Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: Кербұлақ тынысы

Ортақ шаңырақ аясында


28 октября 2016, 04:09 | 1 621 просмотр


 Жақында «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесі «Ортақ шаңырақ аясында» деген атпен облыстық фестиваль өтті.

Байқаудың мақсаты «Тарихтағы, әдебиеттегі, өнердегі ана бейнесі» адамгершілік, отбасылық құндылықтарды сақтаудағы ананың орны анаға саналы түрде құрмет пен махаббат сезімін қалыптастыру, аналар кеңесінің облыс бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Облыс бойынша Ұлы аналардың өмірбаяндарымен танысу, отбасы тәрбиесіндегі ананың орнын анықтау және шығармашылықпен қызмет ететін аудандық Аналар кеңесін анықтау мақсатында өткізілді.

Байқау екі номинация бойынша өтті. Алғашқысы «Ең маңызды альбом» номинациясы оған аудандық аналар кеңесінің жұмысы туралы портфолио: суреттер, таблицалар, баспасөз материалдары, сценарийлер кіргізілді және байқау жұмысын сауатты әрі эстетикалық түрде рәсімдеу керек болатын.  Екінші номинация «Ең үздік сахналық көрініс» бойынша өткізілді.  Ұлы Ананың образын 3-5 минут аралығында сомдау.

Биыл Күреңбелдің батыр қызы Зылиха Тамшыбаева апамыздың 80 жылдығы аталып өтуде. Зылиха апамыздың алғашқы еңбек жолының сценарийін жазған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақбасова Ғалия Ниязқызы, аудандық кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері: қоюшы режиссер - Әділжан Әділхан, музыкамен көркемдеуші – Жанғазы Жексенбаев, рольдерде: әкесі - Әуезхан Доспанбетов, апасы – Алтыншаш Мұйтынова,  Зылиха – Анар Құдайбергенова, колхоз председателі – Ердәулет Нұрпейсов, Нұршатай - Әйгерім Исембаев, құрбы қыздар – Анар Жұмабаева, Гаухар Болатбекова, жігіттер – Оралбек Тұрысбеков, Мәулеш Әбжаппаровтар образдарды шебер сомдап шықты.

Облыс орталығында өткен «Тарихтағы, әдебиеттегі, өнердегі ана бейнесі» атты байқау тартысты өтті. Әр ауданнан жүзден жүйрік – мыңнан тұлпарлар қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша біздің аудан Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының І-дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықтарды қанжығаларына байлап, мерейлері үстем болды. Алған марапаттарыңыз құтты болып, еңбектеріңіз жана берсін.

Автор:
Аңсаған АСАНҚЫЗЫ.