МУКАШЕВА ҒАЛИЯ ӘДІЛМҰРАТҚЫЗЫ

МУКАШЕВА ҒАЛИЯ ӘДІЛМҰРАТҚЫЗЫ

Балабақша

Автор:

МУКАШЕВА ҒАЛИЯ ӘДІЛМҰРАТҚЫЗЫ

 «Жетісу облысы білім басқармасы Қаратал ауданының білім бөлімінің «Нұр» жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі

Мен Мұкашева Ғалия Әділмұратқызы Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласының тұрғыны, 2016 жылдан бастап білім саласында жұмыс атқарып. 2024 жылдын науырыз айынан бастап «Нұр» жекеменшік балабақшасында тәрбиеші қызметің атқарып келем.

Әрбір мамандықтың өзіндік ерекшелігі мен маңызы бар.. Алайда, тәрбиеші мамандығы – ерекше жауапкершілікті талап ететін, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін абыройлы да қасиетті кәсіп. Мен үшін тәрбиеші болу – тек жұмыс емес, бұл менің өмірлік таңдауым, мақтанышым.

Тәрбиеші – анасынан кейін балалармен өмір жолында кездескен ең алғашқы ұстазы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын тұлға. Кішкентай бүлдіршіндерге мейірім мен жылу сыйлау, олардың бойына ізгілік, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіру – үлкен міндет. Баланың жүрегіне жол тауып, оның қабілетін ашу, жақсы қасиеттерін дамыту – әрбір тәрбиешінің мақсаты.

Бұл мамандық үлкен шыдамдылық пен сүйіспеншілікті талап етеді. Балалардың жан-дүниесін түсініп, оларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші үнемі ізденісте болуы керек. Шығармашылық қабілет, жаңашылдық пен білім – тәрбиеші үшін аса маңызды қасиеттер. Себебі әр бала – қайталанбас жеке тұлға, оған ерекше назар аудару, оның ішкі әлемін тану, дұрыс тәрбие беру – басты міндетіміз.

Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын, өйткені ол болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Балалардың шат күлкісін естіп, олардың білімге, өнерге, өмірге деген қызығушылығын ояту – мен үшін зор қуаныш. Сондықтан мен тәрбиеші болғаныма қуанамын және осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін.

Әрбір тәрбиеші өз ісіне адал болып, балаларға шынайы қамқорлық танытса, еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз. Себебі ұрпақ тәрбиесі – ең маңызды міндеттердің бірі. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және әрбір сәтімді бала тәрбиесіне арнауға дайынмын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *