Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ДІННІҢ ТАЛАБЫ-ТЫНЫШТЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК


18 ноября 2016, 04:06 | 1 605 просмотров



Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Қоғамда дінге деген сенім күшейіп, сенушілердің саны артты. Дәстүрлі діни ілімдерден тыс әртүрлі әдістерді пайдаланатын теріс пиғылды ұйымдардың жұмысы да сол сәтте қызу жүргені белгілі. Жетпіс жыл атеистік қоғамда өмір сүріп, енді ғана бойын көтерген қазақ жеріне дәстүрлі емес діни ағымдардың тамыры жайылып кетуінің бірнеше факторлары бар.

1992 жылдың 15 қаңтарында алғаш рет қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңда «Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар», әр адамның қай дінге, қандай партияға, қай ұлтқа, жататынын көрсетуге не болмаса көрсетпеуге заң бойынша құқығы бар екені нақты бекітілген. Олардың ішінде елімізге арнайы мақсат құрып келген миссионерлер де жеткілікті еді. Діни білім алу мақсатында ислам мемлекеттеріне қазақ жастары басқа шет елдерге баратын. Дәл осы уақытта ислам мемлекеттерінде теріс пиғылды уағыздайтын көптеген дін өкілдерінің саны артқан еді. Шет елдерден білім аламыз деген талаппен келген жастардың кейбіреуі осы уағыздаушылардың торына түскен.

Қазіргі таңда елімізде ислам атын жамылған көптеген теріс діни ағымдардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәселе қазіргі уақыттағы күттірмейтін басты мәселеге айналып отыр. Өкінішке орай буыны қатаймаған жастарымыз осындай ұйымдардың жетегінде ілесіп кетуде.

Осыған орай, жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Діннің талабы–тыныштық пен бейбітшілік» атты дөңгелек үстел болып өтті. Қазақстан Республикасында қабылданған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес аталмыш дөңгелек үстел өткізілген еді.

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы, Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мекемесінің директоры Кекбаева Шынар Сүлейқызы, Алматы облысы Ішкі істер департаменті экстримизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі, полиция подполковнигі Қалибек Қаһарманұлы Елбаев, аудан прокуроры Серікқали Күшәлиев, Алматы өңірі бойынша өкіл имам Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы, Шет тілдері және іскерлік карьера Университетінің оқытушысы, дінтанушы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы, АТТ мүшелері, аудан және ауыл имамдары, жастар қауымы, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, қатысты.

Келелі басқосуды өткізудегі басты мақсат- өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті күшейту және патриоттық сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме басшыларына еліміздің Конституциясынан бастау алатын діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпарат беру, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптарын, дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерін орындау, қолдау бойынша өңірлерде туындайтын мәселелерді жете түсіндіру және қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы облыстың діни ахуалын тұрақтандыру мақсатындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу және жергілікті биліктің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету жолында  болып табылды.

Барлық діни ілімдердің қасиетті кітаптарын алып қарасақ, адамгершілікке, бейбітшілікке, татулыққа баулиды. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде көптеген теріс ағымдарды уағыздайтын, адам санасын улайтын мәліметтер көп. Сол себепті діни сауаттылықты ашуымыз қажет. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 25 қазанындағы “Діни қызмет және діни бірлестіктер” Заңына сәйкес облысымызда 582 бірлестіктер мен олардың филиалдары қызмет етеді. Оның 427-сі ислам, 48-і провослав, 10-ы котолик, 95-і христиандық, 2-уі дәстүрлі діни бірлестіктер.

Аудандағы діни ахуалға тоқталар болсақ, өңірде Қазақстан Республикасының діни қызмет және бірлестіктер заңын жүзеге асыруға сонымен діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауға жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі күні   аудан аймағында 13 діни бірлестік ұйым, оның ішінде ислам мешіттері және 1 шіркеу тіркелген. Ағымдағы жылы облыс бойынша жоспарға сәйкес  түрлі семинарлар, басқосулар және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Дін деген-тәрбие, тазалық ата-ананы сыйлау. Ислам діні қашанда тағылымы мол  құндылықтарымызды дәріптеген. Әрқашанда бейбітшілік пен ынтымаққа, келісімге жетелеген. Бүгінгі ұрпақ осы қағиданы берік ұстануы қажет.

Автор:
Айжан АХМЕТБАЙ