«АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ»

«АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ»

Балабақша Балабақша әдістемесі Тәрбие Тәрбие сағаты

Автор:

Иманбаева Эльнара Алмасовна

№1 “Арай” балабақшасының Ересек «Аққу» тобының тәрбиешісі

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың көлік түрлері туралы білімдерін кеңейту, түсінік беру, көлік түрлерін атату.

Дамытушылық: Автобус туралы түсінік бере отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Автобустың пайдасы жөнінде әңгімелету, жүргізуші жөнінде түсінік беру.

Тәрбиелігі: Үлкендер еңбегін бағалауға, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Автобус, көлік, жүргізуші.

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, бізге көп қонақтар, апайлар келіпті. Келіңдер шаттық шеңберге тұрып сәлемдесейік.

Саламатсыздарма?

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

— Жарайсыңдар, балалар өз орындарымызға жайғасайық.

— Балалар, қазір жылдың  қай мезгілі?

-Қыс мезгілі?

— Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

— Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын ойланып отырып шешуін табыңдар.

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.

(Автобус)

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. (Пойыз)

— Балалар, автобус, пойыз т.б бір сөзбен не деп атайды?

-Көліктер

Балалар – көліктерді түрлеріне қарай нешеге бөлеміз?

-Үшке

Дұрыс, әуеде, суда, жерде жүретін болып үшке бөлінеді.

— Әуе көліктеріне қандай көліктер жатады? ұшақ, зымырант.б)

— Ал су көліктеріне қандай көліктер жатады? (кеме, қайық)

— Ал жер көліктеріне қандай көліктер жатады? (жеңіл машина, автобус, жүк көлігі пойыз)

Дұрыс. Ендеше «Өз орнын тап» деген ойын ойнайық

Таңқалардық сәт: Топқа Автобус айдаған Бауырсақ келеді

Бауырсақ: Сәлем достар, привет, хеллоу.

Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді?

Ол немен келді?

Балалар, Мен Ормандағы достарымды  қонаққа шақырып едім .Олар немен келеміз көлік жибер деп жатыр. Қандай көлік жіберсем болады.

Балалар ормандағы достарына қандай көлік жібереміз?

-Дұрыс, Автобус

Бауырсақ: Ой балалар менде бірақ автобус. Ал менің достарым көп олар симайды.

Тәрбиеші: Бауырсақ сен уайымдама Біздің балалар саған автобус құрастырып береді. Ол үшін автобустық қандай бөліктерден тұратынын айтсаң болғаны.

Жарайды ендеше айтып берейін

  1. Автобустың қаңқасы
  2. Есікгі
  3. Терезесі
  4. 4 дөңгелегі

Балалар ендеше жұмысымызға кірісейік орындарыңа отыра қойыңдар.

Тәрбиеші. Балалар біз құрастыру жұмыстарын бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік. Желімді аузымызга салмаймыз.

Жұмыс аяқталғанда желімді жауып қоямыз.

Мен сендерге құрастыруға қажетті деталдарды дайындап келдім. Ең алдымен қаңқасын жасап аламыз

1.Ол үшін мына қатты картонды алып ортасына беттестіре бүктейміз.

2.Бұрыштарын бүртейміз

Міне балалар қаңқасы дайын болды

Енді терезелерін жапсырайық

Содан соң есігін жапсырайық

Енді 4 дөңгелегін жапсырайық

Балалар жұмысымызды аяқтап болсақ апайларға көрсетейік.

Бауырсақ: Қандай әдемі автобустар, менің достарым қуанатын болды рақмет сендерге. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалр сендер шаршаған боларсыңдар

Сергіті сәті. Қыдырып қайтайық әніне сергіту сәті.

Рахмет сендерге

Балалар біз қандай көлік құрастырдық. автобус.

Автобустық құрылысы қандай екен

. Қаңқасы-кузов

Есігі-двер

Терезесі-окна

Дөңгелегі-колесо

Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі іс әрекетке жақсы қатыстыңдар сол үшін мен сендерге мынандай бағалай күлкілерін сыйға беремін .Ол жай сыйлық емес ата-аналарыңмен бірге жаттап алатын автобус өлеңі бар. Рақмет сендерге.

Күтілетін нәтиже:

Қайта жаңғыртады: көлік түрлерін ажыратады;

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды, автобустың басқа көліктерден айырмашылығын;

Қолданады: түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып, бөлшектерді жапсырып құрастыруды.

«АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *