Автор: Мамыров Айбек Қайратұлы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Дене тәрбиесінің оқытушысы
Дене жаттығуларының теориясын білу, мұғалімнің алдына қойылған педагогикалық міндеттерге сəйкес, ең тиімді дене жаттығуларын іріктеп алуға мүмкіндік береді. Дене жаттығуларының түпкі, нақты жүйесінің жасауға ықпалын тигізеді. Дене жаттығуларының педагогикаылқ топтастыруын өз мəнінде өткізуге, қосымша құралдармен біріктіре сауатты қолданып, пайдалануға мүмкіндік береді. «Дене жаттығулары» деген түсінік адам қозғалысы мен қозғалыс іс – қимылы туралы түсінікпен байланысты. Ал қозғалыс дегеніміз адам организмінің мотрлы функция есебінде, дененің жəне оның бөлшектерінің өзгеруі деп ұққанымыз дұрыс. Əрбір қозғалыс үш белгіменен сиаптталады:
1) ол əр уақытта санның функциясы болады;
2) ол адамның өмірлік қызметі бойы қалыптасады;
3) қозғалысқа үйрету үйренушінің еркіне бағыну дəрежесін арттырады.
Еркін қозғалыс əр уақытта саналы түрде болғандықтан, ол адамға тұлға есебінде əсер етеді. Жеке қозғалыстар қимыл элементтері болып табылады. Қозғалыстың өзара арасындағы байланысты қимыл жүзеге асырылады. Мысалы, аяқтың, қолдың, кеуденің, бастың қозғалысының белгілі бір жүйесі оқушыға секіру түрінде қимыл жасауға мүмкіншілік береді, сондай қозғалыстармен əртүрлі қимылды орындауы жəне керісінше бір жəне сондай қимыл əртүрлі қозғалыспен жүзеге асыруға болады. Қозғалыс пен қимылдың баяндалған сипаттамасын негізінде дене жаттығуларының теориясы құралады. Дене жаттығулары деп адам денесін жетілдіру үшін жасаған жəне қолданылатын қозғалыс қимылдарын атайды. Кез – келген қимыл дене жаттығулары деп аталмайды. Тек қана дене тəрбиенің қимыл ғана дене жаттығуларын құрайды. «Жаттығу» деген сөз адамның дене, психикалық қасиетке əсер ету мақсатында, қимылдың қайталануына бағытталған жəне осы қимылды орындалу əдісін жетілдіруді көрсетеді. Сонымен, дене жаттығулары бір жағынан нақты қимыл есебінде бұл жағдайларда «Мен жаңа жаттығуды үйрендім дейді» екінші жағынан көп рет қайталанатын процесс мысалы, «дене жаттығулары» күшті арттырады есебінде қарастырылады. Дене жаттығуларының айырмашылық белгілері Дене жаттығулары бірнеше тəн белгілермен айқындайды, олар:
- Дене жаттығулары арқылы педагогикаылқ міндеттер теңеп айтқанда, дене жаттығулары «өзіне», өзінің жеке денесін жетілдіруге бағытталған, еңбек қимылы — өндірістік міндеттерінің қимыл өндірістік қызметке бағытталған шешілуіменен.
- Дене жаттығулары дене тəрбиесінің заңдылықтарымен байланысты, ал еңбек қимылы өндірістік заңдылықтармен байланысты орындалады. Дене жаттығуларының еңбек жəне тұрмыстық қимылмен сыртқы ұқсастығы бірін екіншісімен алмастыруға негіз бола алмайды: оның себебі дене жаттығуларының ұзақтығы, жиілігі, сонымен қатар орындау əдісі шұғылданушының организіміне тиімді əсер ету бір жағынан, екінші жағынан ең жоғары нəтиже көрсетуге мүмкіндік беретін заңдылықтарына ғана бағынады.
- Тек қана дене заңдылықтарының жүйесі адамның барлық қасиеттері мүмкіншілік жасайды.
Дене жаттығулар дене тəрбиесінің негізгі құралы ретінде, оның мазмұны жəне құрылымы Дене тəрбиесінің нəтижелілігіне жүйедегі барлық құрал жəне мүмкіншіліктерді пайдаланғанда ғана жетуге болады, дегенмен оқыту мен тəрбиелеу міндеттерін шешуде дене жаттығуларының үлесіне көп салмақ түседі. Бұл жағдайлар бірнеше себептерге байланысты: 1) Педагогикалық қызметтің көптеген түрлерінің ішінде тек дене тəриесінің ғана жаттығушының денені жетілдіруге жəне сол қимылды игеру үшін орындауға бағытталған оқыту, үйрету процесін аңғаруға болады. 2) Дене жаттығулары организмнің морфофункциональды жағдайына əсер етумен шектелмейді, сонымен қатар орындаушының жеке басына да өз əсерін тигізеді. Ал бұл жағдай дене жаттығуларын адамның тұлғасына жəне психикалық қызметіндегі бірлік туралы ілімнен көрінетін қимыл есебінде қарау заңды. 3) Дене жаттығулары қозғалыс жүйесі есебінде адамның ойы мен сезімін, оның өзін қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. 4) Дене жаттығулары дене тəрбиесі саласындағы ғылыми жəне практикалық табыстарды, қоғамдық – тарихи тəжірибені берудің бірден – бір əдісі. 5) Дене жаттығулары адамның қозғалыс кезінде табиғи қимыл қажеттілігін толығынан қанағаттандыруы мүмкін.