Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері судағы ТЖ алдын алу және өрттердің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


12 июня 2017, 06:20 | 2 263 просмотра



 Су – өте қауіпті сұрапыл заттардың бірі.Тіпті тыныш, қаупсіз болып көрінген су айдындары қатер туғызуы мүмкін.Көбіне қайғылы оқиғалар малтау білемейтін балалармен емес ,керісінше жақсы малтайтын балалармен болып жатады,себебі,малтай алмайтындар терең суға кірмейді.

Адам шығынын алдын алуға бағытталған жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, жыл басынан Алматы облысының су айдындарында 9 адам көз жұмды,оның ішінде ата-анасының қарауынсыз қалған 4 бала.

Су айдындарындағы адам өлімінің басым бөлігі балық аулау,шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан және балаларды қараусыз қалдыру себептерінен болады.Шомылу кезеңінің басталуына байланысты Алматы облысы ТЖ Департаментімен су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Өрт қаупсіздігі айлығының екінші кезеңі аясында ТЖД қызметкерлері Талдықорған қаласының мешіттерінде болып,судағы қауіпсіздік ережелерін жеткізіп, ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен балалардың өлімі көбейгендігін ерекше атап өтті.

Қатысушыларға аталмыш тақырып бойынша жадынамалар таратылып берілді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды.

Автор:
Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы