Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Баланы оқыта отырып, мейірімділік сыйлау


26 июня 2010, 13:56 | 2 334 просмотра



Мектепке деген қуанышын, баланың бойында көпке дейін сақтап қалу мүмкін бе? Мектеп баланың өміріндегі бір алтын кезеңі ретінде есте қалуы мүмкін бе? Әрине, мүмкін! Солай болуы да керек!

Бастауыш мектептегі оқу мен тәрбиенің бала үшін маңызы үлкен.Сондықтан бәріде бастауыш сынып мүғаліміне байланысты. Мысалы, 9 жастағы бала бойында 80% ересек адамның қабілеті қалыптасады екен. 6-9 жастағы бүлдіршіндер саналық жағынан мектепте оқуға дайын. Оның ми жасушаларының құрылысы ересек адамдардың миына ұқсас қалыптасқандықтан, баланың психикалық және физикалық даму ерекшеліктерін айқындай алады.

Осы мезгілде бала бойына адамгершілік пен рухани тәрбиені сіңіруге болады екен. Балалық шақтағы дағды мен білім берік болады.

Мектепте баланы қалай бақытты қылуға болады екен? Меніңше, ең негізгі оқу процессі қызықты болуы керек, ал қарым-қатынас жүйесі жұмсақ, мейірімге толы болуы керек. Мектепке келе жатқан бала бір жаңалық, шексіз қуаныш, жетістік, мұғалімнің қолдауын күтеді. Баланың үміті ақталуы керек. Оқу процессі көңілсіз, бір нотада өтпеуі керек.

Біз бала тәрбиесінде эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөлмейміз. Эстетика біздің өміріміздің негізгі қағидасына айналмай, мәдениет пен өнеріміздің тыс қалғаны біз үшін үлкен қате. Балалар көп оқуы керек. Оқыған шығармалары бойынша сурет салғызу, музыка тыңдату, өз бетімен өлең құрастыру, шағын әңгіме жаза алуы шарт. Бұл балалардың тек қана тілін дамытып қоймайды, ойын, түсінігін дамытып, мәдениетке, сөздің мағынасын түсінуге тәрбиелейді. Оқу және тәрбие жүйесінде өнердің рөлі ерекше.

Бірінші кезеңде, балалар оқу процессін қабылдамайды. Оның ерекшілігін, оған деген талапты түсінбейді. Оқу процессінің мақсаты, білім мен дағды қалыптаспаған, зейінділігі, ұқыптылығы, шыдамдылығы, жігерлілігі дамыған бүлдіршіндердің зейінділігін, ұқыптылығын, шыдамдылығын дамыту.

Оқу іс-әрекетінде қолданылатын ойын, оның эмоциялық ерекшілігі, жылдамдығы, мазмұны мен әдістерін дүрыс ұйымдастыру, балалардың мектепке деген қызығушылығын арттыра түсетіндей.

Баланың қызығушылығын арттыра отырып, мейірімділікке тәрбиелеу

барысында да өз жүйесі болуы керек. Егер оқушымен қатынас барысында бүйырып, нүсқап сөйлессең, бала тұйық, немқұрайлы болып өседі. Егер біз тәуелсіз, өз ойы, өз пікірі бар тұлға тәрбиелейміз десек, одан сөзсіз бағынуды талап етуден қашуымыз керек. Тілалғыш бүлдіршін өз жігерлілігін жоғалтып, өзінен күшті түлғаның жетегінде кетіп қалуы мүмкін. Сол үшінде бүлдіршінді өз ісіне саналы қарауға тәрбиелеу керек. «Мынау болады-мынау болмайды» деген қағида бойынша емес, керісінше «қажет - бұлай істеудің қажеті жоқ» деген қағидамен тәрбиелеу керек.

Ыңғайлы бала әрқашан жақсы болуы да мүмкін. Мектеп жасындағы баланы қалай бақытты етуге болады деген кезде, менің айтарым, үлгілі педагогикалық әдістеме бойынша тәрбиеленген бала, көбіне бақытты бала емес. Ол өзінің «мен» пікірін ішінді сақтап, мүғалімнің ырқында жүреді.

Баланы жақсы көру керек, оны балалық құқығынан айырмай, кемшілігін де еркелігін де, шалағайлығын да ескере отырып, баланың тентектігін түсіне білу керек. Бала қандай іс-әрекет жасаса да, ол өзіне көңіл аудуру үшін жасайды. Бүлдіршіндердің тентектігі, сотқарлығы олардың психикасының жайғаспағанынан. Кейбір ата-аналар тәрбие деген, баланы тамаққа тойдырып, жақсы киіндіру деп түсінеді. Баланың сұрағына «қойшы», деп қолын сілтеп жауап береді. Мектепте кейде еститіні: «Қой!», «аузыңды жап!», «жалқау!», «сыныптан шық!» -деген сөздер.

Біз өзіміздің беделіміз үшінбалаларга қатал талап қоямыз. Бағындыруға тырысамыз. Ол неге бағынбайды? Себебін іздеуге тырыспаймыз. Сондықтан баланың бойында қуаныш, үрей пайда болады. Баламен мейірімді болуға қорықпау керек. Керісінше, кейбір мұғалімдер баланы өз ырқына көндіргісі келеді, қарсылық көрсеткенді ұялтып, бетіне басып, оның мүддесімен санаспайды. Сөйтіп, мұғалім мен оқушы арасындағы рухани қатынас жойылады.

Менің ойымша, көптеген жағдайларда мейірімділікпен шешуге болады. Біздің еркелете сөйлегеніміз, олар үшін күн сәулесі. Балаға деген адамгершілік бетімен жіберушілік емес, бұл саналы, мақсатты еңбек, балаға деген үміт. Бүлдіршіндерге дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, олармен көңілді сөйлеуге тырысу керек.

Бүлдіршіндерді тәрбиелеу барысында олардың әр іс-әрекетін қуанышпен қабылдап, таң қалудан қорықпаңыз. Оларды күн сәулесі болуға тәрбиелеп қоршаған ортасына нұр шашуға үйрету керек. Ең негізгісі, балаларды қатыгездіктен аулақ ұстау.

Баланы жақсы көре білу керек, оған сеніп, мейірімді, ақпейілді болуға көмектесу керек, оған ешқашан жаман сөз айтпай, қорламай, керісінше, үнемі оны ұлық тұту керек.

Бүлдіршіндердің барлығы да жақсы болғысы келеді. Біздің мейірімді сөзіміз олар үшін айна, сол айнадан өздерін көріп, жақсы болуға тырысады.

Автор:
С.Н.ЖЕКСЕМБЕКОВА, Қарауылтөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі