Экономикалық зерттеулер институты халықаралық марапатқа ие болды

Экономикалық зерттеулер институты халықаралық марапатқа ие болды

Жаңалық

2025 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Институт беделді FocusEconomics Analyst Forecast Awards 2024 премиясының жеңімпазы атанып, Kazakhstan Current Account номинациясында 1-орынға ие болды.

Бұл сыйлық жыл сайын әлемнің 130-дан астам елінен қатысатын макроэкономикалық талдау және болжаммен айналысатын ұйымдар арасында нақты және дәл болжам жасаған үздік институттарға беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, Экономикалық зерттеулер институты ондаған ірі халықаралық сараптамалық орталықтар, инвестициялық банктер мен зерттеу агенттіктері арасында озық нәтижеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, Институт Real and External Sector және Overall Categories секілді жиынтық номинациялар бойынша да үздіктер қатарынан көрініп, өзінің болжамдарының дәлдігі мен ауқымдылығын тағы бір мәрте растады.

Айта кету керек, институт бұған дейін, 2023 жылы Exchange Rate санаты бойынша 2-орын алған болатын. Бұл оның макроэкономикалық талдау саласындағы тұрақты кәсібилігі мен жоғары аналитикалық деңгейінің дәлелі болып табылады.

FocusEconomics — әлем бойынша консенсус-болжамдар мен аналитикалық зерттеулерді ұсынатын жетекші жаһандық провайдер. Ұйым Қазақстандық институттың ғылыми негізділігі мен аналитикалық тереңдігін, сондай-ақ халықаралық зерттеулерге белсенді қатысуын ерекше атап өтті.

Бұл жетістік – Қазақстандағы экономикалық зерттеулердің халықаралық деңгейде мойындалуы және отандық сарапшылардың біліктілігінің көрінісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *