Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жан мейірі» акциясы ұйымдастырлды


28 октября 2016, 10:10 | 391 просмотр



«Нұр Отан» партиясының Кербұлақ аудандық филиалының ұйытқы болуымен, «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жан мейірі» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шара - үлкен қамқорлық пен көңілді қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау, мүмкіндігі шектеулі жандардың қал-жағдайларын білу мақсатында ұйымдастырылған болатын. «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы аппаратының қызметкерлері және аудандық аурухананың бала дәрігері Райхан Сейілбекқызы, медбикелер Фариза Сатыбалдықызы, Раматова Айгүл, Сарыөзек ауылында орналасқаң мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «№9 психологиялық- педагогикалық» Коррекциялық орталығына барып, орталықтың жұмысымен танысып, балалардың қал жағдайларың біліп қайтты. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға үкімет тарапынан бөлінген тегін дәрі-дәрмек пен түрлі дәрумендер берілді. Балалардың денсаулықтарын тексеріп, сыйлықтар тапсырып, көнілдерін көтеріп қайтты.

Автор:
Айгүл Қуанышева «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының консультаны