Digital Almaty 2025: Қазақстан стартап экожүйесінің жаңа деңгейі

Digital Almaty 2025: Қазақстан стартап экожүйесінің жаңа деңгейі

IT Ғылыми жоба Жаңалық Жоғарғы білім Образование в Казахстане

2025 жылғы 31 қаңтарда Digital Almaty 2025 форумында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде Қазақстанның стартап-индустриясын әлемдік деңгейдегі платформада алғаш рет таныстырады. — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды.

Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері атты сессия барысында ол әлемдік IT-индустрияның аналитикалық шолуын ұсынып, Қазақстанның жетістіктеріне тоқталады. Сонымен қатар, 2 миллионнан астам стартаптар, инвесторлар мен корпорациялар туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл платформа инвестицияларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың дамуын болжауға арналған қуатты құралдарды ұсынады.

Dealroom.co – стартаптар мен инвесторлар үшін маңызды ақпарат көзіне айналған жаһандық жетекші платформа. Қазақстандық стартап-экожүйенің оған енуі халықаралық инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтіп, еліміздің технологиялық әлеуетін әлемге танытуға жол ашады.

Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтеді. Форумның басты тақырыбы – «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар», онда жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру және ESG салаларына әсері талқыланады.

Бұл форум Қазақстанның цифрлық трансформациядағы орнықты дамуын көрсетіп, еліміздің IT-секторын жаһандық аренада мықты ойыншы ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Digital Almaty – Қазақстанның цифрлық болашағын бірге қалыптастыратын маңызды алаң!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *