Авторы:
Серікбек Нәзира
Домбыра пән педагогі
«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Балпық би – 2024ж
Ашық сабақ
Педагог: Қайырлы күн құрметті педагогтар, оқушылар. Бүгінгі ашық сабағымның тақырыбы: «Күй орындауда динамикалық белгілермен және дыбыстық әуезділікпен жұмыс жасау»
Оқушының аты-жөні: Бахтиёрова Жансая 2 сынып оқушысы
Оқушы: Сәлеметсіздерме ұстаздар!
Сабақтың мақсаты: Оқушының әуенді сезінуі арқылы шығарманың көркемдігін қабылдап, қимыл ырғағын түсінуі негізінде білімін жетілдіру.
Оқушының есту қабілетін дамыту арқылы динамикалық ауысуларды ажырату және оларды орындау дағдыларын қалыптастыру. Оқушының күй орындауда дыбыстық әуезділікті сақтау қабілетін жетілдіру.
Оқушыларға күй өнерінің тереңдігін түсіндіріп, ұлттық музыкаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру
Педагог: Жансая,ашық сабақты бастамас бұрын үй жұмысын тексерейік. Қандай тапсырма берілді? Жансая: Динамикалық белгілерді қайталап, Халық күйі « Келіншек » толық жатқа ойнау.
Жаңа тақырып:
- Динамикалық белгілер туралы түсінік беру, олардың маңызы, музыкадағы орны туралы мәліметтер айту.
Педагог: Музыкалық динамика белгілері- шығарманың орындалу кезінде дыбыс күшінің өзгеру деңгейін көрсететін белгілер. Композитордың жазған шығармасына эмоция мен мәнерлілік қосуға мүмкіндік береді. Олар шығармада латын әріптерімен көрсетіледі.
Оқушымен ерекше тәсілдерді қолдану арқылы динамикалық белгілерді еске түсіру.
- Практикалық жұмыста орындалатын Халық күйі «Келіншек» шығармасының шығу тарихы, басты кейіпкер келіншектің бейнесі, күйдің толық құрылымы жайлы айтып өту.
Күйде баяндалатын келіншек бейнесі:
Халық күйі «Келіншек» шығу тарихы:
Педагог: “Келіншек” күйі – қазақ халқының байырғы күйлерінің бірі. Бұл күйдің шығу тарихы ел ішінде әртүрлі аңыз-әңгімелер арқылы жеткен. Негізгі сюжет келесі түрде баяндалады:
Күй қазақ қоғамындағы келіннің бейнесіне арналған. Ертеде ауылға жаңа түскен келін ауыл арасына сыпайылығымен, инабаттылығымен көзге түседі. Алайда жас келінді өз ауылына, үйіне, отбасына деген сағынышы іштей қынжылтады. Тіпті ешкім жоқ жерде жылапта алатын. Күндердің күнінде жаңа түскен келіннің қолынан шәй ішкісі келген бір топ қонақ келіп қалады. Қонақтардың арасында әнші, күйші, ақындар болған деседі. Көңілді ортада отырсада жас келіннің жүзіне күлкі үйірілмей ақ қойды. Дастарханның шетінде шәй құйып отырған келіншектің мұңайып отырғанын көрген күйші, домбырасын қолына алып, келіншекке арнау арнайды. Күйдің құдіреті соншалық келіннің көңілі көтеріліп, қонақтарды ыразы қылып шығарып салыпты.
Күйдің толық құрылымы бойынша идеясы, құрылымы, берілетін эмоциясы жайлы оқушымен пікір алмасу.
- Практикалық жұмыс. Халық күйі «Келіншекті» динамикалық белгілерді қосып ойнау. Сонымен қатар біз ойнағанға дейінгі және біз ойнағаннан кейінгі айырмашылықтарын оқушымен талқылау.
Педагог: Динамикалық белгілерді күйге қосып ойнау көп еңбекті қажет етеді. Бұл сәтте екі қолдың техникасы керек. Интонациялық тазалық пен тербелісті қосып, күйді орындаймыз.
Сергіту сәті
2 кезеңнен тұрады
- «Сиқырлы жанасу» — сольфеджио пәнімен байланысты сергіту жаттығуы. Оқушының көзін байлап, музыкалық белгілерді, нота ұзақтықтарын сипап сезу қабілеті бойынша табу.
- «Оюларды қайтала» — оқушының денесін сергітуге арналған сергіту жаттығуы. Айтылып өткендей «Келіншек» бейнесі мен іс-қимылына байланысты орындалады. Экранда көрсетілген қазақ оюларын «Қамажай» әуенімен билеп қайталау.
Бағалау
2 кезеңнен тұрады
- Педагогтың оқушыны сұрақ-жауап арқылы бағалауы.
Педагог: Сабақ соңын қортындылауда саған қоятын сұрақтарым бар. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы, бүгінгі сабақта не түсінгеніңді баяндайтын боласың.
- «Музыкадаға айна: өз-өзімді қалай бағалаймын?»
Оқушы бүгінгі сабағынан алған әсері, түйгені, өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетін бағалайды.
Үй тапсырмасы
«Келіншек» күйін толық қайталап, динамикалық белгілерді есте сақтап ойнау. Күйдің мазмұнына сай, әртүрлі динамика мен әуезділікті қолдануды жетілдіру.
Қортынды
Бүгінгі ашық сабақта біз сабақтың негізгі мақсатына жеттік. Оқушы тақырыпты терең түсініп, берілген тапсырмаларды орындады. Ол өз ойын ашық білдіріп, белсенділік танытты. Алдағы уақытта білімдерін жетілдіру үшін қосымша тапсырмалар беріледі. Сабақ оқушы үшін пайдалы және қызықты өтті деп есептеймін.