Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАДЫРҒАЛИ БИ ЖАЛАЙЫР ӘЛЕМІ


26 июня 2010, 12:55 | 4 830 просмотров



Жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық табалдырығынан егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Еліміздің азаттыққа қол жеткізуі талай жылдар бойы мыңдаған жандар үшін ұлы арман болып, шындыққа айналуы неғайбыл, ғажап нәрсе еді.

Бүгінде сол қуат – жігеріміздің нәтижесін көріп халқымыздың хандары мен батырлары, би-шешендері, ақын-жыраулары және тағы басқа да қазақтың әйгілі тарихи тұлғалары аңсап, мұрат еткен ел азаттығы мен халық бостандығына қаншама зар-замандар мен қилы кезеңдерді артқа тастап өз дегенімізге жеттік. Тәуелсіздік алу, егемен ел, мемлекетімізді құру, әрине бізге оңай шаруа болған жоқ, оның ауыр-ауыр жолдардан өткен күрделі, қиын тарихы бар. Демек, біздің қазіргі тәуелсіз мемлекетіміз – қазақ халқының қиыншылдықпен дамуының нәтижесі , ал мемлекеттік тәуелсіздігіміз – тағдырдың өзге мемлекеттер мен халықтардың арасында өзімізді- өзіміз сақтап қалуымыз үшін берген мүмкіншілігі болып отыр. Яғни ел тәуелсіздігі – бүгінде халқымыз ең ұлы құндылықтардың бірі.

Жаңа 2010 жыл бүкіл қазақ халқына ерекше есте қалатын тарихи жыл болмақ.

Қазақстан ЕҚЫ¦-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол – бірінші түркі елі, ол – тарихи тұрғыда өркениеті Ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ол – бірінші азиялық ел. Тағы бұған қосарымыз Еуразия аймағындағы ЕҚЫ¦ басшылық ететін 20-шы мемлекет. Сондықтан бұл – біздің саяси-әлеуметтік, дипломатиялық ортақ бірінші жеңісіміз.

Қазақтан Орта Азиядағы жетекші ұлт екенімізді дәлелдеп келеміз. Біз жетекші ұлт болуға лайық халқымыз. Мысалы айналдыр-

ған 10 жылдың ішінде Астананың дүниеге келуінің өзі – сонау перғауындардың ғасырлап Мысырдағы пирамидаларды салғанымен парапар. Бұл жерде қазақ пассионарлығы, қазақ элитасының пассионарлық дүмкүуі арқасында Еуразия кіндігінде мың жыл тұрған қалалардан еш кем емес, жаңа да бірегей көркем қала бой көтереді. Ол қысқа ғана тарихи кезеңде пайда болды. Бұл қазақтың бойында өшпеген, өлмеген көшпенділердің ұлы құдайы әлі де қайнап жатыр деген сөз.

Тоталитарлық кезеңде ұлттық идеялық негізі боларлық қазақ халқының рухани болмысы туралы жазылған еңбектердің басым бөлігі сыңаржақ, кертартпа бағытта, билеуші Ресей патша режимінің саяси мақсатына ыңғайлана жазылды. Соңғы жылдары болса, қазақ тарихына, мәдениетіне, дүниетанымына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстары осы олқылықтардың орнын толтыруда. Бұдан шығатын қорытынды: біз тарихи жадымызды тірілттік. ¤зіміздің тарихи өрістегі орнымызды айқын сезіне бастадық.

Ал, кеңес кезіндегі идеология қыспақтың, партиялық цензураның салқыны ғылымның қай саласына болса да қысымы тимей қоймады, көптеген нәрселер одан өтіп анық айтылмады, жазылмады. Ең басты гәп – біз бодан ел едік. Сол себептен бүкіл тарихымыз дерлік жабық жатты өз рухымыз өзімізге жау саналады. Мұндай жағдайда жаңа зерттеулер, тұжырымдама, ғылыми еңбектер, мақалалар ұсынуға мүмкіндік болмады.

«Заң өзгереді – заң өзгереді» демекші қазір ғылымдарға, зерттеушілерге барлық мүмкіндік бар. Шаң басып жатқан тарихымызды қопарып, зерттеп, зерделеп жатырмыз...

Биыл 2010 жылдың күнтізбегінде Отан тарихының басынан кешкен талай тарихи кезеңдерінің және тұлғаларының мерейтойлары әр түрлі деңгейде аталып өтпек.

Солардың бірі – қазақтың тұңғыш тарихшысы, қоғам қайраткері, елші – кеңесші, қолбасшы, философ, ақын-жазушы, тарихи публицистикасының негізін қалаушы Қадырғали би Қосымұлы Жалайырдың (1530-1604 ж.ж.) туғанына 450 жыл толды.

¦лтына орта ғасырда өшпес тарихи, әдеби мұра қалдырған Қадырғали би кім деген сұраққа тарихи құжатқа әдебиет пен БАҚ-қа сүйеніп дана бабамыздың өмірнамасына қысқаша тоқталайық.

Ол 1530 жылы Жетісудың шұрайлы жері, алтын бесік, ата жұрты қоныстанған Қаратал-Көксу өзендерінің төңірегіндегі шоғырланып ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан ұлы жүздің жалайыр тайпасының Кәлпе руынан тарайтыны жөнінде алғашқылардың бірі болып, белгілі жазушы Жалайыр тайпасының тарихын, шежіресін зерттеп жүрген, өлкетанушы Ораз Исмайлов БАҚ бетінде алға тартқан болатын.

Ал, ғалымдар Ә.Дербісалиев, М.Жолдасбеков, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек бабамыздың туған жері оңтүстік аймаққа меңзейді, бұл туралы мақаланың авторын өз пікірін жазған болатын.

Кеңестік және егемен Қазақстан тарихнамасында баба мұрасын қ:Жүнісбаев, Е.Масанов, Г.Марғұлан, Р.Сыздықова, М.Қойгелдиев және т.б. ғалымдар арнайы зерттеп, зерделеп жүр.

Алғашқы рет қазақ кеңес әдебиетінде Қадырғали бидің тарихи-көркем бейнесін Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин «Аласапыран» роман-дилогиясында (1981 ж.) тамаша бейнелеген бұл кітап жазушының шығармаларының шыңы және ХХ ғасырдағы ұлы роман.

Тек егемен Қазақстан болған соң ғана Қ.Жалайыр тарихшы-шежіресінің құнды еңбегі жеке кітап болып «Санат» (1996 ж.), «Қазақстан» (1997 ж.), «Алатау» (2007 ж.) баспаларында басылып шықты. Бұл тарихи еңбекте: Борис Годунов патшаға арнауы, Оғыз ханнан бастап, Шыңғыс ханның үрім-бұтақтарын, қазақ хандығының тарихын, ХVI ғасырдың аяғына дейінгі оқиғаларды, өзі тәрбиелеген, ақылшы, кеңесші серігі болған Оразмұхаммед ханға арналған дастанмен аяқтайды.

Казақтың тұңғыш жазба тарихының ақтаңгерінің бұл еңбегінде 400-ге жуық тарихи тұлғалардың есімдері, оның ішінде аталас 40 жалайыр саңлақтар туралы, 11 ақын-жазушылардың еңбегі кірген. Ғалымның еңбегін жазуда себеп болған, зерттеген пікір жазған 66 ғалымның аты аталады.

Қ.Жалайыр өте білімді, энциклопедиялы адам болған: «Дүниеде көп елдерде болдым, көп оқыдым», - дейді өзі туралы. Көне түркі, араб, парсы, орыс, татар т.б. халықтардың тарихын, мәдениет пен әдебиетін жақсы білген, сол елдердің тарихын, тілін молынан меңгерген ұлы тұлға.

Бұл еңбек әлі де толық жүйелі түрде ғылыми (академиялық) зерттеулер күтіп тұр және шет тілдеріне де аударылуы тиіс.

Қоғам қайраткері Қадырғали би әр қоғамда, ел арасында өздерінің білімімен, ісімен, алғыр-ержүрек тілімен, адалдығымен көзге түсіп өз ұлтына адал қызмет еткен әлем сахнасында тарихи тұлғалар көп болған, солардың бірі – қазақтың жалайыр тайпасынан шыққан Қадырали би.

Ол білімі мен білігін ұштастырған шығыс тарихын, әдебиеті мен мәдениетін жақсы білген, бірнеше түркі, европа халықтарының тілдерін меңгерген.

Қолбасшы Қадырғали би соғыс өнерін жас кезінен үйреніп, шыңдалған. Қазақтың бес қаруын жақсы меңгерген.

Қадырғалидың қолбасшы ретінде қызметін әлі де болса толық зерттеу қажет етеді.

Философ Қадырғали би туралы қазақ философия ілімінде тұңғыш рет зерттеген - Отан философиясының оқулықтарына енгізген Москва қаласының М . Ломоносов атындағы университетінің түлегі, философия ғылымының докторы, профессор, Жетісудың тумасы Аманжол Қасабеков болды. Ғалымның «Қадырғали Жалайыр дүниетанымы» атты ғылыми зерттеу еңбегі 1999 жылы Алматы қаласы ЖСБ «Айдана» баспасында басылып шықты. Осы еңбекте Қадырғали Қасымұлы Жалайыр бабамыздың қазақ философиясындағы алатын орнын анықтауда зор мәні бар.

Қ.Жалайыр ұлтымыздың қазақ ретінде қалыптасу басында өмір сүріп, қызмет атқарды, қоғамдық ойдың дамуына, қазіргі философиялық білімнің мағынасын кеңейтуге үлкен үлес қосты. ¦лттық ойлау дәстүрлерін жаңартуға, ұлғайтуға және байытуға, тарих өлшемді ескере отырып біршама еңбек сіңірді. Ол былай деп жазды: «Кім көп білікті (биік жазу) біліп көңілінде тұтса, дәулеті артар» (Қ.Жалайыр «Шежірелер жинағы», Алматы, Қазақстан, 1997 ж.).

Тілші-ғалым Х.Сүйіншалиев шешен Қадырғали туралы: «Қадырғали Жалайири шежіресінде шешен тіркестер мен дәлел сөздер жиі ұшырайды. Соған қарағанда, автор өз халқының тіл шеберлігін мол игерген сөзге жетік, ақын жанды білімді би болғанына ұқсайды. Мысал үшін мына бір ойлы сөздерін келтіруге болады:

«Еркектің атын жақсы әйел шығарады,

Әйелі жаман еркектің жаман аты шығар.

Әр істе сақтық керек. Ойлап айтқан сөз де, ойнай айтқан да оралмайды. Сөздің көршісі шындығында».

Ал, ғұлама-энциклопедист Әлкей Марғұланның Қ.Жалайыр туралы «данышпан жазушы» деп айтуы дәлелдеп жату артық болар.

«Жылнамалар жинағы» қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек, оның тілдік құрылымын, жазу мәнерін, рух пен діл жалғастығын, рухани сабақтастығын қазақ ғалымдарының арасында алғашқы зерттеген тілші, ғалым-академик Р.Сыздықова. Оның «Язык», «Жамиат ат-тауарих Жалаири» еңбегі Алматы қаласының «Ғылым» баспасында 1989 жылы басылып шықты.

Қазақтың ғұлама тарихшыларының бірі – академик Ә.Х.Марғұланов айтып кеткен Оразмұхамедтің «Күміс сандығында» Қадырғали Жалайырдың жинағын жазған, пайдаланған «Насиб наме», «Дастан Айса ұлы Ямет», «Сиыршы», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Тарихи Рашиди» және т.б. қазақ тарихына тікелей қатысы бар көптеген шежірелер де болған.

Егеменді ел болған соң дана бабаның ұлағатты ұрпақтары көптеген ауқымды шаралар өткізді. Қазақ елінің тарих бетінен жоғалып кетпей өсіп, өркендеуіне, мемлекет болып қалыптасуына аса зор еңбек сіңірген ұлы бабаларымызды ардақтап, рухына тағзым ету үшін, «Абылай хан», «Алтын адам қорлары» және Қазақстан мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы бірлесіп 2000 жылдың соңында «Мыңжылдықтың саңлақтарын» анықтаған болатын, 26 тарихи тұлғалардың ішінде Қадырғали Жалаири бар.

Алматы қаласында халықаралық «Қадырғали Қосым Жалайыр» қоры құрылды, осы қор 28-29 қыркүйек 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына және Қадырғали би Қосымұлының «Жамиғ-ат-тауарих» (Жылнамалар жинағы) еңбегінің жазылуына 400 жыл толуына арналған Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағы және тәуелсіз Қазақстанның ғылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Астана қаласында ұзындығы 2100 метр бұрынғы «9 май» көшесіне

Қадырғали Жалайыр есімі берілді.

Жер жаннаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласының орталық көшелерінің бірінде үлкен, әдемі ¦лы тұлға ескерткіш орнатылды.

Қапшағай қаласына қарайтын Шеңгелді ауылының орта мектебіне Қадырғали би Жалайыр есімі беріліп, елімізде тұңғыш мұражай ашылды.

«Үш бәйтерек қоры» мен Алматы облыстық «Жетісу» газеті ұйымдастырған Республикалық мүшәйра өткізіп, арнайы кітап шығарылды.

Талдықорған қаласында Қадырғали Жалайыр ескерткішінің ашылуына арналған «Армысыз, Әз Баба» тарихи-танымдық конференция өтті.

Абыз бабаның туғанына 480 жыл толуын, мерейлі, ұлағатты өткізу «өліге құрмет – тірілер үшін» демекші атсалысқан облыстық әкімдіктен бастап әртүрлі қорлар, қоғамдық ұйымдар, оқу, мәдениет-өнер мекемелері телевидение, радио мен қалталы азаматтардың атағы, беделі-абыройы жоғарылай түспесе төмендемейтініне сенеміз.

Қорыта келгенде айтарым, өз тарихын, ұлтын, дінін, ділін, тілін сүйетін азаматтар, бабалар ісін, артында қалған інжу-маржан мұраларын ұмытпайық, әрқашанда дәріптейік, бағалайық, жүз, ру-тайпаға бөлінбейік дегім келеді.

«Жақсының сөзі өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» және «өткенді бағаламаған, бүгіні мен ертеңін де бағаламайды» дегенді естен шығармаған жөн болар ағайын!

Автор:
Құлтай НҰРҚАБАЙҰЛЫ, Талдықорған қаласы