Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тәрбие мәселесі бәрімізге ортақ


21 июня 2010, 18:31 | 2 054 просмотра


Жаңа нарықтық қатынастарға көшу, саясаттағы жариялылық, адамзаттық қоғам орнату сияқты көптеген мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда мәдениетті көп ұлтты, әрі профессионалды кеңістікке араласуға дайын қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған тәрбие мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі мұғалімге, тәрбиешіге қойылатын басты талап – ол тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, шыдамдылығын, алдына қойған мақсатына жетуіне, яғни оның алдағы өмірінде қоғамның табысты болуына көмектесетін қасиеттерінді қалыптастыру.

Баланы бақылап, ол туралы көптеген мәліметтер жинап, шынайы қоғамдық өмірде кездесетін түрлі жағдайларды жеңуге қажетті күш-жігер, оның жақсы жақтарымен көруге итермелеу керек. Сонымен қатар баланың жаны мен ақыл-ойы бірлескен жағдайда ғана өмірлік проблемаларды бірлесе шешуге ұмтылады және өмірді рухани жағынан толықтырып отырады. Ал, осындай бағытта жұмысты алға бастыру үшін балабақша, мектеп психологі, ата-ана, тәрбиеші, қоғам бірлесе жұмыс істегенде ғана нәтиже шығатынын білеміз. Әуел баста отбасын бақылау міндеті алғы орында тұрады. Өйткені баланың қандай ортадан тәрбиеленіп шыққанын білу негізгі мәселе болып табылады.

Ата-ананың тегі, олардың кәсібі, жанұядағы бала санын білу, әлеуметтік жағдайларын білу. Баланың денсаулығының даму ерекшеліктеріне осы мәселелердің тигізетін әсері өте зор. Сондықтан құрметті ата-ана, ұстаз бала тәрбиесі баршамызға ортақ! Бала болашағымыз, болашағымыз дұрыс болсын десеңіз, тәрбие әрқайсымыздың жеке басымыздан басталады.

Автор:
Разбек Шынар Жұмағұлқызы, №1 Ясли-бақшасы тәрбиешісі, Талдықорған қаласы