ақиқатты айта білгендігі.

- Жетістіктеріңіз жайлы айтып өтсеңіз?

- Мен үшін жұмысым мен шығармашылығым –қос қанатым іспеттес. Қазақ қара өлеңді қастерлейтін халық қой. Шығармашылық жолым, Алматыға келген жылдан басталды. Арманымды жүзеге асыруда  композитор Арман Дүйсеновпен пен Сиви Махмудидің үлесі өте зор десем артық айтқандығым емес. Қазіргі таңда 30 шақты әннің авторымын. Мысалға, Бейбіт Қорғанның «Жан Ана» деген өлеңінің сөзі менің алғашқы туындым десем болады. Сонымен қатар, Құдайберген Бекіш ағамызбен, Сиви Махмудидің топтарымен, Ерлан Орынбасаровпен т.б. өнер адамдарымен біраз жұмыс істедім. Және тағы бір мақтанышпен айтатыным, шәкірт тәрбиелеймін. Еркебұлан Кенеханов деген жігіт, жақында ғана шыққан Қайрат Нұртастың «Жұбатуға арналады бұл әнім» деген өлеңінің сөзін осы бауырым жазды. Сонымен қоса «Өкпелей берші», «Бәрі де бекер» сынды біраз өлең сөздерінің авторы атанды. Менің ойымша ұстаздан –шәкірт озды деген осы болар. Мен ол жігіт үшін өте қуаныштымын. Бір жанның болсын шамшшырағын жақтым деп есептеймін.

Бірінші жетістігім деп айтарым, осы университетке келіп ұстаз атаңғандығым. Екі жыл бұрын Астана қаласында өткен радиофестивальдің Патриоттық әндер бөлімі бойынша, «Мәңгілік ел» деген өлеңіммен лауреат атанып қайттым. Бірақ, мұнымен тоқтап қалмай, алда талай жетістерге өз білімгерлеріммен жетсем деген арман, мақсатым бар...

- Мақтан тұтатын білімгерлеріңіз бар ма?

-Ия, ең алдымен айтатын білімгерім ол –Асыл Сұлтанғазы. Қазіргі таңда «Жетісу» газетінде жұмыс атқарып жатыр. Мықты ақын. Өз басым «Екінші Мұқағали» деп атаймын. Себебі, Мұқағалиға еліктейді, бет-бейнесіде сол ақын сияқты сұсты болса да, жүрегі жылы ақын. Және Еңлік Қабдеш деген студентіміз Көксу аудандық газетінде тілші. Содан кейін телеарналарда жұмыс жасап жүрген қыздарымыз Маржан Жұмабек, Сабина Қалибекова,Салтанат Спандиярова, Аида Жақсыбаеваларды атап айтуға болады. Және де Спорт журналистикасын болашақта жарыққа шығарады деген сеніммен – Серік Қантаевты айтар едім...Осы беттерінен таймай жұмыс атқарыла берсе, алдағы уақытта ЖМУ-де мықты мықты мамандар шығады деген сенімдеміз...

-Уақытыңызды бөліп, Сұхбат бергеніңізге, рахмет!!!

Автор:
Аймарал ДАУЛЕТБЕКҚЫЗЫ