Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

10 санының құрамы


26 июня 2010, 13:37 | 3 315 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мєні 10-ға тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың зейінін, зерде үрдістерін, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.

Тєрбиелік:Оқу қызметіне, өз оқу єрекетіне саналы көзқарасқа, ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тєрбиелеу.

1)Сабақ түрі: аралас сабақ

2)Сабақ єдісі: көрсету, түсіндіру,ойын, сұрақ-жауап.

3)Сабақтың типі:жаңа білімді дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. оқу құралдарын дайындау, түгендеу

2. Психологиялық дайындық.

үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп.

Бас иеміз біз.

Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам). Менің ойымша, сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды ойынмен бастайық.

ІІ.үй тапсырмасын сұрау.

- Бүгін сабағымыз ерекше, өйткені бір мейрамға арналған.

- Қандай екенін мына сұрақтарға жауап беру арқылы табасыңдар.

- Сендер мына үшбұрыштың артындағы сұрақтарға жауап берулерің керек.

1. 10 см-де неше дм бар? (1дм)

2. Бір қолда неше саусақ? (5)

3. Бір аптада неше күн? (7)

4. 5 пен 7-нің арасында қандай сандар бар? (6)

5. Есік қандай геометриялық фигура? (төртбұрыш)

6. 1 жылда неше ай бар?

7. Заттарды бөліп алуға қандай амал қолданамыз?

8. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

9. Қосудың, азайтудың компоненттерін ата?

- Қандай сурет шықты? (шырша)

- Ия, балалар шыршасыз жаңа жыл болмайды.

- Біздің сабағымыз жаңа жылға арналады?

- Ал шырша ойыншықсыз болмайды

- Сендердің алдарында не жатыр?

- Ойыншықтар

- Осы ойыншықтарды Аяз атамыз жіберіпті.

Ол ойыншықтарда жасырынған сандар бар.

«өз орнынды тап» дегенде сендер сєйкес орынға тұрып, сандар тізбегін құрап, єр санға сєйкес «санамақ» айтамыз

Бір дегеніміз- бесік

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім – елім

Далам, тауым, көлім.

үш дегенім-үміт

үміт артар жігіт

Төрт дегенім-төзім

Төзе білем өзім

Бес дегенім-бақыт

Бағалайтын уақыт

Алты дегенім -ақыл

Тыңдағаның мақұл

Жеті дегінім-жалау

Жүректегі алау

Сегіз дегенім-сөзің

Серт бергенін көзің

Тоғыз дегенім -тоқтау

Елдің жоғын жоқтау

Он дегенім –Отан

Қорға соны ботам

- Біз отанымызды қалай атаймыз? (Қазақстан)

- Бұл біздің қасиетті жеріміз, еліміз, атамекеніміз, сенің, менің Республикам-Қазақстан.

Карточкамен жұмыс

ІІІ. үй тапсырмасын бекіту

Ал, балалар үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіңдер, жарайсыңдар.

ІV. Жаңа сабақ. Жасырынған жұмбақты шешейік

Оң қолымда бес саусақ.

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз

Кел санайық ал мұны

Нешеу болды барлығы? (он)

- Бүгінгі тақырыпта сендердің жауаптарындағы санға сєйкес кеп тұр.

- Ол қай сан?

- Он

- Ендеше сабағымыздың мақсаты 10 санының құрамын, қосу мен азайту амалдарының мағынасы туралы білу.

- Сол мақсатымызға жету үшін Аяз ата бізге электронды почта арқылы мынандай тапсырма жіберіпті. 10 дегініміз неше санның қосындысы.

- Ойланып жауап бере аламыз ба?

- Балалар Аяз атаның берілген ойыншықтары неше қатар (5)

Осы қатардың айырмашылығы бар ма?

/Слай арқылы тапсырмалар беріледі/

Ендеше бірінші қатарға тоқталайық.

1-ші қатардағы ойыншықтардың, айырмашылығы бар ма? (бар) -қандай

10 дегеніміз 9 жєне 1 немесе 1 жєне 9.

- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді?

Қосуды немен алмастыруға болады?

- Жарайсыдар Аяз ата риза болды сендерге!

V. Оқулықпен жұмыс.

3. тапсырма балаларға беріледі. Аяз атаның берген балаларға тапсырмасы. Сандар мен ұзындықты салыстыру.

VІ. Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам алайық.

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық.

Әдемі етіп жазайық.

Тығылыспақ ойыны.

- Ал балалар сендердің єрқайсыңда сандар бар. Мен тапсырма оқимын, сендер зейін қойып тыңдаңдар.

1. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек, 1-еуі тығылды, 1-еуі жығылды қалғаны неше үйрек? (6)

2. 10 асықтың 3-н досың сұрап алады, айтшы сонда нешеуі өз қолында қалады? (7)

3. Екі ешкінің мүйізі нешеу? (4)

VІІІ. Сабақты қорыту.

- Жақсы жарайсыңдар. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Орнымыздан тұрайық, көзімізді жұмып қыс мезгілін ойымызға түсірейік. Қыс мезгілі несімен сендерге ұнайды, несіз болмайды? (қарсыз)

Балалар, сендер қар жауғанды қалайсыңдар ма? Аяз ата сендерге тосын сыйлық жасап қар жаудырады. Ал 1,2,3 Қар жау! жау!

IX. Бағалау

Х. үйге тапсырма.

Туған жылы 12.01.1975 ж

Білімі: жоғары

Бітірген оқу орны: Жетісу Мемлекеттік университеті, 1996 ж

Жалпы еңбек өтілі-12 жыл

Санаты: ІІ санат

Жұмыс орны: Алматы облысы Қаратал ауданы

Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кәлпе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Автор:
Н.Д.ТАБИЕВА, мектепке дейінгі шағын орталығы бар, Кәлпе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қаратал ауданы