Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жолда қабылдау» акциясы


28 октября 2016, 10:11 | 346 просмотров



«Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы мен аудандық ІІБ-нің жол патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акцияға жол көлік жүргізушілері бір кісідей атсалысып, акцияға қатысушыларға құқықтық және консультативтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол полиция қызметкерлерінің жолда қабылдауы, себепсіз тоқтатуы, жемқорлыққа жол берілмеуі туралы сауалнамаға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті, ұсыныстар айтылды. Акцияға барлығы 49 жүргізуші қатысып, сауалнаманың сұрақтарына нақты жауап берді. Көпшілігі жол патрульдік полиция қызметкерлеріне көңілі толатынын айтты.

Автор:
Айгүл Қуанышева «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының консультаны