Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Халықаралық қор нарығы туралы не білесіз?


26 июня 2010, 13:59 | 4 531 просмотр



КЕРЕК КЕҢЕС

Халықаралық қор нарығы дегеніміз - оның негізін

құрайтын ұлттық қор нарықтарының жиынтықтары және қайталама қаржы ресуртарынан құралады.

Ұлттық қор нарықтарында қаржылық мәмілелердің субьектлері осы елдің заңды және жеке тұлғалары болса, онда ХҚН–да олар әр-түрлі елдердің субьектлері болып табылады. Мұндайда маңызы зор: әртүрлі елдердің өкілдері болып табылатын заемшылар мен кредиторлар арасында жасалған мәмілелер ақша–кредит ресурстарының бір валютадан басқа валютаға ауысуын болжайды. ұлттық және халықаралық активтердің бұлай араласуы ұлттық белгілеріне қарамастан, экономиканың барлық субьектлеріне жол ашатын бірыңғай әмбебап нарықтың қалыптасуына әкеледі. ХҚН –ның осылай қалыптасуына төмендегі факторлар әсер етеді. Олар: 1. Экономиканың ұлттық және шетелдік секторларыңың өсіп келе жатқан өзара байланысы. 2. Мемлекет тарапынан ақша және капитал ағындарының валюта бағамдарының қайта жүйеленуі, еңбек ресурстарының да ауысуы. 3. Сауда-саттық операцияларына инновациялық жаңа өнім жаңалықтардың ендірілуі, халықаралық сауда қор биржаларының ролі мен маңызының артуы, төлемдік есеп айырысулардың жетілдірлуі. 4. Банк аралық дамытуда қаржы активтерін электрондық аударымдардың кеңінен жасалуы. ХҚН-ғы құрылымы бойынша халықаралық экономикалық институттар саласында капиталдың жүзеге асырылатын әртүрлі қаржы институттары мен трансұлттық корпарациялар, биржалар, кредит- қаржы институттары, мемлекеттік агенттіктер, әр түрлі қаржылық делдардар брокерлік, дилерлік ұйымдардан тұрады. Ал Халықаралық бағалы қағаздар нарығы болса – ол капиталдың ең алдымен негізгі трансұлттық корпарациялар мен банктер орналасқан елдерден жаппай әкетілуінің нәтижесінде қалыптасады. Халықаралық бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы әртүрлі елдердің капиталын пайдалануды қажет ететін көптеген алып жобаларды кәзіргі заманғы ғылыми - техникалық революция, интеграциялық процестердің дамуымен валюта бағамдарының нақты тұрақтылығымен, ортақ көпұлтты валюталардың ендіріліуімен , сондай-ақ банк және биржа ісінің дамуындағы табыстарымен байланысты болады. Халықаралық бағалы қағаздар нарығы бүгінгі таңда әр мемлекетте жақынырақ жақындасуында, әлемдік жаңа инновациялық қоғамдық –экономикалық тәртіпке өтуде маңызды рольді атқарады.

Бұл Халықаралық бағалы қағаздар нарығының біріктіруші ролін

атқара отырып оның дамуының басым үдірісінің бірі болып табылытындығымен сипатталынады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар Эмитенттер, Инвесторлар, Делдалдар өздерінің ағымдағы және күрделі шығыстарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруға мүдделі, сонымен қатар бұл ретте оған заемшы, берешек иесі кәсіпкер ретінде сенуіне болатынын дәлелдей алатын қатысушы адамдар болып табылады. Бағалы қағаздар эмитенттері кәсби делдалдардың банктердің, брокерлердің инвестициялық компаниялардың қызметіне жүгінеді.

Себебі мұндайда ұйымдастырушылар және кепілгерлер ретінде бағалы қағаздар нарығындағы делдалдар болып табылады.

Ал кіріс алу мақсатында бағалықағаздарға қаражатын салатындар

инвесторлар болып табылады. Нәтижесінде бір мезгілде делдалдар бола отырып, өздерінің клиенттеріне қысқа мерзімді қағаздарды ішінара орналастыратын (яғни белгілі бір корпарациялардың коммерциялық банктері басқа корпорацияларға ұсынатын) банктер бағалы қағаздар нарығында инвесторлар ретінде негізгі басымдыққа ие бола алады. Бағалы қағаздар құжат иесі заемынің сол құжатты шығарған тұлғаға қатысты құқықтары мен қатынастарын куәландыратын ақша құжаттары жекеленген құжаттары шоттардағы жазбалар түрінде болады. Бағалы қағаздар олардың иелеріне пайыз (облигациялар) немесе дивидент (акциялар) түрінде кіріс әкеледі. Олар акциялар, облигациялар, және олардан туындаған бағалы қағаздардан құралады.

Автор:
Нұрман Нұрбәтіш, Жетісу Заң колледжінің Қаржы және несие пәні оқытушысы, Есік қаласы