Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АУДАН ӘКІМІ ҒАЛЫМ ТОҚПЕЙІСОВТЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДА ЖАСАҒАН БАЯНДАМАС


28 октября 2016, 10:13 | 493 просмотра



Осы аптаның жұмасы күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының Балқаш ауданында жүзеге асырылуы» тақырыбында көшпелі  баспасөз  мәслихатының  отырысы  болып  өтті.

Баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов аудан көлемінде атқарылып  жатқан  қыруар  шаруадан  журналистерді  хабардар  етті.

Көшпелі баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өз жұмыстарын «Динара-Ранч» ЖШС-гінің мал бордақылау кешенін аралаудан бастады. Бұдан соң Бақбақты ауылындағы Мәдениет үйіндегі арнайы ұйымдастырылған іс-шараның куәсі болды. Осыдан кейін аудан орталығындағы «Өтес» күріш зауытына атбасын бұрып, аталмыш зауыттың жұмыс барысымен танысты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Бояулы ауылындағы медіресені көріп, одан кейін «Өтес Био Азия» ЖШС-гінің мал сою алаңына аялдады.

Ауданның тыныс-тіршілігімен етене танысқан журналистер қауымы аудан әкімімен өткізген баспасөз мәслихатында өздерін толғандырған көкейкесті мәселе жөнінде сұрақтарын қойып, оған лайықты жауаптар алды.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес Балқаш ауданында 19 қадамы бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама біздің қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елімізді дамыған отыз мемлекеттің қатарына жетелейтіні анық. Атаулы құжатта әрбір қазақстандықтың мүддесі қозғалған. Кәсіби мемлекет, қызмет, бизнес құрудың жолдары көрсетілген.

Бүгінгі брифинг барысында осы маңызды құжат аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндайтын боламын.

Бірінші реформа. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» (1-15 қадам).

Бұл бағытта 6 қадам жүзеге асуда. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін құрудың мансаптық жоғарылату приципі енгізілген. Оның аясында бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің жеке іскерлік қасиеттері, сонымен қатар сатылық жоғарылату үшін төменгі лауазымдардағы тәжірибесі қойылған. Мемлекеттік қызметке жаңа келгендер міндетті түрде сынақ мерзімінен өтеді. Жыл басынан төменгі лауазымдарға 11 жалпы конкурс өткізілді. Сынақ мерзімінен 3 мемлекеттік қызметші өтуде. Жоғарғы мемлекеттік лауазымға орналасу үшін 23 ішкі конкурс өткізіліп, 10 мемлекеттік қызметкер қызметке қабылданды. Атап айтқанда, аудан әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімі апаратының жалпы бөлімінің басшысы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық қаржы бөлімінің басшысы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі және Жиделі ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы қабылданған. Өткізіліген конкурстардың тазалығы мен өзектілігін қаматамасыз ету үшін конкурстық комиссия отырыстарында бақылаушылар қатысуда. («Нұр Отан» партиясы, бұқаралық ақпарат, үкіметтік емес және қоғамдық ұйым өкілдері).

Тоғызыншы қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді ұдайы үш жылда бір рет оқыту бекітілген. Бекітілген кесте бойынша жыл басынан 17 мемлекеттік қызметші оқыса, жыл аяғына дейін 3 адам оқудан өтуі жоспарланып отыр.

13-қадамға сәйкес жемқорлық қатеріне сараптама жасау жөнінде іс-шаралар жоспары және жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында жемқорлықпен күрес жөнінде жоспар бекітілген. Барлық мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылып, ақпараттық құралда арнайы айдарлар ашылған. Жергілікті «Балқаш өңірі» газетінде жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жөнінде 24  мақала жарияланды. Жыл басынан бұл бағытта аудан әкімдігінің ұйымдастыру, мемлекеттік құқық бөлімі, ішкі саясат бөлімі және Мемлекеттік қызмет істері Алматы облысы бойынша департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен Бақанас ауылында мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері арасында 5 семинар, 7 кездесулер өткізілді, жалпы қатысушылар саны – 1800 адам.

ЕКІНШІ РЕФОРМА. «ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» (16-34 қадамдар). Бұл бағытта екі қадам жүзеге асырылуда.

30-шы қадамын орындау барысында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын атқаруда. Балқаш АІІБ-нің Жергілікті полиция қызметінің штат кестесі бойынша барлығы - 26 қызметкер.

Оның ішінде: 1 Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, 1 Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, 13 учаскелік полиция инспекторлары, 4 ювенальды полиция тобының инспекторлары, 1 табиғат қорғау полициясының инспекторы, 1 әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы және 5 жол патрульдік полиция тобының қызметкері бекітілген. Есепті мерзім ішінде биылғы жылы аудан көлемінде 203 (2015-194) қылмыс тіркелген. Осы кезеңде аудан көлемінде криминогендік жағдай жалпы тіркелген қылмыстардың саны - 4,6 пайызға жоғарлаумен сипатталады. Есепті мерзім ішінде аудан көлемінде 2323 әкімшілік құқық бұзушылық әшкереленген, ал 2015 жылы 2283 әкімшілік хаттама толтырылған. Осы есепті мерзімде 987 азаматқа – 8 963 128 теңге айыппұл салынып, оның 637 азаматтан – 6 055 821 теңге өндірілді. Барлығы – 67,6% құрайды. Аудан тұрғындарын хабардар ету мақсатында аудандық «Балқаш өңірі» газетіне «ТӘРТІПСІЗДІК ПЕН ҰСАҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ ЖОҚ» тақырыбында  2  мақала  жарияланды.

ҮШІНШІ РЕФОРМА. «ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ» (35-84 қадамдар) бойынша 12 қадам жүзеге асырылуда.

35 ҚАДАМ. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу. 2016 жылы ауылшаруашылық мақсатында жер телімдерін пайдалануға беру туралы 1 конкурс өтіп, қорытындысында 7808 га жерді құрайтын 31 жер телімі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Ауылшаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына конкурс өткізу арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беруді қарастыратын, «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленіп, қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде. Осы бұйрық қабылданғаннан кейін жер учаскесін бөлу сауда-саттық (конкурстар, аукцион) арқылы берілуі мүмкін.

36 ҚАДАМ. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.

Ауданда ауылшаруашылық және басқада жер телімдерін пайдаланбай немесе иесіз бос қалдырған шаруа қожалықтардың жер телімдерін түгендеу жұмыстарын жүргізіп, олардың жер телімдерін қайтару жұмыстары үнемі жүргізіліп, бақылуға алынып отырады. 2015 жылы аудан бойынша барлығы 4334,5 га жердің пайдаланылмағандығы анықталып, оның ішінде 1646,5 га жер телімі қайта пайдалануға кіріскен, 2234 га жер мемлекет меншігіне қайтарылған, 454 га жер теліміне Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан 79280 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан қосымша 5738 га жер көлемін құрайтын 9 шаруашылыққа тексеру жүргізіліп, 8 шаруашылыққа 634240 теңге айыппұл салынып, 1 шаруашылыққа ескерту берілген. Сонымен қатар 2016 жылдың 29 наурыздағы №22-ө санды өкіміне сәйкес аудан бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты жұмыс тобы құрылған. 2016 жылы өз еркімен және соттың шешімдерімен 1446.6 га жер телімін құрайтын 6 шаруашылықтың жер телімдері қайтарылды. Ауылдық округтер әкімдіктеріне ҚР «Жер Кодексінің» 92 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелеріне анализ жасап, ауылшаруашылық малдары тіркелмеген, шаруа қожалықтары бойынша мәліметтер жиналып, қазіргі таңға пайдаланусыз қалдырылған жер телімдерін қайтаруға жұмыстар жоспарлануда.

56 қадам.Кәсіпкерлік саласы бойынша кәсіпорындар құру туралы.

Осы қадамды жүзеге асыру бағытында жергілікті органдардың міндеті инвестиция тарту болып табылады. Осы бағдарлама бағытында Ақжар ауылдық округінде «Жақсылық» шаруа қожалығы 3500 бас ірі қара малын бордақылауға арналған алаңын, жалпы құны 850,0 миллион теңгеге салу жоспарлап, жүзеге асыруда. Бақбақты ауылдық округінде сүт-товарлы кешенің 100,0 миллион теңге көлемінде салу жобасы жүзеге асырылу туралы келісім жасалды. Аудан экономикасына 2016 жылдың 9 айы көлемінде 766,5 миллион теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 108,8 миллион теңге, жеке меншікті қаражат есебінен 657,6 миллион теңге. Қарой ауылдық округінде орналасқан «Рахымберлі» ЖШС-гі 2015 жылы жалпы құны 248,0 миллион теңге тұратын қамыс өңдеу зауытын Ресей мемлекетінде жасалған құрал-жабдықтардан іске қосты. Сол сияқты өткен жылы Бақанас селолық округінде жеке кәсіпкер Рысбике Амантаева өз қаражат есебінен «Ақ-Отау» тойханасын ел игілігіне ашты.

60 қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ.

Негізгі міндет: үш жыл мерзімінде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету.

Аудан көлемінде 9 ай ішінде 11400 тонна сүт сауылған. Сүт өнімдерінің өндірісінің дамыту мақсатында Бақбақты ауылында орналасқан «Әсем» шаруа қожалығы 100 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар «Аңсар» және «Ынтықбай» шаруа қожалықтарында сүт қабылдау пунктерінің құрылысы жоспарлануда.

61 қадам.  ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.

Аудан көлемінде ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында мал шаруашылығы саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда «Өтес Био Азия» ЖШС-гі және «Динара Ранч» ЖШС-гі иеліктерінде әр қайсысында 5000 басқа арналған ірі қара мал бордақылау кешендері жұмыс атқарып тұр. Аталған кешендерде бүгінгі күнге дейін 13200 бас ірі қара малының бұқашықтары бордақыланса, «Бірлік» агрофирмасында 200 бас ірі қара малы бордақыланып, ішкі нарыққа жыл басынан 1038 тонна сиыр еті өткізіліп, ақшаға шаққанда 1141,8 млн теңгені құрады. Ал 9 ай уақыт ішінде 10800 тонна тірі салмақта ірі қара мал еті өндірілді.

Сонымен қатар Жақсылық Үшкемпіровтың иелігіндегі «Жақсылық» шаруа қожалығында мал бордақылау жұмыстары жолға қойылып, Қырғызстан Республикасына 80 тонна ірі қара мал етін экспорттады. Мұның сыртында Береке ауылында орналасқан «Дархан» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 12 млн теңгеге, 200 бас ірі қара малын бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде.

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және агро өнеркәсіп кешені өнімдерін өндіру, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану жобасы бойынша «Жанұялық бордақылау алаңдары» бағдарламасының аясында Бақбақты ауылдық округінде «Игілік 2009» шаруа қожалығы 30 басқа, жеке кәсіпер «Кәусар» 50 басқа, Бақанас ауылдық округінен «Аңсар» шаруа қожалығы 40 басқа арналған жанұялық бордақылау алаңдары жұмыс жасауда.

76 қадам. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЕНГІЗУ.

12 жылдық оқыту үлгісіне көшу 2019 жылдың 1 қыркүйегінен көшу жоспарланып отыр. Ауданда 12 жылдық оқыту үлгісі Қазақстан Республикасының тұжырымдамасына сәйкес «0-сынып + 11-сынып» формуласымен енеді.

12 жылдық білім беру жүйесін енгізу туралы құжаттамаларды таныстыру мақсатында мектеп басшыларына «12 жылдық білім беру жүйесі. Ерекшеліктері. Болашағы»,қазақ тілі пәні мұғалімдері арасында «12 жылдық білім беру жағдайында қазақ тілі пәнін оқыту жолдары», орыс тілі мен ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тілдерді оқыту жолдары» тақырыптарында арнайы семинарлар өткізілді. Семинарларда білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы 5 күндік оқыту жүйесіне көшудің тиімділігі, дүниетану, жаратылыстану пәндерін оқытудағы өзгешеліктер, ағылшын тілі пәнінің 2 сағаттан оқытылуы, пәндердегі тақырыптық сабақтастық т.б. ерекшеліктер түсіндірілді. Сондай-ақ Дербес білім беру ұйымдарының І (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдері осы кезге дейін апробация өткізілген білім беру мекемелерімен желілік байланыс орнатуда. Педагог кадрларды кәсіби даярлауда және кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында аудан орталығы – Бақанас ауылында көшпелі курстар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, 25 бастауыш сынып, 21 орыс тілі, 21 ағылшын тілі және 42 өнер бағытындағы пән мұғалімдеріне 12 жылдық білім беру жүйесінде білім беру ерекшеліктері оқытылуда.

Биылғы жылы аудан білім мекемелерінде 34 сынып – комплект 1-сынып бар. 608 оқушы білім алуда. 1-сыныпты оқытатын 41 мұғалім арнайы курстан өтті. Сондай-ақ, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні және көркем еңбек, музыка пәні мұғалімдері де оқытылды. Өткізілген курс материалдары бойынша барлық мұғалімдер «Мұғалімдер білімін өлшеу орталығы» мамандарының қатысуымен өткізілген тест сынағынан 100 пайыз өтті.

79 қадам. ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН  ТІЛІНДЕ  ОҚЫТУҒА.

Кезең-кезеңмен көшу мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде аудан мектептерінде осы бағыттағы пәндерді жүргізілетін мұғалімдерге зерттеулер жүргізіліп жатыр. Соның бір критерийі – мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру деңгейі. Барлық білім мекемелерінде мектеп мұғалімдеріне қосымша ағылшын тілін оқыту ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне жүктелген.Олардың ағылшын тілін меңгеру деңгейіне аралық бақылаулар жүргізілетін болады.

Қазіргі кезде осы бағытта психологиялық дайындық мақсатында тренингтер, семинарлар, коучингтер өткізілуде. Педагог кадрлар сапасын арттыру мақсатында талдау, талқылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектептерде ағылшын тілін оқытуды жетілдіруге қажетті материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары да қамтылуда. Сонымен бірге биылғы жылы Алматы облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында өткізілетін курсқа баратын мұғалімдердің мәліметтері жинақталып, жіберілді. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне ауданның білім мекемелеріндегі жаратылыстану пәні мұғалімдері дайын болады.

80 қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. 2017 жылдан бастап, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмысы басталады. Бұл шараға ауданымызда дайындық жұмыстары толық жүргізілуде. Аудан әкімдігі, медицина және әлеуметтік мекемелермен бірлескен комиссия құрылып, жұмыс жоспары әзірленді. Қараша айында медицина қызметкерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан оқыту жоспарға қойылған. Осы бағыттағы жұмыстарды халыққа түсіндіру мақсатында ақпараттық жадынамалар мен әдістемелік құралдар әзірленуде.

84 қадам. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ.

«Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуішартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады.

Шартты ақшалай көмек (ШАҚ) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

Ауданымызда бұл жобаға 2016 жылға қаражат қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы азаматтардың ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында «Өрлеу» жобасының аудан деңгейінде мобильдік тобы құрылып, құрылған мобильдік жұмыс тобының аудандық-түсіндірмелік жұмыстар айлығының іс-шаралары бекітілді.

«Өрлеу» жобасын халыққа түсіндіру негізінде аудандық газетте 2 мақала жарық көрді. Мобильдік тобымен өткізілген жиынға аудандағы барлық 19 ауылдық округ мамандары, жұмыссыз азаматтар, аз қамтамасыз етілген отбасыларының мүшелері қатысты. Аудан бойынша 1819 жұмыссыз азаматтар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларының мүшелерімен түсіндірмелік жұмыстар өткізілді. Түсіндірме жұмыстары қазіргі уақытқа дейін жалғасын табуда.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленеді. Атаулы әлеуметтік көмекке 2016 жылға қаралған қаржы 102,0 мың теңге. Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасылар тіркелмеген.

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 2016 жылға 20 471,0 мың теңге қаралып, 239 отбасына немесе 928 балаға 15 009,1 мың теңге төленді.

Аудан бойынша облыс әкімінің  грантымен оқитын 3 студентке 2016  жылға  2 021,0 мың теңге қаралған, қазан айында төленеді.

Аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 185,0 мың теңге коммуналдық көмекке қаржы қаралып, 146,2 мың теңге төленді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай 2 ардагерге 300,0 мың теңге қаралып, игерілді.

Ауған соғысының 21 қатысушыларына, ауған соғысында қайтыс болған 2 жауынгердің отбасына, Чернобыль апатынан зиян шеккен 1 отбасына барлығы 605,0 мың теңге қаралып, барлығы игерілді.

Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегіне 2016 жылға 5241,0 мың теңге қаралып, 134 отбасына 4620,0 мың теңге төленді.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларға аудандық әкімдіктің қаулысына сәйкес әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Бұл мақсатта 2016  жылға мүмкіндігі шектеулі балаға үйде оқытылғаны үшін 865,0 мың теңге қаралып, 18 балаға 521,8 мың теңге төленді.

Әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын сатып алуға берілетін біржолғы көмекке 15271,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.

Аудан бойынша туберкулез індетімен ауыратын азаматтарға әлеуметтік қолдауға 1051,0 мың теңге қаралып, 18 адамға 774,0  мың теңге төленді.

Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету. Аудан бойынша 78 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Облыстық басқармадан 11 кресло-коляска бөлініп, кезекте тұрған мүгедектерге таратылып берілді. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге 1 азаматқа жолдама берілді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 38 балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 26 мүгедектің жеке көмекшісінің еңбекақысына - 11017,0 мың теңге, 70 мүгедекке гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге - 8644,0 мың теңге және инватакси қызметіне - 3404,0 мың теңге, барлығы – 23065,0 мың теңге қаралып, оның 15207,0 мың теңгесі игерілді

ТӨРТІНШІ РЕФОРМА «БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК» (85-90) қадамдар

85-қадам. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.

Аудан бойынша желілік кестеге сай кездесулер, дөңгелек үстелдер, спорттық ойындар мен жарыстар, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілуде. Атап айтқанда: «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты акциясы, «100 нақты қадам – ел болашағының тұғырнамасы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Шаңырақ - Мәңгілік Елдің тұғыры» атты суретшілер байқауы, «Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз!» атты іс-шаралар өткізілді.

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша аудандық «Балқаш өңірі» газетінде тақырыптық 12 мақалалар жарияланды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жыл басынан патриоттық ән және көркемөнерпаздар байқаулары, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізілді. Ауылдық округтер бойынша «Мәңгілік ел» тақырыбынада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланыстыра отырып 15 көрнекі-үгіт құралдары орнатылды.

86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ-ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру бағытында облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына 2 жанұя қатысып, облыс әкімінің сыйлығымен марапатталып қайтқан болатын. «Отбасы күніне» қатысты аудан орталығында тақырыптық баннер орнатылып,  отбасы құндылығы бойынша 9 іс-шара ұйымдастырылып, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ауылым-алтын бесігім!» атты форум жұмысына қатысты. Философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясы аудан орталығы Бақанас ауылында 5 тамыз күні өткізілді. Қазан айында өткен «Ортақ шаңырақ аясында» атты облыстық фестивальге ауданымыздан да үміткерлер қатысып қайтқан болатын.

88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, жалпыға ортақ  еңбек идеяларын  ілгерілету.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту мақсатында «Еңбек күні» мерекесін өткізу іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Еңбек жолы» конкурсы ұйымдастырылды. Ауылдық округтер және мекеме, кәсіпорындардан қатысушылар іріктеліп, жеңімпаздар облыс деңгейіндегі конкурсқа үш номинация бойынша: «Үздік еңбек әулеті» – номинациясының жеңімпазы Бірлік ЖШС-ның механизаторлары, «Өндірістің үздік жас жұмыскері – номинациясының жеңімпазы Құйған ауылындағы «Рыбпром ЖШС-ның балықшысы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - номинациясының жеңімпазы Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі ұсынылды.  Еңбек күні логотипімен бір баннер дайындалып, аудандық мәдениет үйіне орналастырылды.

Жергілікті «Балқаш өңірі» газетіне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бағыттары бойынша ақпараттар мен хабарламалар тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Балқаш аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында тамыз айының 1-і күні «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен бірге Балқаш ауданының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен және жұмыс іздеуші тұрғындар арасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бағыттары бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, түсіндірме жұмыстары атқарылды.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы арқылы құрылған ақпараттық-насихат тобымен бірлесіп тамыз айының 2-сі күні Ақдала ауылы тұрғындарымен және «Өтес-Ақдала» ЖШС-нің жұмысшыларымен егіс алқабында,  тамыз айының 5-сі күні Бақбақты ауылы тұрғындарымен және «Киз-МТС», «Тұмар» және «Алмер» ЖШС-нің жұмысшыларымен,  тамыз айының 9-ы күні Миялы ауылы тұрғындарымен «Динара-Ранч» ЖШС-нің және «Динара» өнеркәсіп кешенінің жұмысшыларымен, 12-тамыз Ақжар ауылындағы «Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебінің» күрделі жөндеу жүргізуші жұмысшыларымен және 16-тамыз Береке ауылы тұрғындарымен және «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің мүшелерімен күріш алқабында кездесулер өткізіліп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бағыттары туралы түсіндірілді.

Қыркүйек айының 1-і күні Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 10 жұмыс беруші мекемемен 35 жұмыс іздеуші азамат қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 16 жұмыссыз жұмысқа орналасты. Оның 10-ы жастар, 6-ы әйелдер.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының І-бағыты бойынша жоспарланған 30 жаңа жұмыс орны ашылып, толық орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша 46 азаматқа 108,0 млн теңге несие беріліп, жоспарланған жұмыс толық орындалды.

89-қадам. «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қазақстандықтардың бірлігін арттырып, жарқын болашақты меңзеген басты құндылықтар қалыптасты. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі, ұлттық береке мен бірлік, қоғамдағы келісім мен ынтымақ бүгінгі баға жетпес байлығымыз. Осы орайда «Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадамы» бойынша 89-қадам «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен көптеген мәдени іс-шаралар, семинарлар өткізілуде. Ондағы мақсат Елбасымыз жария еткен 5 институттық реформаны «100 нақты қадам» ұлт жоспары арқылы жүзеге асыру жолдарын насихаттау, оны оқырмандарға жан-жақты жеткізу болса, Елбасының «100 нақты қадамы» - еліміздің келешекте одан ары дамуының кепілі болып табылады.

Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадамын» жүзеге асыру аясындағы аудандық кітапхананың негізгі басымдықтары тақырыбы бойынша семинар өткізілді, шара барысында сайт жұмысын, виртуалды конференциялардың тиімділігін, семинарлар мен акциялардың өзіндік ерекшеліктерін, электронды оқулықтарды, оған ұялы байланыс арқылы қосылудың тораптарын баяндады.

Аудандық кітапхананың ағымдағы жоспары аясында қоғамдық-саяси әдебиеттерді, Елбасының жолдауын, ҚР Тәуелсіздігін, Елбасының «Қазақстан-2050» бағдарламасын насихаттау барысында «Арайлап таңым атқан күн» атты тақырыптық шолу, «Келешегімен нұрланған кемел Қазақстан» атты дөңгелек үстел, «Қазақстан және жаһандық әлем» атты тақырыптық кеш, «Қазақстан әлемдік ұлттар шоқжұлдызында» атты дөңгелек үстел, «Мәңгілік ел - ата-баба арманы» атты Отантану сабағы, «Нұрлы Отан – Қазақстан» атты тарихи панорама, «Ел мүддесімен жолдасқан Жолдау» атты жастар ойы, «Елбасы жолдауы-біздің болашағымыз» атты әңгіме, «Туған елім жасампаз Қазақстан» атты әдеби танымдық кеш, «Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты тренинг, «Ұлт жоспары - болашақтың басты бағдары» атты конференция, «Туған елге ту болған Тәуелсіздік» атты патриоттық кеш, «Жас ұрпақ - Мәңгіліктің Қазақтың перзенті» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

90 қадам. 5 институционалдық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі бұқаралық ақпарттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және іргерілету.

Аудандық «Балқаш өңірі» газетінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде лайт-бокстермен әр саланы қамти отырып 28 мақала жарияланды. Аудан әкімінің сайтында ауданның тыныс-тіршілігін айқындайтын, біртектілік идеяларын жүзеге асыру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы материалдар қойылды. 15 ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі инспекторлардың жеке инстаграмм парақшалары ашылып, көкейтесті мәселелер бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстары  атқарылуда.

БЕСІНШІ РЕФОРМА «ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ». (91-100 қадамдар).  2 қадам жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында,  Президент әкімшілігінің нұсқамасына сәйкес ауданның барлық 15 ауылдық округінде 2016 жылдың 19 қаңтар - 08 ақпан аралығында аудан әкімі және ауылдық округі әкімдерінің ауылдық округ орталықтары мен ірі елді мекендер тұрғындарымен есеп беру кездесулері өтті. Өткізілген есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің шешімін табуы тұрақты бақыланып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламасына енгізілген.   Аудан әкіміне айтылған 16 ұсыныстың 11-і, ал 15 ауылдық округ әкімдерінің ұсыныс- пікірлерінің 10-ның 6-уы негізінен өз шешімін тапты.

Атап айтқанда: Ақдала ауылындағы жеке тұрғын үй иесінің есеп беру кезіндегі өтініші бойынша тұрғын үйі жанындағы 10 түп терек ағашы аудандық «Балқаш су құбыры» мекемесі арқылы 2016 жылдың наурыз айында кесіліп берілді.  Бақанас ауылындағы саябақты күтіп ұстау мақсатында бүгінгі күнге 300 түп ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Балатопар ауылының тұрғынының 18 жасқа толмаған отбасындағы 4 баласына әр балаға 2228 теңге көлемінде жәрдемақы төленіп берілуде. Қарой ауылындағы су құбырының мұнарасына дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу үшін жүк көтергіш техникасы қамтамасыз етіліп, жұмыс толық аяқталды. Қарой ауылдық ауруханасына тіс дәрігері қамтамасыз етілді.

Құйған ауылындағы Іле өзенінің көпір құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып (құрылыс жұмыстарының құны – 171 млн 899 мың теңге) мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2,5 млн. теңгеге облысқа сұраныс берілді. Ақжар ауылындағы Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 122 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Аталған құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде. Қарой ауылындағы «Нарын» өзенінің табанын қазу үшін облыстық бюджеттен 47 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні қазу, тазалау жұмыстары толығымен жүргізілді.

97 қадам бойынша: Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

Мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру арқылы үкімет мемлекетке тән емес және артық функцияларды қысқарту есебінен жинақы жүйеге көшеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша шығыстарға берілген қаржы абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, ағымдағы шығыстар, ауылдық мәдениет үйлері, клубтар және ішінара оқушыларды тасымалдауға бағытталған. Барлығы 35 млн 968 мың теңге қаражат берілген.

98 қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ.

2014 жылдан бері барлық ауылдық округ әкімшіліктеріне жеке есеп-шоттары ашылып,  қаржыландыру қарастырылып, жыл сайын қаражат бөлініп келеді.

Автор:
БШ ақпарат


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто