Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қош бол,мектеп! Қош, бол ұстаз!»


26 июня 2010, 14:34 | 3 078 просмотров



«Мектеп!», «Ұстаз!», «Оқушы!» - үш ұғымнын орны әр бір адам баласыныҢ жүрегінде ерекше сақталары анық. Балалық дәуренніҢ бал-бұл жанған әр сәті де осы үш сөзбен тікелей байланысты. Өмір дарияныҢ бастауы да адам баласы дүние есігін ашқан сәттен басталып, мектеп өмірі арқылы үлкен өмірге жолдама алады. Қарап тұрсаҢыз заманныҢ өмірлік ережесі де осыдан негіз алары хақ.

Иа,аққа нсудыҢ асау арнасындай жүйрік жеткізбес уақыт-ай де

сеҢші! Көзді ашып-жұмғанша балалық шақтыҢ бал дәуренінен алыстап, мектепті де аяқтаппыз-ау! Ата-ананыҢ үмітін ақтаймыз деп, болашақтыҢ биігінен қол бұлғаған ақ арманға жетеміз деп, жыл бойғы уақытымызды ҰБТ-ға деген дайындыққа арнап, 11-сыныптыҢ да қас қағымда өтіп кеткенін аҢғармай қалыппыз. «Білім – теҢіз, мектеп – кеме» дейді ғой, мектеп қабырғасында жүріп талай ұстаздыҢ тәлімін алып, дүниеніҢ, жаратылыстыҢ, табиғаттыҢ сырын ұғып, өмірге деген көзқарасымыз, түсінігіміз қалыптасып, дүниетанымымыз кеҢейіп, рухани жан дүниеміз байып, саналы бір тұлға болып қалыптастық.

Осыдан біраз уақыт артта қалған күндерге көз жүгіртсем, «СоҢғы қоҢырау» мерекесі мен үшін жадымда ерекше қалған күн. Ұясынан түлеп ұшқан балапандай, мектеп ұямыздан үлкен өмірге, болашаққа қанат қақтық. Сол күні мерекелік салтанатқа жиналған мектеп бітіруші түлектердіҢ жүрегіндегі толқыныс жүздерінен байқалып тұрды. КөҢілімізде әлі де болса сенбестік болды, әлі де мектепке оқушы болып келетіндей болдық. Әрине, бұндай қимастықтыҢ болуы алтын ұясына бауыр баскан балапандай болған әр бір шәкірт үшін заҢды да. Салтанатты жиында айтылған тілектердіҢ, құттықтау сөздердіҢ барлығы дерлік бізге, яғни жас түлектерге арналды. БіздіҢ жүрегіміздіҢ толқынысы минут өткен сайын үдей түсті. Бірде көз алдымызда мектептіҢ қимас бейнесі тұрса, бірде осы мектепте өткен балалық шағымыздыҢ елестері өтіп жатты. ӘттеҢ, уақыттыҢ шешіміне шектеу бар ма?! Бір мезетте біз үшін қоҢыраудыҢ «соҢғы» рет соғылар сәті де жетті. Ал бұл сәттіҢ толқынысын сөзбен жеткізудіҢ өзі қиын... «2010 жылдыҢ мектеп бітіруші түлектеріне арналған соҢғы қоҢырауды соғуға рұқсат етіҢіздер»,-деген жүргізушініҢ сөзі аяқталысымен қолына қоҢырау алған оқушыныҢ адымдаған әр бір қадамынан-ақ жүректіҢ шапшаҢ соққан дүрсілі сезілді. КөздіҢ алдына сыҢғырлап қоҢырау келеді... Айнала үнсіздік... Біз үшін бәрі үнсіз. Құлағымыз тек қоҢыраудыҢ үнін ғана естіп тұрғандай. КөздіҢ алдында өткенніҢ өшпес елестері жүріп жатыр... Мұны сезген жүректіҢ дүрсілі мен көҢіл толқып, жанардан жас тулап қоя берді... Мектеп ұямыз да қоҢыраудыҢ қоштаса соғылған үніне қосылып, бізбен қоштасып тұрғандай... Біз де қоштасып тұрмыз...

Аллағаш үкір, бүгінде алтын ұямызбен қоштасып, көптен күткен сын сағаты ҰБТ-ны тапсырып, қолымызға аттестат алып, мектеп бітіру кешін өткіздік. Енді міне оқуға құжат тапсыруға әзірленіп жатырмыз. Әр қайсымыздыҢ кеудемізде жалындаған үміт оты бар. Ата-ананыҢ сенімін ақтап, болашаққа нық қадам бассақ деген асыл арман жатыр. УақыттыҢ көшіне еріп, өмірдіҢ осындай бір белесіне де келген екенбіз. Мектеп ұядан қанат қақтық, алайда біздердіҢ орнымызды басар бүлдіршін шәкірттер келді. Олар енді біздіҢ жақсы істерімізден үлгі алып өсер. Күн сайын көркейіп, болашаққа биік мақсаттар қойып, жастарына зор үміт артқан егемен еліміздіҢ ертеҢі біздіҢ қолымызда екені хақ! Сондықтан ел ертеҢі үшін бүгіннен бастап еҢбек етететін біздіҢ басты сеніміміз – біліміміз. Алдағы уақытта үлкен білімніҢ қанатынан ұстап шарықтайтын құрдастарыма қанаттарыҢыз талмай, әрқашан да арман көгінде биік самғап, ел ертеҢі үшін бар күштеріҢізді салыҢыздар демекпін. Болашаққа басқан қадамдарыҢыздан биіктерге жеткізер жол бастауын алсын! ЕліміздіҢ арайланған аспанындай болашақ аспаныныҢ жарық күні болыҢыздар!!!

Автор:
Ерболғанова Ажар, Еркін ауылы, Талдықорған қаласы