7М01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
білім беру бағдарламасы
2-курс магистранты Утеулинова Жанель Маратовна
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
(Талдықорған қаласы, Қазақстан)
Қазіргі қоғамда еркін, креативті, бәсекеге қабілетті және жауапты тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған өзгерістер өте көп. Солардың бірі білім беру саласындағы өзгерістер қатары. Бұл өзгерістер білім алушының шығармашылық әлеуетін, әлеуметтік белсенділігін және оның жеке қабілеттерін дамытуды көздейді.
Білім беру процесінің барлық қатысушылары білімгерлер бойына жоғарыдағы қабілеттерді сіңіру үшін даралап оқыту технологиясының маңыздылығын алға тартады. Себебі, даралап оқыту технологиясының негізгі оқытудағы мақсаты – білімгерлердің білімін, іскерлігі мен танымдық дағдыларын жетілдіруді, оқу бағдарламаларын жетік игеруін көздейді. Осы арқылы оқушының білім деңгейін өз қабілетіне сай қарқында игеруіне жол ашады және оның өз қатарластарынан салыстырмалы түрде артта қалуын азайтайтады.
Даралап оқыту технологиясының дамытушылық мақсаты – білімгердің оқу еңбегінің логикалық ойлауын, шығармашылық дағдысын қалыптастыру және дамыту. Сонымен қатар, жеке айырмашылықтарын ескере отырып, оқушыларды белгілі бір топтарға бөле отырып оқыту. Бұл білім алушының қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудағы алғашқы алғышарттарын құрайды.
Даралап оқыту технологиясының міндеттерінің бірі – білімгерлерге оқу бағдарламаларын игерудің әр түрлі құралдарымен жәрдемдесу, оқушылардың үлгермеуінің алдын алу, танымдық қызығушылықтары мен жеке қасиеттерін дамыту, әлеуметтік мүмкіндіктерін құру және одан әрі дамыту.
Мұғалім үшін оқытуды даралау — бұл белгіленген уақыт аралығында оқушының жеке тұлғасын ескере отырып, қойылған дидактикалық мақсатқа жетуге бағытталған білім алушының іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
Білім алушылар үшін оқу іс-әрекетін даралау — өзін-өзі ұйымдастыратын процесс болып табылады. Ол көбінесе педагогикалық әсерге байланысты, жеке тұлғаның оқу іс-әрекетіне психологиялық дайындық деңгейіне байланысты өзгеретін мотивтермен, мақсаттармен, міндеттермен, оқу мазмұнымен сипатталады.
Даралап оқыту технологиясы оқу әдістерін баланың қабілетіне бейімдеуге мүмкіндік береді. Даралап оқыту технологиясының оң тұстары төмендегідей жіктеледі:
- Ұсынылған материалды зерттеу ыңғайлы қарқынмен жүреді. Сұрыптауға немесе қателесуге уақыт жоқ деген қорқыныш болмайды.
- Оқу қызықты болады. Өзгеретін тапсырмалар, әртүрлі әрекеттерді пайдалану және достар тобында жұмыс істеу.
- Мотивация артып келеді. Білімгер нәтижеге жетеді және оны сезінеді. Өз еңбектерінің жемісін көргенде — оқуда әлдеқайда биіктікке ұмтылады. Оқушылар өздерін дәлелдеуге, шығармашылық ойлауды дамытуға және қабілеттерін ашуға мүмкіндік алады.
- Командада жұмыс істей білу. Құрдастарымен үнемі қарым-қатынас жасау және ортақ міндеттерді шешу қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бұл өмірде пайдалы болатын маңызды қасиеттер.
Даралап оқыту технологиясы арқылы оқытуды ұйымдастыруда туындайтын маңызды мәселелердің бірі – білімгерлердің білім деңгейін нақты анықтау мәселесі, онда сыртқы және ішкі саралауды жүргізген жөн. Бұл мәселені шешу үшін саралауға негіз болатын жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін және олардың белгілі бір жаста даму дәрежесін анықтау керек.
Ең алдымен, білімгерлердің оқу іс-әрекетіне әсер ететін және оқу нәтижелері тәуелді болатын психологиялық ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Бұл психологиялық ерекшеліктер қатарына: барлық танымдық процестер мен есте сақтаудың ерекшелігі, жүйке жүйесінің қасиеттері, мінез-құлық ерекшеліктері, темперамент, қабілет, дарындылық, денсаулық жағдайы жатады.
Даралап оқыту технологиясы жүзеге асыруда ең алдымен ішкі және сыртқы даралау ажыратылады.
Ішкі даралау дегеніміз – білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу арқылы оларды қарапайым топтар бойынша оқыту шеңберінде жүргізілетін оқу процесін ұйымдастыру. Олардың барлығы бірдей оқу бағдарламалар мен нұсқаулықтар бойынша жұмыс істейді, бірақ педагог маман жеке жұмыс әдістерін, формалары мен оқу құралдарын пайдаланады. Қарастырылып отырған тәсіл ішкі оқытуды даралау деп аталады.
Ішкі даралау жұмыстары біркелкі жүзеге аспайды. Оның әртүрлі модификацияларын ажыратуға болады:
1. Жас ерекшеліктері бойынша — білімгердің төлқұжаты мен биологиялық жасы арасындағы айырмашылықтарды есепке алу.
2. Оқыту дәрежесі, дамыған дағдылар деңгейі бойынша — әріптерді білу, оқи білу, санау.
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты бойынша — білімді көбейту және оларды таныс жағдайда қолдану, үлгі бойынша жұмыс, жаттығу жаттығуларын орындау.
4. Нейропсихологиялық ерекшеліктердің табиғаты бойынша — ауызша, индуктивті ойлау, логикалық ойлау.
Сыртқы дарадау – бұл білімгерлердің өздерінің ерекшеліктеріне, қабілеттері мен бейімділіктеріне сәйкес топтарға бірігетін оқу процесін ұйымдастыру. Бұл топтарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүзеге асыруға болады. Белгілі бір жеке ерекшеліктері бар балалар қабылданатын мектептер мен сыныптардың ерекше түрлерін құруды көздейтін сыртқы саралау жұмысы болып табылады.
Оқытуды даралау мәселесі бойынша және сараланған оқыту жүйесіндегі білім алушылардың жеке дамуының психологиялық-педагогикалық тұжырымдамасы туралы заманауи зерттеудің теориялық базасын зерттеуші ғалымдар: Ю.К.Бабанский, В.В.Давыдов, Л.С.Выготский, П.Я.Галперин, М.А.Данилов.
Даралап оқыту технологиясына қатысты әртүрлі көзқарастар өз көзқарастарын білдіруші озық ғалымдар қатарында: А.В. Хуторский, И.Т. Бутузов, С.Е. Покровская, В.А. Монахова, В.М. Орловой бар.
А.В. Хуторскийдің пікірінше, «Даралап оқыту технологиясы — бұл оқу мазмұнын оқушылардың ерекшелігі мен білім деңгейіне сай түрде саралай оқытуды ұйымдастыру. Арнайы шарттарды ұйымдастыру және оқушыларды жеке қасиеттерін тиімді дамыту мақсатында сантүрлі болатын педагогикалық үдеріс» — деп қарастырады.
С.Е. Покровская пікірінше, «Даралап оқыту технологиясы — білім беру жүйесінің барлық формалары мен әдістері арқылы оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін дамыту процесі» — деп анықтайды.
И.Т. Бутузов даралап оқытуды келесідей қарастырады. «Оқушылардың көзделген оқу нәтижесіне әртүрлі жолдармен келуіне мүмкіндік беру» — деп есептесе, В.А. Монахова, В.М. Орловой «Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың типтік, жеке айырмашылықтарына сай жұмыс жасау және мұғалімдердің қалыпты жұмыс жағдайында шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алғышарт» — деп тұжырымдайды.
Қорытындылай келе, білім беру процессіндегі даралап оқыту технологиясы қазіргі уақыттағы отандық және шетелдік педагогика саласында аса ауқымды назарға ие. Өйткені білім беруді ұйымдастырудағы даралап оқыту тәсілі қолайлы ортаны құрудың қажетті шарты ретінде көрінеді.
Даралап оқыту тек мазмұнды саралауды ғана қамтымайды. Сонымен қатар әртүрлі әдістерді, фронтальды, топтық, жеке жұмыс формалары арқылы жүйеге бөле отырып, оқытуды ұйымдастырады. Даралап оқыту барысында білім алушылардың өз мүмкіндіктеріне сәйкес дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер, оқыту нысандары және арнайы дидактикалық материал қолданылады.
Даралап оқытудың басты артықшылығы — оқушылардың танымдық белсенділігі мен тәуелсіздігін ескере отырып, әр баланың интеллектуалдық белсенділігін, ерекшеліктері мен мүмкіндіктері сәйкес білім базасын құру, оқытудағы артта қалушылықты жеңу. Білімгерді ынталандыруда даралап оқыту технологиясының алатын орны орасан зор.
Жалпы алғанда, білім мен дағдылардағы олқылықтарды жою үшін мүмкін болатын жеке тапсырмаларды орындау, қосымша материалды таңдау, оқу тапсырмаларын нақтылау, қателіктердің алдын алатын жұмыс тәсілдерін көрсету, тапсырма үлгілерін бірлесіп орындау, білім берудегі мүмкін болатын қиындықтар мен оларды жеңу жолдарын іздеу педагог маман үшін де шығармашылық ізденістің қайнар көзі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қожамқұлова Ж. «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» Алматы, 2013 ж.
- Акимова М.К., Козлова В.П. «Индивидуальность учащихся и индивидуальный подход». – М., 2002.
- Бутузов И.Т. «Дифференцированное обучение – важное дидактическое средство эффективного обучения школьников»., 2000.
- Выготский Л.С. «Педагогическая психология» – М., 1991
- Монахова В.А., Орловой В.М. «Концепция дифференциации обучения в средней общеобразовательной школе» / Под ред.. –М.1990.-195с.
- Бұзаубақова Қ.Ж. «Жаңа педагогикалық технология». Тараз. (2003).
- Селевко, Г. К. «Современные образовательные технологии» Народное образование, 2008.
- Гонеев, А. Д. «Основы коррекционной педагогики»: учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений Изд. центр «Академия», 2009.