Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа редакциядағы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі


17 февраля 2017, 09:12 | 873 просмотра



(Мақалада Ереженің ішіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бөлімдері қамтылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген (Ереже жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 19.06.2013 жылғы №635 Қаулысымен бекітілген) (Бұдан әрі-Ереже), Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.05.2016 жылғы №290 Қаулысы негізінде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі. Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Мемлекеттік аттестаттау мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 1) уәкілетті органның мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін күнтізбелік жылға бекітуі;

2) тиісті уәкілетті органның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарын (білім беру сапасын ішкі бағалау) талдауды жүзеге асыруы, аттестаттау комиссиясын қалыптастыру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырым жасау; 3) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы.

Уәкілетті орган мемлекеттік аттестаттауға жататын білім ұйымдарының тізбесін аттестаттау мерзімдерін көрсете отырып, жыл сайын бірінші қарашаға дейін бекітеді және уәкілетті органның сайтында орналастырылады. Білім алушылардың білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттау комиссиясы4, 9, 11-сыныптарда және бітіруші курстарда білім алушылардың білімін, дағдысын және іскерлігін бақылауды өткізеді. Бұл ретте кешенді тестілеу технологиясы немесе білім алушылардың білімі мен іскерлігін бақылаудың өзге де түрлері (бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар) пайдаланылады.

Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, білімді, дағдыны және іскерлікті бақылау жоғарғы сыныптар мен курстардағы білім алушылармен өткізіледі.

Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады.Яғни, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы дұрыс жауаптар емтихан материалдарындағы сұрақтар санының 50 %-ынан төмен емес деп айқындаса білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі.

Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғандығы айқындалған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы білім беру ұйымына оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама (бұдан әрі – нұсқама) шығарады. Нұсқамада белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті орган жоспардан тыс тексеру нысанында білім беру ұйымының нұсқаманы орындауына бақылау жүргізеді.

Білім беру ұйымы нұсқамада белгіленген мерзім өткенгедейін бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізуге жазбаша бастамашылық жасауға құқылы.

Автор:
С.Ж. Досматова, Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы.