Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ВИТАМИНДЕР


26 июня 2010, 13:29 | 3 128 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: витаминдер жөнінде кең мағынада түсінік беріп, оның түрлері, пайдасы жөнінде түсіндіру;

2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік: адамгершілікке, тазалыққа, денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызба, А4 форматты суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгелдеу

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. өткен материалды қайталау

Сызбамен жұмыс.

Негізгі қоректік заттарға не жатады?

1. Ақуыздың маңызы қандай?

2. Майлар ненің құрамында болады?

3. Көмірсулар қандай тағамдарда болады?

4. Минералды тұздардың маңызы?

Жауаптары:

Ақуыздарды организмнің құрылыс материалы деп атайды. Олар мидың жасушаларын қоректендіреді және адамның ойлауына көмектеседі.

Майлар жануарлар майында, жұмыртқада, жүгері, күнбағыс құрамында болады. Майлар адамға күш қуат береді.

Көмірсулар қанттың, кәмпиттің, ұннан тағайындал-

ған тағамдарда, картоптың құрамында болады. Жүйке жүйесінің жұмысына көмектеседі.

Минералды тұздар организмнің қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін қажет.

3. Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс жасау. Балалар суреттен не көріп тұрсындар?

ВИТАМИНДЕР- бұл тіршілікке қажетті заттар. «Витамин» терминін 1912 жылы поляк ғалымы Казимир Функе ұсынған. Ол латынның «Vita»-өмір, «аmin»-қажетті деген сөздерінен тұрады. Казимир Функе күріштің кебегінен «бери-бери» ауруынан жазатын сары түсті кристалды зат бөліп алды. Бұл затты ол витамин деп атады.

Сызбадағы үш ауру түрлерінің жалпы мағынасы ортақ. Олар: тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуынан, адам организмнің әлсіреуі және ауа райының қолайсыз болуы, лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеуі гастрит, асқазан ісігі ауруларына әкеп соқтырады.

Оқушылар витаминнің түрлерін сұрақ-жауап арқылы ойларын айтады.

(А,В,С,Д,Е және т.б.)

Оқушылар витаминнің тек қана адамға емес, сонымен қатар жан-жануарларға да керектігін сурет арқылы айтады.

«Салауат» атты сөзжұмбақ шешу.

1. Адамның басты байлығы не?

2. Дені сау адамның көңілі қандай болады?

3. Біз салауатты өмірдің несін сақтауымыз керек?

4. Деніміз сау болу үшін не ішуіміз керек?

5. Сау денеде салауатты не болады?

6. Асқар тауда қалың орман, кейде оны шөптей орам

7. Жаны саудың несі сау?

Салауат туралы оқушылар өлең оқиды.

Салауатты мақсатың-өмір сүру,

өмірдің мағынасын керек білу.

Сақтанып өз-өзіне ие болғын,

Салауатты ақылмен істе жұмыс.

«Біз салауатты өмір сүреміз».

Сабақты қорыту. Біз салауатты өмір сүру үшін денсаулығымыз мықты болуы шарт.

Сабақты бекіту. Суретте адамның эмоциялары берілу арқылы оқушылардың сабақ қандай дәрежеде өткені туралы білу, нақтылау.

Сабақты бағалау.

Үйге тапсырма беру. Витаминдер туралы әңгіме құрау.

Оқулықтан 130, 131 беттер.

Автор:
Ж.ОРАЗБЕК, Жамбыл ауданы