Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЗАМАТТАРҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ


28 октября 2016, 04:14 | 1 257 просмотров



Бақбақты ауылының тұрғыны Жамбыл Дауылбеков 2012 жылы көлік апатына ұшырап, қоларбаға таңылып қалғаны оның туыстары мен жақындарының жанына қатты батты. Әрине Жамбыл Құдайбергенұлы сол кезден бері аяғымнан тік тұрсам деген үмітін еш үзген емес. 49 жасында тепсе темір үзетін азаматтың тағдыр жолы осындай сәтсіздікке ұшырайды деп кім ойлаған десеңші?!

Ол жақында өзінің үйіне қоларбамен кіріп-шығуы  қиындық туғызып жүргені жайында аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаровқа жол-ығып,жағдайын айтып, көмек көрсетуін өтініпті. Бұл жағдайды ескерусіз  қалдырмаған халық қалаулысы Бақбақты ауылдық округінің әкімі Зоя Жүнісбаева мен мәслихат депутаты Ғалымбек Әбдіқұловтың демеуші-лігімен осы азаматқа «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында пантус жасап беріп, үлкен көмек көрсетті. Пантус құрылысы аяқталысымен аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаров, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Садықбаев, аудандық мәслихат депутаты Ғалымбек Әбдіқұлов, ауыл әкімі Зоя Жүнісбаева арнайы барып, құрылыс жұмыстарының сапасына көңіл бөліп, Жамбыл  Құдайбергенұлына  ыңғайлы жағдай жасап беріпті деген жайдарман жаңалықты естіп, өзімен телефон арқылы тілдескенімізде осы жасалған қайырымдылыққа шексіз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар қиналған сәтте көмек қолын созған бірқатар азаматтардың есімдерін атап, оларға өз алғысын айтты. Ауған соғысының ардагерлері-ақдалалық Манат Молдабаев пен Бақтыбек Мейрамбекұлы, Бақбақты ауылының тұрғыны Айболат Хаджаев жақын күндері Жамбылдың үйіндегі жылу жүйесіндегі су айналдыратын генараторды өз қаражаттарына орнатып берген. Үнемі қасынан табылған зайыбы Гүлайым Кәрібекқызына деген алғысы шексіз.. Сондай-ақ жол апатына ұшыраған сәттен бері оның сауығып кетуіне емдік көмегін көрсеткен Бақанас ауылының тұрғыны Роза Загидулинаға шексіз алғысын білдірді.

Автор:
БШ ақпарат