БАЛАБАҚШАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

БАЛАБАҚШАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Балабақша Балабақша әдістемесі Культура Тәрбие сағаты

Авторы:

Омарова Айжан Ерланқызы

№1 “Арай” балабақшасының ересек «Аққу» тобының тәрбиешісі

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Экологиялық тәрбие мәселесi – ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесiн қалыптастырудың бiр бөлiгi. Сол арқылы әлеуметтiк-экологиялық, мәдени-рухани мәселелердi қоршаған орта мен адам баласының денсаулығына ешқандай зиян келтiрмей шешу жолдарын қалыптастыру керек.

Экологиялық тәрбиенi қандай да бiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрiнсiз, әдет- ғұрпынсыз елестету мүмкiн емес.

Көрнектi педагогтар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский тәрбиенiң бастау көзiн қоршаған орта әсерiмен, халықтық тәжiрибемен тiкелей байланыстырып отырды.

     Мәселен, Я.А.Коменский “Тәрбие табиғилығы” еңбегiнде кешендi оқу процесiн жүргiзуде табиғаттың алатын орны ерекше екендiгiн, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қоршаған ортамен салыстырмалы түрде түсiндiрiлiп, жүргiзiлсе, нәтижелi болатынын ескертедi.

     Педагог В.А.Сухомлинский табиғат құбылыстарының қай-қайсы да адамға әсер ететiндiгiн, сондықтан оның сырларын бiлудi бала кезден қалыптастыру керектiгiн айтқан. Сондықтан, жылдың қай мезгiлiнде де табиғаттың әдемiлiгiн танытып, сол арқылы бала жанына сұлулық пен тазалықтың нәрiн құю керектiгiн мол педагогикалық жұмысының өзегi еткен

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бір бөлігі білім саласынның сапалық және экологиялық, қоғамдық-экономикалық қатынастар тұрғысында жаһандану кезеңіне өтуіне, әлемдік ақпараттық дамумен ықпалдасуына бағытталған.

     Балаларға экологиялық тәрбие беру — адамзаттың, тұтасатай қоғамның қазіргі табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Қазақстанның келешегі бүгінгі күнгі жастардың мектеп қабырғасынан қандай құндылықтармен тәрбиеленіп шыққандығына, санасы мен өмірге көзқарастарының қаншалықты қалыптасқандығына тікелей байланысты. Балаларға тәрбие берудің құралы ретінде балабақшада өтілетін іс-шаралардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланудың жолдарын ұсыну, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде ұлттық баспасөз материалдарын кеңінен қолдану — бүгінгі күнгі білім мен тәрбие беруегі негізгі мәселелердің бірі.

Қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, қалыптастыру — болашақ ұрпақ үшін жасалатын адамгершілік тұрғыдан қамқорлық.

          Біздің балабақшадағы экологиялық тәрбиенің мақсаты келесі міндеттер  бойынша жүзеге асырамыз:

Білім беру – қазіргі заманғы экологиялық проблемалар жайында білім жүйелерін қалыптастыру және оның шешілу жолдары;

Тәрбиелік – экологиялық мақсатқа сәйкес іс-әрекеттер мен қызметтің тұтынушылық себептері мен дағдыларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Экологиялық тәрбие мазмұнына құндылық бағытынан шығатын нормалар жүйесі кіреді. Құндылықтар жүйесі табиғаттың өзіндік құны мен бірегейлігін түсінуден шығады. Осы жерде адам табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырылады, ал табиғатты сипаттағанда оның адамға келтірер көпқырлы құндылықтары ерекше аталады.

        Экологиялық тәрбие мазмұнын балалар өздерінің әртүрлі әрекеттерімен меңгереді. Оқу процесін ұйымдастырудың әрбір формасы балалардың танымдық қызметтерінің саналуан түрлерін ынталандырады: әртүрлі ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істеу — фактіге негізделген материал жинауға, проблеманың мәнін ашуға мүмкіндік береді, ойын саналы түрде шешім қабылдау тәжірибесін, шығармашылық қабілет қалыптастырады, сонымен бірге жергілікті экожүйелерді меңгеруге және қорғауға нақты үлес қосуына, құнды идеяларды насихатттауға мүмкіндік береді.

Балалардың экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:

— саяхат;

— мұражайларға бару;

— мақсаттық серуендеу;

— телебағдарламалар, бейнефильмдер;

— табиғат туралы көркем әдебиеттер;

— суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

— музыка тыңдау;

— дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

Экологияға байланысты қалалық жарыстарға қатысу».

Балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуде педагогтың да білікті жан болуы шарт.

    Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалана білуі қажет. Осыған байланысты  тәрбиеші әр түрлі материалдары арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға деген көзқарасын дамытады.

Тәрбие жұмысының жаңа жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, экологияға деген дүниетанымы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

      Зерттеу барысында экологиялық тәрбие беру теориясының негіздерін, балабақшада жүргізілетін жұмыстардың әдістемесін және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені оқып-үйреніп, тиянақты талдау жасау арқылы балаларға экологиялық тәрбие берудің жүйесін көрсетуді дұрыс көрдік. Біздің пайымдауымызша балаларға қоршаған орта арқылы экологиялық экологиялық беруде бұл жүйе мұғалімдерге, тәрбиешілерге негізгі бағыт-бағдар алуға көмегін тигізеді. Сондықтан жеке тұлғаның бәсекелік қабілеттілігін, экологиялық мәдениеттілігін және ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтарын ұштастырып, толымды тұлғаны тәрбиелеудің мазмұнын жүзеге асыру қажет.

     Экологиялық білім мен тәрбие беруде педагогтың ойын арқылы балаға өз ой-пікірін айтқызу үшін оларға барынша еркіндік беруі, шыдамдылықпен жалықпай тыңдауы, қате пікірді бірден жоққа шығармауы, шәкірттің пікірімен тең дәрежеде санасуы құптарлық.

Қазіргі қоғамның тұлғаға қоятын талабы — оның экологиялық санасының және мәдениетінің жоғары болуы. Ол тұлғаны қалыптастыруда басты тетіктерді колданғанда нәтижелі болады, яғни табиғатта танымдық, тәжірбиелік іс-әрекетте, табиғи ортаны эстетикалық игерген жағдайда.

Қорытындылай келе, қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері.

Айналамен танысу арқылы, ойындарды ойнау барысында балалар табиғат сырларын өзіндік ерекшеліктерін танып білу дағдыларын игереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *