Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Адамгершілік тәрбиесі


26 июня 2010, 13:39 | 2 848 просмотров



Мақсаты: Оқушылардың білімдерін, дағдыларын,

іскерліктерін тексеріп, бекіту.

Міндеттері:

1. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі бойынша білім, іскерлік, дағдыларын жүйелеу.

2. Олардың практикалық іскерліктерін, танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін кеңейту.

3. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетінше жұмысқа, адамгершілікке, кәсіби біліктілікке баулу.

Сабақтың түрі: білімдерді бекіту.

Сабақтың формасы: практикалық, жарыс.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, кесте, «cөз жұмбақ»тапсырмалары жазылған топтамалар, бастауыш мектептің оқулықтары, топтық бағалау парақтары.

Сабақта қолданылатын әдістер: сөз жүзіндегі, көрнекі, практикалық, ізденіс, проблемалық, педагогикалық лото ойыны, «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойыны, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: педагогика, практика, педагогикалық риторика, тәрбие жұмысының әдістемесі, әдебиет.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлау.

Адамгершілік басталады сәлемнен,

Адамның қандай екені көрінеді осыдан.

Сондықтан қуанышты көңілмен,

Бар білімді ортаға кеп тастайық.

ІІ. Сабақтың мақсат–міндеттерімен таныстыру.

Оқытушының кіріспе сөзі:

Бүгінгі сабақты мен, Абай атамыздың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деген сөздерінен бастап, бүгінгі біздің жұмысымыз педагогикалық лото ойыны бойынша топтық жарыс арқылы жүзеге асырылады, жарысқа төрт топ қатысады (топтарды, әділ–қазы алқасын, бағалау топтамаларын, баға бес балл екендігін айтып таныстыру).

ІІІ. Білімдерді бекіту.

Қытай философы Конфуциді шәкірттері бірде сынамақшы болыпты. Біздің оқытушының осы білмей қалатын сұрағы болмай қалар ма екен деп, тексеруге бел буады. Сөйтіп, бір шәкірті даладан гүлге ұшып жүрген бір көбелекті ұстап алып, алақанына салып келеді де: «ұстаз менің қолымда көбелек бар, сол көбелек тірі ме, әлде өлі ме?» - деп сұрапты. Сонда ұстаз: «көбелектің өлі не тірі болуы сенің қолыңда, саған байланысты» - депті.

Бұл аңызды түсіну үшін «сатамын», «сатып аламын» деген тренингін өткіземіз, яғни қағазды екіге бөліп, бір жағына «сатамын», екінші жағына «сатып аламын» деп, бойыңдағы жаман қасиеттерді «сатамынға», ал өзіңде жетіспейтін қасиеттерді «сатып аламынға» жазасыңдар.

Екі–үш оқушыдан: «оның жаман қасиеттерін кім сатып алады, ал оған өзіне жетіспейтін қасиеттерді кім береді» - деп сұраймыз. Ешкімде өзге адамның бойындағы жаман қасиеттерін сатып алмайтыны және өзінің жақсы қасиеттерін сатпайтыны анықталады. Бұдан шығатын қорытынды: әркім өзінің бойындағы жаман қасиеттерін тәрбиелеумен, басқаның бойындағы жақсы қасиеттерін өз бойына сіңірумен айналысуы керек.

10 – лото. «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жоспары бөлек ұсынылады.

11 – лото. Венн диаграммасы бойынша жұмыс.

Адамгершілік қасиеттері тағы басқа...

ІV. - Білімдерді бағалау.

Сөз әділ – қазыларға беріледі. Олар жеке, топтық формада бағалап, талдау жасайды.

- үйге тапсырма: қайталау, тест сұрақтарына даярлану.

«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жоспары.

Тақырыбы: «Адамгершілік тәрбиесі».

Мақсаты: оқушыларға шешендік өнерінің іскерліктерін қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оларды білім деңгейімен ой-өрісінің жан-жақтылығына, адамгершілікке тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ойынға ұйымдастыру, ойын шартымен таныстыру, ойынға қатысатын оқушыларды шығару. Бұл ойын 3 айналымнан тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім.

1 – айналымнан 4 оқушыны шығарамыз, оларға жүргізуші мақал – мәтел айтады, ол мақалдың басын бастап береді, ал ойыншылар оны жалғастырып айтып беруі тиіс. Егер де кімде – кім бірінші болып санды көтеріп, дұрыс жауап берсе, оған 1 ұпай беріледі. Сөйтіп ойын жалғасады. Бұл ойында кімнің ұпайы көп болса, сол ойыншы жеңеді.

Мақалдар

1. Сыпайы сырын жасырмас,

Пұшық мұрнын жасырмас.

2. Қанағат қарын тойғызады,

Қанағатсыздық жалғыз атты сойғызады.

3. Жақсыны сыйласаң, есінен кетпейді,

Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.

4. Ақыл дария, алсаң да таусылмайды,

Жер қазына, қазсаң да таусылмайды.

5. Теңге тиыннан өсер,

Жылқы құлыннан өсер.

2 – айналымда басқа 4 ойыншы шығады, бұл ойыншыларға жұмбақ жасырады, яғни жұмбақшылар жеңімпазы анықталады. Жұмбақшылар жарысында жүргізуші жұмбақ жасырады, ал ойыншылар оның дұрыс жауабын айтады.

Бала би қартайған шағында халқын жиып:

Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не? – деп төрт сұрақ қояды.

Ешкім шешімін таба алмапты. Сонда бала би өзі айтқан сұрақтарына, өзі былай деп шешім айтқан екен:

Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім.

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі – депті.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Ойынға қорытынды жасап, ойынға қатысқандардан жеңімпазды анықтау.

Килибаева Гүлнар Қалиқызы, Қыздар педагогикалық институтының педагогика-психология факультетін бітірген. Санаты жоғары. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Педагогикалық еңбек өтілі 39 жыл.

Автор:
Г.К.КИЛИБАЕВА, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы, Есік қаласы.