Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰБТ жаңа форматы тақырыбында өткен облыстық СЕМИНАР


10 февраля 2017, 04:15 | 2 006 просмотров



Алматы облысының білім басқармасы  жалпы білім беру бөлімінің басшылығымен  Талдықорған қаласы, «№25 орта мектебі»  мектепке дейінгі мекемесінің «№25 орта мектебі»  мектепке дейінгі шағын орталығы» КММ мәжіліс залында қалалық, аудандық білім бөлімінің жауапты мамандары, облыстық, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының директорының жауапты орынбасарларына 07 ақпан 2017 жылы облыстық семинар өтті.

Семинар барысында мамандар өз сөздерінде ҰБТ-ның қолданыстағы форматы жетілдіріліп, ойлау қабілеті дамыған, білімді түлектерге өз білімдерін толық көрсетуге, сонымен қатар, оқушының өзіндік ізденісін, білімді жүйелі түрде игеріп, логикалық ойлау, зеректік  қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді деп атап өтті.

Қорыта келе, мақсатты білім беру бүгінгі баршамыздың міндетіміз. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай  жаңа білім беру  –  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Автор:
Р.Барманова, Талдықорған қаласы білім бөлімі, жалпы білім беру және тәрбие жұмыстары секторының меңгерушісі.