Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮЛЕП ҰШАР ТҮЛЕКТІҢ СЫРЫ


26 июня 2010, 14:28 | 2 449 просмотров


Балаға білім мен тәрбие беретін, қасиетті ошақ – мектеп. Әр адамның өз туған жері қандай ыстық болса, түлеп ұшқан алтын ұя мектебі сондай жанына жақын екені белгілі. Себебі, мектеп қабырғасында сенің балалығың, бақытты шағың қалады.

Қазақ халқының рухани мәдениетінің түп қазығы, киелі Жетісу өлкесінің, Көксу ауданы, Талапты орта мектебі де биыл өмір атты майданға өзініҢ 17 түлектерін ұшырмақшы. «Өмір күрес» деген сөзді көп естіп жатамыз. Сол күрестің, майданның бірінші баспалдағы Ұлттық Бірыңғай тест сынағы шығар деп ойлаймын. Осы сынаққа дайындалу барысында мектебіміздіҢ директоры мен ұстаздарымды жаҢа қырларынан көріп танығандай боламын. Олар үлкен, қиын еңбектің иелері екен. 11-сынып оқушыларына деген ерекше талап жүйелі бақылау жұмыстары бізді күннен-күнге шыңдап, жауапкершілікке ұмтылдырды.

Мектептегі оқу – тәрбие ісініҢ бір арнада тоғысып, оң нәтиже беруінде мектеп директоры Жанаханов Елемес Жекенұлының еңбегі ерекше екенін көпшілік біледі. Сынып жетекшіміз Бектемірова Гүлсағира Қарбозқызының шәкірттеріне әрдайым парасат – пайыммен бағыт сілтеуші екенін көремін. Гүлсағира апайымызбен қоштасар сәт жақындаған сайын көңіліміз толқиды.

Алдарына келген оқушыларын адам болып қанаттансын деп, қысы–жазы тер төгіп, екінші анамыздай бағып-қағып жүрген аяулы ұстаздарымыз қаншама... Алпарова Бақыт, Шантикова Жанат, Нұранбекова Әспет, Биядилова Қарлығаш апайлар, Тұрсынбеков Қанапия ағайларымызды атап өтуге болады. Біз - бұл ұстаздарымыздыҢ үмітін ақтай аларма екенбіз деп ойлап қоямын.

Ел қорғаған батыр да, бар әлемді бағындырған ғалым да, жер–анаға егін егер диқан да, бұлбұл әнші де бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан, аяулы ұстаздарым, сіздерге адамзат атаулысы құрметпен бас иеді. Біздің көҢілімізден мәңгі кетпейтін тұлға болатындарыҢызды айтқым келеді. Мың мәрте бас исек те, сірә, артық болмас?!

Автор:
Еңлік САҒЫНДЫҚОВА, Талапты орта мектебінің 11-сынып оқушысы, Көксу ауданы.