Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өлең өлкесінде


14 июня 2010, 13:23 | 2 279 просмотров



Әлемге тағылым

Текті істерге Сақ дәуірден бастаған,

Игі істерді алға талай тастаған.

Мөде ғұндық жер ұранды нық ұстап,

Биігінде түркі намыс Бас қаған.

Ұйытқы-мәйек Бас Қағанды жақтаған,

Мұнсыз тегі бұл жалғанда жоқ қоғам.

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» деген,

Төрттағандық даналықты сақтаған.

Шырын шындық қорғасындай төрттаған,

Мәңгіліккке заңын хандар баптаған.

Кеуделерде ұлттық намыс шырақ боп,

Дәуірлердің бағдары деп жаттаған.

Елін, жерін ерлер қорғап жатпаған,

Жерге жерік, жауабын алған қаптаған.

Жанталастық ғаламаттық шайқаста,

Оққа, төтеп, опасыз боп сатпаған.

Ұл боп туып, азанды атын ақтаған,

Кезі де жоқ әдептен еш аттаған.

«Мың өліп, мың тірілсе де» бұл қазақ,

Жерге қызғыш, жат жеріңе баспаған.

Болсадағы дәулет шалқып таспаған,

Санасыздық, кеуде керу жат оған.

Ақтабандық шұбырынды кезде де,

Парасатпен үміт күтіп саспаған.

Кереметін Гумилов та мақтаған,

Тарихымызды надандары даттаған.

Көңілі соқыр, жаны кірлер қашан да,

Көре алмаған тар кеуделер оттаған.

Мойындады тәуелсізде даттаған,

Атты қайта арайлы таң бақ Қаған.

«Қазақ елі», «Болашағы» айтып тұр,

Ашамыз деп әлі талай ашпаған.

Самұрқ құс ғарышыңа самғаған,

Жеткізіп тұр жер мен көкті жалғаған.

Жасампаз деп бұл қазақтың өнерін,

Ілияыс деп Гималайдай толғаған.

Тас түссе де мүдде жолдан таймаған,

Бағытынан қазақ құрыыш танбаған.

«Тар жол, тайғақ кешуіндей» Сәкеннің,

Әлемінде тағамынан талмаған.

Жігері жоқ бар салада жанбаған,

Күй тілінен кәусарлар жоқ қанбаған.

Қиялы ұшқыр, нәзік сезім, ел сергек,

Жаһаныңнан алар тәтті сан бағаң.

Үміт-шырақ, ұлт намысын ойлаған,

Жұмбағыңның тереңіне бойлаған.

Тұғырлы деп тұлғаларды тағына,

Керуен көшке көсемдерін сайлаған.

Болған бұрын, жаһанда болар жайнаған,

Жер ұйықта жайлауындай жайлаған.

Үш биіндей жүйелі сөзге жүгініп,

Елің бізбіз бірлігі берік тойлаған.

Тәуекелшіл қазақ жігер қайраған,

Қиындықтың қазанында қайнаған.

Дағдарысың қатерлі есем жазылмас,

Кененді ұлтым, кенді жауһар айналам.

Кененді ұлтым, кенді жауһар айналам,

Сәулеттері деулетіне сай қалам.

Астанадан оқи бергін шежіре,

Әлі талай кемелдікпен жайқалам!

Қандай ел десең қазағың...

«Не деген жайсаң ел еді!»

Әлемің дейді бас иіп.

Кеңесім-мәйек, келелі,

Тағылымың тыңдар дос ұйып.

Болмасқа солай қақы не,

Тегіміз текті –Көкбөрім.

Суындай зәмзәм ақыл не,

Бекзатты халқым, бектерім.

«Не деген байтақ жер еді!»

Әлемің, десе тандана.

Сатпайды жатқа тек елі,

Ұраны Мөде – маң дала.

«Не дегенң жомарт!» десеңдер,

Үйренген бізден Атымтай.....

(Араптың Хатем Тайы)

Сыйыңа сый келсеңдер,

Адамдық арға салтым сай.

«Не деген» десең, елжіре,

Дарының берген Тәңірім.

Күйлері- тарих шежіре,

Орындау Тәңір әмірін.

Не деген десең, діндері,

Тыңдаған айдан құранын.

Өрелі өрлеу ілгері

Көрсетер әлі ұланым.

Не десең қандай тілдері,

Тыңдаған сөзін Үш Бидің.

Жаныңа дәркер, кіл дәрі,

Мүсінің Үш Би үш сүйгін.

Не десең қандай сәулетті,

«Қазақ елін» оқындар...

Жарасқан сәулет, дәулеті,

Жауһарын қазақ тоқындар.

Кім десең енді қазағың,

Шындығы қазір аңыздай.

Таныда әлем ғажабы,

Білікті жас та абыздай.

«Кіші» деп бізді, өзі «Ірі»,

Қорлауын талай көрдік қой...

Аз ұлттың санап «көзірі»,

Түйсінер мұны сергек ой...

Әл-Фарабидей ұлы бар,

Қалайша біздер ұсақпыз?!

Намысы биік, ары бар,

Келеміз текті ұстап біз.

Шынықтық көрмей үгіліп,

Тамырдан алып терендік.

Үмітке жүрдік жүгініп,

Қағандық жолы-ерендік.

Не десең енді Егемен!

Айдынға шықтық ақыры.

Дубегі болмас неге мен,

«Ініңмін» демен бақыры.

Қандай ел десең қазағың,

Әлемді жарты билеген.

Ғажабын біліп жазар мың,

Біліксіз жазбас, түймеген.

Астана –

Елбасының кемелдігі

Алаштың ақ қаласы Астанамыз.

Сәулетке әулет сай мақтанамыз.

Көңілің сазға толар көрген сайын,

Үндескен күн нұрымен бақ қаламыз.

Телегей теңіз терең сырың сенде,

Шаттанар сен дегенде жырым

менде.

Тірліткен жауһар қала тарихтағы,

Елінің көш көмесі егеменде.

Көр деп тұр ғажабы мен қазақты,

Көшсе де мойымаған сан азапты.

Алтынның тегі алтын тот баса ма,

Жалғасы Көктүріктің парасатты.

Қоя ма көріп орда сайрамасқа,

Үнінен жаңғырғандай сай да тас та.

Сәулеті жасампаздық өрені өрген.

Қоймайды –ақ, шабытынды қайрамасқа.

Жаһанның ақыл-ойы тамсандырған,

Киелі бола берер ән салдырған.

Мәңгілік әдемі деп ұрандайтын,

Сыр-сымбатқа сүйіне бой алдырған.

Танытты Көк байрақты кім екенін,

Ғұндардың жалғасы дер ар мекенін.

Әлемге ұраны бар айтары бар,

Төгілген көкіректен ақ екенін.

Әр сәулет толы тарих тұрып тұрған.

Бойлатар саяхатқа түрік Қаған,

Көкшенің көгіне де шығарып тұр.

Көрікті көңілімен парықтаған.

Тауысам қайсын айтып ұжмақ қала,

Ғаламды қызықтырып тұрмақ дара.

Оятар көңіл көзді шырақ жағып,

Жетелер көкке өрлетіп сырғып дана.

Сағымдай сағынышым келгенімше,

Тұтқындар сымбат сыры әлденеше.

Тағат жоқ жеткенімше жылына бір,

Тағы да жасампазың түйгенімше.

Шалың да рухтанып шалқи берер,

Сәулетіне қадала оқи берер.

Әр өнер саласына бұлақ көзі,

Жанының жапырағы тоқи берер.

Астана! Жаңа дәуір бастамасы,

Елімді әлемде ешкім жасқамасы....

Бағына көсем туған, Ақордамен,

Шертеді шежірелі хаттамасы.

Астана! Елбасының ерлігі де,

Ұрпағы құлтегіндік елдігі не.

Ұлтымның ұлылығы мініскерлік,

Кенді ақыл дариядай кендігінде.

Бар әлем басын иді кемелдікке,

Жатыр ғой дарындарым тереңдікте...

Ұлтымның бүгіні мен келешегі,

Көңілде бейнесіндей кең ендікте.

Мәйекті, ұйытарлық бар ғаламды,

Дей берер сымбатына ал қаламды.

Астана Президентпен егіз ұғым,

Тұтқындар тамашасы сан-саналы.

Сезімді сілкіндірер сан-саласы,

Айшықты ажарына жан баласы.

Жаулап бір «Астана» күй жан сарайын.

Мойындаған жаһаннның жоқ таласы

Ақиқат

Шындығы мен шылығы араласқан.

Дәурен-ай, тұнығымен... жағаласқан!

Ықыламнан басталған, әлі солай,

Тыңдасаң... щерте берер дала дастан.

Аялап өмір бесік тербетеді,

Есері бар, естісі-ержетеді.

өмір емес, өмірді адам бұзар,

Дәуренің дамып, бірде кері кетеді.

Ақиқаты ғажап күй сырларында,

Пырақ мінген қияалды жырларында.

Ақ жолында пәктігі сәбидейін,

Жатыр ғой эра, ғасыр, жылдарында,

Кірмеген асылдардың қойнауына,

Шыға ма ой дегеннің жайлауына.

Сананың сараптаса сәулесімен,

Жүрмесе жолбикелер айдауына.

Жүректі есерлерің бұрғылайды,

Танымаған ақиқат, бір құдайды.

Шырылдатқан шындықты шылықтардан,

Қаным қызып, қаламнан жыр құлайды.

Ақиқаттың ақ жолы дегендердің,

Жаны тәрк ары үшін кенендердің.

Қашан дәуір тазарар шылығынан,

Күпті етеді үмітті көргендерім.

Ақиқатқа ар серік-өсиетін,

Ту қып ұстау ғұмырлық қасиетім.

Өмірдің ажары мен базары осы-ау,

Басы жұмыр пенделер бас иетін.

Өтті ғой шындық, шылық ералашты,

Жылымдардан кей кезде ер адасты...

Сайқалдық саясаттың сұмдығынан,

Сан құрбар! Құртпақ болған бар алашты.

Баурына қайта басты құт мекенін,

Танытып енді Алаштың кім екенін.

Айнымас ақиқаттың ақ жолынан,

Пейілі даласындай кең екенін.

Қасіреттен көңілім назданады,

Қызығанан жазылып, жаз болады.

Ащысымен тәттісін татып, біліп,

Күмбірлеген кеудеде саз қалады,

Әйтеуір тарих көштен із қалады.

Ақ бұлақтай

ақ арман

Сөз ұстаған ұл болсын,

Ел ұстаған би болсын.

Халық мақалы.

Бойда қуат, ойда арман жастық шағым,

Көп еді-ау тербетіліп асыққаным.

Жар сүю, бала сүю, тағы-тағы,

Көгершіні көңілдің ғашық таңым.

Жар сүйдім-жаным гүлі аялаған,

Суындай Абұлхаят сая маған.

Баянды бақыт мұрат кәусарларым,

Баянжүрек бауырында баяндалған.

Жүзісіп айдынында санаменен,

Қос аққу тәтті сүйдік бала деген.

Туыс боп тарландармен ғұмыр кештік,

Жүрсек те шалғайында Атамекен.

Татыстық балдан тәтті немерелер,

Ыстық болып тұрады шөберелер.

Жансаямыз бір төбе, Абзал қандай,

Күй мен жыр төгіп тұр ғой керегелер.

Білмедім бұдан артық байлығынды,

Емірене іңкәр сүйдік тай-құлынды.

Пырағы көңілімнің биігінен,

Шолады шабыттана ой-қырымды.

Жүгіндім мың тәубалап бақытыма,

Жалғасы ма-бабалар сарқытына.

Аңсарым бәріне де баяндылық,

Керуеннің үлес қос деу қарқынына.

Құдайдың мен де құлы деп келемін,

Құмырсқа тірлігіммен көктегенім.

Кенде емен арман-атақ, мадағынан,

Құл болмау мансаптыға «Жетпегенім»....

Халқымның көріп жүрмін түлегенін,

Абыздық арман еді тілегенім.

Мың өліп, мың тірілген қазақ едік,

Көрме деу қасіретті түнек елім.

Тырысқам термеуімді тезегімді,

өртесе де сан тайғақ өзегімді.

Жеткізді даңғылына арман-қанат,

Көмбеде енді күттім кезегімді.....

Хайуандық болмаса екен жалғанында,

Ойсыздық келерімнің арманында.

Тамырдан ажырамай биіктетіп,

Түйсін деп түйсігіне талғамына.

Осы арман абыздықтың көмбесінде,

Кеудесі парасатты кең көсіле.

Ұсақтық тегінде жоқ Ғұн, Қағандай,

Қызғыш боп мына ұжмақты өлкесіне.

Әзілі жарасқандай жездесіне.

Бәрінен ұлттық биік намыс деген,

Тамсантар әлемінде жарыспенен.

Ар, ұят, иманыңда үкілеумен,

Көрінсін ғаламаттық табыспенен.

Арманым бұл аманат түлегіме,

Үңілсең қарттық кәусар жүрегіне.

Ғасырдың мен куәсі, өмір-мектеп,

Айттым мен бас иерлік тірегін де.

Тарату әлеміне қасиетін,

Армандау қазағыма бас иетін.

Жауһар сөз, данышпан ой бабалардың,

Сіңіру ханға парыз өсиетін.

Автор:
Айтмұхамбет ЕСІМЖАНҰЛЫ