Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы


6 марта 2017, 04:27 | 1 640 просмотров



Биыл талапкерлер арасында таратылатын мемлекеттік гранттардың саны өсетін болды. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Е.Сағадиев хабарлады. Министр сондай-ақ мұғалімдердің не себепті түнде жұмыс істейтінін де білетінін жеткізді. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

9 410 мектепке дейінгі ұйым (4 915 балабақша, 4 495 шағын орталық) жұмыс жасайды. Контингенті 807,2 мың баланы құрайды.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 64,1%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін – 85,8% құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуылудың жоғары көрсеткіштерін Павлодар (100%), Батыс Қазақстан (100%), Шығыс Қазақстан (100%), Қостанай (100%), Қызылорда (98,9%), Солтүстік Қазақстан (98%), Ақмола (97,9%), Ақтөбе (95,8%) облыстарында байқалады.

Соңғы 3 жылда мемлекет есебінен 40 мың орынға 186 балабақша салынған (2016 жылғы1 қазан бойынша), жекеменшік саласы 100 мың орынға 1 300 балабақша ашқан. Ең көп жекеменшік балабақшаның ашылуы Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстары бойынша.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасы енгізілді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен икемділігін дамыту бойынша индикатор жүйесі әзірленген.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1 ден 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.

Жалпы орта білім

7 450 мектеп жұмыс жасайды. Контингент – 2,9 млн.теңге. Шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) – 3 036. Оқу орнының тапшылығы – 55 166.

2016 жылы 103 мектеп пайдалануға берілді.

ШЖМ-ді қолдау мақсатында 160 ресурстық орталығы (тірек мектептері), 497 магниттік мектептер жұмыс жасайды.

21 Назарбаев зияткерлік мектептері жұмыс жасап жатыр.

2016-2017 оқу жылының қыркүйегінен бастап барлық 1-сынып оқушылары жаңартылған мазмұнмен оқиды. 

Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жаңартылған бағдарламаларды енгізу жұмыстары жүргізілуде: 2016 жылы –1-сыныптар, 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар, 2018 жыл – 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019 жыл – 4, 9, 11-сыныптар.

1 сыныптарға бірыңғай базалық оқулықтар енгізілген. Сонымен қатар, оқулықтар онлайн тәртібінде электронды түрде орналастырылған. Оқулықтармен 100% бала қамтылған.

Сонымен қоса, 5 күндік оқу аптасына көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мектептерде 275,3 мың педагог жұмыс жасайды (оның ішінде білімі жоғары – 250,4 мың (90,9%), техникалық және кәсіптік білімі бар – 24,8 мың (9%), орта білімі бар – 129 (0,1%), жоғары санатты – 56,2 (20,4%), бірінші санатты – 83,4 (30,3%).

2016 жылы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары бағдарламасы бойынша орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде 74 мың мұғалім өтті.

Қазақ тілін үйренуде жаңа әдістеме әзірленген.

Ағылшын тілінің консорциумы жасалынды. 2016 жылы шамамен 3000 педагог тіл курстарынан өтті, 18 мыңнан астам оқушы тіл лагерьлерінде оқыды.

Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар 47 мың баланы қамтитын инклюзивті білім беру үшін 3 мыңнан астам мектепте жағдай жасалған.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру саласын нормаға сәйкестендіруді есепке алумен 5 өңірдің 63 пилоттық мектептерде              

1 - 11 сыныптарда жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробация жұмысы жүргізілуде (Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында).

Халықаралық зерттеулерде TIMSS және PISA қатысушыларының білімділігін бағалауда қазақстандық оқушылар TIMSS – 2015-те АҚШ, Ұлыбританияны, Германияны, Австралияны және тағы басқа мемлекеттердің алдына шығып, 7-ші орынды иеленген. PISA-2015 бойынша 72 мемлекет арасынан 44  орынды иеленді.

2016 жылы ҰБТ 165 пунктте өткізілді, оған өтініш бергендерден 84 079 (96,6%) талапкер қатысты. Республика бойынша орташа балл - 81,2.

Осы жылдан бастап екі рәсімге бөліп өткізілетін болады.

  1. Қорытынды аттестаттау – барлық 11 сынып оқушыларына бітіру емтиханы ретінде.
  2. Ұлттық бірыңғай тестілеу - ЖОО түсу немесе грант алу бойынша емтиханы ретінде.

Сонымен қатар, тестілік тапсырмалар мен оның құрылымы болашақта таңдаған мамандығын ескере отырып әзірленетін болады. Аталған ҰБТ-ні жылына бірнеше рет тапсыруға болады.

2017 жылдың қаңтар айнынан бастап Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуге тілек білдірген азаматтар туралы республикалық деректер банкі (РТБ) жұмыс істеуде.

2017 жылдың қаңтар айы бойынша РТБ-да 28,4 мың бала және отбасына қабылдауға дайын 1 400 адам тіркелді.

Білім беру ұйымының жоқтығынан 22,3 мың оқушыны (97,8%) 1539 елді мекенге тасымалдау (2015 ж. – 24,9 мың (91%) ұйымдастырылды. Күн сайын – 19,2 баланы, апта сайын – 3,1 баланы тасымалдау қамтылған. Балаларды тасымалдаудағы автокөлікке деген қажеттілік 186 бірлікті құрайды.

Ыстық тамақпен 6071 (86,9%) мектепте (2015 ж. – 6082 (86,3%)) 94,3% үлесімен немесе 2,6 млн. балаға ұйымдастырылған.

2016 жылы тегін ыстық тамақпен жағдайы төмен отбасылардан (2015 ж. – 248 мың (100%)) 255 мың (100%) оқушы қамтылған.

Білім беруді сандық бақылауды жаппай енгізу басталды.

Интернетке 7028 мектеп қосылған, оның ішінде 2016 жылы – 1401 мектеп.

2016 жылы 4 мыңға жуық мектепте электронды күнделік енгізілді.

Жүйені 174 мың мұғалім, 1,4 млн. оқушы немесе 42%-ы, 854 мың ата-ана қолданады.

2016 жылғы қыркүйектен бастап 64,5 млн. баға қойылды, 9,6 млн. үй тапсырмасы берілді.  Электронды күнделік МЖӘ шеңберінде енгізілуде және мемлекетке 0 теңге тұрады.

Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)

817 колледж жұмыс жасайды (2015 ж. - 807), оның ішінде 473 колледж – мемлекеттік, 344 – жекеменшік.

Контингент – 489,1 мың адам (2015 ж. – 499,5).

Жылына ТжКБ 1 білім алушының орташа шығыны – 351 мың.теңге.

ТжКБ жүйесінде 43,1 мың инженерлік-педагогикалық қызметкер жұмыс жасайды.

«Тегін ТжКБ» жобасының нормативтік және қаржылық базасы дайындалған.

1 сәуірден бастап жұмыссыздарды оқыту, 1 қыркүйектен бастап колледждерде жаңа жоба бойынша оқыту басталады.

Бес жыл ішінде ТжКБ –мен 647 мың адам қамтылатын болады.

ТжКБ-нің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша жаңа тәсілдер әзірленуде.

«Кәсіпқор» холдингімен шет елдің оқыту әдебиеті мен оқыту-әдістемелік құралының 100 бірлігін аударып, көбейту бойынша жұмыстар жүргізілген.

65 үлгілік оқу жоспар мен бағдарламасы жаңартылып, 8 білім беру бағдарламасы әзірленген.

3600 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың жаңа білім беру бағдарламалары бойынша –ТжКБ оқу орындарының 402 басшысы.

Дуальді оқыту 27 мың студентті қамтыған, 2433 өнеркәсіптің қатысуымен 421 колледждерде енгізілген.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

130 жоғары оқу орны (ұлттық –10, мемлекеттік – 31, азаматтық емес – 14, ДБҰ – 1, халықаралық – 1, акционерлік – 18, жекеменшік – 54, жоғарғы сот - 1). жұмыс атқаруда.

Білім алушылар контингенті – 512,7 адам (оның ішінде бакалавриат– 477,1 мың магистратура – 32,9 мың адам, докторантура – 2,7 мың адам).

Жоғары білім бар мамандарды дайындауда мемлекеттік тапсырыс 31,7 мың грантты құрап, оның ішінде «Серпін» - 3,2 мың грант, магистртура – 7,4 мың орын құрайды, ал докторантура PhD бойынша – 628 бірлік, оның ішінде Назарбаев Университеті – 43 орынды қамтиды.

Профессорлық-педагогикалық құрам – 38,2 мың адам (олардың ішінде ғылым докторлары – 3,5 мың адам, ғылым кандидаты – 14 мың, PhD докторы – 1562, бейін бойынша – 175, ПОҚ  дәрежелілігі – 53 %).

ИИДМБ жобасы бойынша кадрларды даярлау 11 базалық                ЖОО - да жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырыс бейінді магистратурада 2015-2016 оқу жылында 1900 орын, 2016-2017 оқу жылында – 2800 орынға орналастырған.

Барлық ЖОО-да әкімдіктер, бизнес, БҒМ және қоғамның қатысуымен 11 адамды құрайтын байқау кеңестері құрылған.

11 базалық ЖОО 48 жаңа инновациялық, білім беру бағдарламасы бекітілген. Аталған ЖОО 47 заманауи зертханалармен қамтылған.

QS ең үздік университет рейтінгісінде 2016 жылы 8 қазақстандық ЖОО орын алған.

64 ЖОО қамқоршылық кеңес жұмыс жасайды, 28 ЖОО – байқау кеңестері.

Ішкі аудит қызметтері құрылуда. 2016 жылы алғаш рет байқау кеңестерінің қатысуымен мемлекеттік ЖОО 5 ректорлары тағайындалған. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 6 ректор тағайындалатын болады.

Қазіргі таңда халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен  1 265 стипендианты оқуда. Олардың көбісі немесе  50% (641 адам) Ұлыбритания және Ирландияда, АҚШ пен Канадада - 34 % (428 адам), Еуропаның континенттік елдерінде - 7 % (85 адам), Азия мен Океанияда - 5 % (62 адам), РФ -     бойынша 1208 адам оқиды (Ұлыбританияда – 50%, АҚШ пен Канадада – 34%, континентальді Еуропада – 6%, Азия мен Океанияда – 6%,  РФ-да – 4 % (49 адам).

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiнде 10,6 млн.теңгеге 16,5 салым тіркелген.

Ғылым

Ғылыми ұйымдардың желісі – 392 (ҒЗИ – 245, ЖОО – 89, басқа - 58). Зерттеулермен айналысатын қызметкерлердің саны – 24 735 адам.

2016 жылы халықаралық рейтингілік журналдардағы басылымдар 3011 құрады.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде 1581 ғылыми-зерттеу жобасы, 70 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылуда.

ЖҒТК-нің 2017-2020 жылдарға арналған 5 ғылымды дамытудың басым бағыттары мақұлданған 2 отырысы өткізілді.

- «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар»;

- «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)»;

- «Энергетика және машина жасау»;

- «Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен конструкциялар»;

- «Өмір туралы ғылымдар және денсаулық».

Білім мен ғылымды қаржыландыру

Білім және ғылым министрлігінің РБ есебінен қаржыландыру 2016 жылы – 493,3 млрд. теңгені, 2015 жылы – 413,6 млрд. теңгені құрады. 2016 жылғы игеру – 99,5% болса, 2015 жылы - 99,9% құраған.

Оның ішінде 2016 жылы:

Білімге – 456,9 млрд. теңге (2015 жылы – 380,6 млрд. теңге).

Ғылым – 36,4 млрд. теңге (2015 жылы – 33 млрд. теңге) бөлінген.

Автор:
ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.