ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҒАН ЖАН БАҚЫТТЫ!

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАҒАН ЖАН БАҚЫТТЫ!

Сұхбат

Газетіміздің редакциясына көпті көрген ұлағатты ұстаздан хат келіп түсті. «Адам және оның еңбегі» ай¬дарына Сарқан қаласының ар-дагер ұстазы Колубекова Кәукер Салқынбайқызы өзінің көп жылдық ұстаздық еңбегін, толассыз ізденісінің арқасында жеткен шыңдырын, зерделі білімімен бағындарған белестерін баяндап хат жолдапты. Хаттың түпнұсқасын еш өзгертпей оқырман қауым назарына ұсынуды жөн санадық.

«Құрметті «Білім шапағаты» редакциясының ұжымы. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай оты¬рып, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін! Сіздермен хат арқылы сұхбаттасып отырғаныма қуаныштымын! Сенбеулеріңіз де мүмкін, бірақ, бұл шындық…

18 қаңтарда , үйдегі қақпаның саңлауынан қыстырылып тұрған сіздердің №1 (228) жұма, 10 қаңтарда басылым көрген газеттеріңізді көріп, қайран қалдым. « О, Тауба , мынау маған Алланың жіберген сый- сияпа¬ты шығар»- деп газетті үйге әкеліп оқи бастадым. Газет тура менің, баяғыда өзім мақала жазып жүрген «Қазақстан мұғалімі» газетіне айнымай ұқсайды екен! Содан басылым маған қатты ұнап, поштаға барып газетке жазылдам. ..Енді үзбей алып оқитын боламын!

Алдымен мен өзімді сіздерге танысты¬рып кеткенді жөн көрдім.

Менің өмір жолым Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі қиыншылықтарға бай-ланысты болды. Қарғыс атқыр соғыс басталғанда мен екі жаста болыппын. Жалғыз ағайым сол соғыстың құрбаны. Әкемнің бір аяғы жоқ болатын, ауыл¬да жүріп еңбек етті, жетімдерді асыра¬ды. Анам масақ теріп, киім тігіп, соғыс ауыртпалығын көтерді. Соғыс біткенде мен 7 жаста едім. Мектепке әкем же¬тектеп апарып: « Оқы балам. Оқысаң шамнан шырақ жағылады, іздегенің алдыңнан сұрамай-ақ табылады» -деп ағартушы Ыбырай Алтинсаринның сөзімен батасын берді. Оқи жүріп еңбекпен шыңдалдым. Демалы¬ста үлкендермен бірге көксағыз бен масақ тердім. Ерінбедім, көппен бірге қиындықты көтердім.

Осыдан 60 жыл бұрын 1953 жылы Ақсу ауданының Қарасу жеті жылдық мектебін үздік бітіріп, Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектептің 8 ші сыныбына қабылдандым. Мек¬теп жанындағы интернатта тұрдым. Интернаттың оқушылар кеңесінің жетекшісі болдым. Мектеп комсомол ұйымының хатшысы болдым. Содан мен қоғамдық жұмыстарға белсене арала¬са бастадым. Қаладағы ескерткіштерді, саябақтарды қамқорлыққа алу, қарт- мүгедек адамдарға көмек көрсету біздің жоспарымыздың күн тәртібінен түспейтін еді. Ауданымыздың өсіп- өркендеуіне ат салысатын едік.

Еңбекпен шыңдалып өскен біздің ара¬мыздан шыққан ғалымдар, ақындар, профессорлар қаншама десеңші…

Ал қазір еңбектің құны неге түсіп кетті? Еңбекпен шыңдалу неге ұмыт қалды? – деген ой мені мазалауда.

Ұстаздықты оқып жүріп таңдадым,

Ұстаз болу бала күнгі арманым.

Тағылымы жақсылардың жанымда,

Шәкірттермен нұрлы бүгін жан- жағым!- дей отырып бірінші орынға мен жар емес, мамандықты қойдым. Себебі, менің мамандығым маған өмір берді, күш берді, шабыт берді. Мамандық таңдау жас кезіңнен , яғни мектеп табалдырығын аттаған сәттен болатын құбылыс. Ал, жар таңдау кейіннен болады. Мен ай¬тар едім « Менің мамандығым- менің махаббатым! Жарды таңдамайсың, оны Алланың өзі қосады » деп.

Мен мектепте 54 жыл еңбек еттім, мұғалім болдым. Соның ішінде 10 жыл бойы мектептің оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқардым. Зейнеткерлікке 1994 жылы шықсам да, ары қарай 16 жыл бойы оқушыларға математика- ин-форматика сабақтарынан дәріс бердім. Алғашқы еңбек жолымды 1957 жылы өзім оқыған Абай атындағы мектептен бастап, 2011 жылға дейін мектептен қол үзбедім. Менің оқушыларым қазір шет елдерде оқуларын жалғастырып жүрсе, көпшілігі еліміздің түкпір- түкпірінде : мұғалім, дәрігер, инженер, техник, банк, заң қызметкерлері мамандықтарының иегері. Мен сондықтан өзімді бақыттымын деп санаймын! Шынында да бақытты адам- дұрыс таңдау жасаған адам екеніне сенемін.

Отбасымда 4 балам, 6 — немерем, 5 шөберем бар. Жолдасым Колубеков Рафик Тахирұлы ұлағатты ұстаз, Еңбек және соғыс ардагері. Бүгінде біздің отау құрғанымызға 57 жыл. 30 жыл бойы жетімдер үйінің, мектептің директоры болып қызмет етті. Сарқан ауданының Құрметті азаматы. Бүгінде 87 жаста.

Қазір мен 3 жыл болды, шығармашылқпен айналысып жүрмін. Аудандық «Сарқан» газетінде 30 ға жуық мақалаларым жарық көрді. Мен қалада, ауданымызда, мектептердегі жетістіктер мен кемшіліктерді өз мақалаларымның арқауы етіп жүрмін. Мақаламды оқыған халқымның рахметі мені қуанышқа бөлеуде. Соның бірі — 18 қаңтарда жарық көрген өлеңімді сіздерге таныс болсын деп жазып отырмын.

Абай ата – пірімсің

Бір күн өлең жазбасам тұра алмаймын,

Неге екенін өзім де ұға алмаймын.

Өлеңде пірім болған хакім ата.

Жүрекжарды өзіңе жыр арнаймын.

«Өлең — сөздің патшасы, сөз- сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тисе»,

Жадымда даналығың жазған осы.

Болмасам да жақсыға ұқсап бақтым,

Білім алдым, қияға қанат қақтым.

«Болам» деген шәкірттің жолын ашып,

Зердесіне біліммен шырақ жақтым.

Көкейіме ұялап саналы ұғым,

Сөздеріңнен тапқан көп жаңалығым.

Ұмытылмай мәңгілік келе жатыр,

Көсемдігің жан ата, даналығың.

Оқырманға бүгінгі талғамы мың,

Өшпестей боп көңілде қалған ізің.

Бойыма күш өлеңнен қуат алам,

Рухани сарқылмайтын мәңгі азығым».

Ізденімпаз ұстаздың Еңбегінің жемісі, әмбе куәгері болған марапаттары:

•«Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісі,1970 жыл

•Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, 1984 жыл

•«Еңбек ардагері» төсбелгісі, 1985 жыл

•Республикалық педогогикалық оқытудың жүлдегері, 1987 жыл

•«Әдіскер- мұғалім» 1987 жыл

•Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің де¬легаты, 1988 жыл

•«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі 2001 жыл

•Сарқан ауданының Құрметті азаматы 2012 жыл

•20 –ға жуық республикалық, облыстық, аудандық, қалалық «Құрмет граммоталары мен «Алғыс хаттардың» иегері.

Ардагер ұстаз Кәукер Салқынбайқызы бүгінгі жас мұғалімдерге көмегі тиер деген үмітпен, төмендегі мына мақаласын жолдапты. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Мұғалімнің бала алдындағы беделі — оның сөйлеу мәдениетінде.

Басқа тілді білгенің артық болмас,

Өз тіліңді құрметте келешек жас!

Елбасы Әбішұлы Назарбаевтың « Ел болам десең, тіліңді, дініңді сақта!» деген сөзін теледидардан жиі естіп жүрміз.Бірақ, сол сөздің өте маңызды екеніне көңіл қоя бермейміз. ..

Тіл — қатынас құралы. Ана тілі – дүниетаным негізі. Ең бастысы мұғалімның бала алдындағы беделі — оның сөйлеу мәдениетінде. Мұның өзі сабақ беру барысында ғана емес, сабақтан тыс уақытта да көрінеді. Мұғалімнің сөйлеу тілінде әдеби норма сақталып, яғни екпінді дұрыс қоя білуі грамматикалық құрылымы дұрыс болуы, орфоэпиялық жағы дұрыс болуы керек. Сонымен қатар, сөйлеудің психологиялық сәттеріне ерекше көңіл бөлген дұрыс. Мұғалімнің нақты, дәл, орын¬ды, бай мәнерлі сөйлеуі ғана оқу, тәрбиелеу ісіне пайдасын тигізеді. Тіл тазалығына да ерекша көңіл бөлу қажет. Кейде біз өзіміз де орыс- қазақ сөздерін араластырып сөйлей са-ламыз. Ал, бала солай сөйлесе, оны түзетпейміз. Сөйлеу кезінде адамның сөзден басқа, дауыс ырғағы, мимика¬сы, қимылдары қосылып отырады. Аса қатты айқайлап сөйлеу, балаға ешқандай ұғым бермейді. Баланың жүйкесі тез шаршап, сабақты тыңдамайды. Бізде ондай мұғалімдер жиі кездеседі. Сабақ бойы өзі сөйлеп, баланың жауабын тыңдамайды. Мұндай сабақтар бір ізді, құнсыз, оқушыларға ешқандай пайдасы жоқ сабақтар болып саналады . Сондықтан әр мұғалім өзі аз сөйлеп, баланы көбірек сөйлетуге тырысқаны жөн!

«Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл!»- деп Абай атамыз айтқандай, сөз бастаудың өзі оқушы үшін еріксіз зейін аударатын тәсіл бо¬лады. Әрине, сөз өнерін үйрену, игеру қиын да күрделі іс. Сондықтан бала сізді тыңдасын десеңіз, бала алдын¬да тіл мәдениетіңізді жоғары ұстауға тырысыңыз. « Өнер алды- қызыл тіл» деп халқымыз тектен- текке айтпаған ғой.

Автор:Кәукер Колубекова, Ардагер ұстаз, Сарқан ауданының құрметті азаматы

Дайындаған : Динара АУЖАНОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *