Автор:
Баймолдаева Салтанат Сериковна
«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныың педагогы
Мақсаты:
Қолөнердің ерекше түрін меңгеру арқылы шығармашылық қабілетті дамыту.
Құрғақ жүн техникасының мүмкіндіктерін қолдана отырып, әсем әрі сәндік пано жасау.
Эстетикалық талғамды қалыптастыру және қолөнердің ұлттық ерекшеліктерін жаңғырту.
Міндеттері:
1. Құрғақ жүн техникасы бойынша негізгі әдіс-тәсілдерді үйрену.
2. Қолданылатын материалдар мен құралдарды тиімді пайдалануды меңгеру.
3. Паноны композициялық тұрғыдан дұрыс құруға үйрету.
4. Шығармашылық идеяларды іске асыруға жағдай жасау.
5. Экологиялық таза материалдарды қолданып, қолөнер бұйымдарын жасау мәдениетін насихаттау.
Күтілетін нәтиже:
Құрғақ жүн техникасын қолдана отырып, әдемі әрі сапалы пано жасай білу.
Шығармашылық қабілеттің дамуы, өз идеяларын іске асырудағы шеберліктің артуы.
Эстетикалық талғамның қалыптасуы және қолөнерге қызығушылықтың артуы.
Жеке және топтық жұмыстарды орындауда ұқыптылық пен жауапкершілікке үйрену.
Дайын өнімді сыйлық ретінде немесе интерьерді безендіруге пайдалану мүмкіндігі.
Көрнекіліктер:
-Дайын панно үлгілері
-Құрғақ жүн (түстері әртүрлі)
-Арнайы ине
-Кескіндеме үшін негіз( фетр, киіз, жүн, мата)
-Суреттер мен нұсқаулықтар
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі (5мин)
Оқушылармен амандасу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.
Психологиялық дайындық:
«Шабыт шеңбері» жаттығуы (оқушылар шығармашылық ойларын айтады).
II. Жаңа сабақ (15 мин)
- Құрғақ жүн техникасы дегеніміз не?
Бұл –арнайы ине арқылы жүн талшықтарын бір-біріне бекіту арқылы жасалатын көркем өнер түрі.
Киіз басу өнерінің заманауи түрі.
2.Пано жасау кезеңдері:
а. Эскиз таңдау
b.Негізді дайындау
c.Түстерді үйлестіру
d . Жүнді инемен бекіту
e. Ұсақ бөлшектерді қосу
III. Практикалық жұмыс (20-25 мин)
Оқушылар өз эскиздері бойынша пано жасайды.
Мұғалім жеке кеңес береді,техникасын көрсетеді.
IV. Қорытындылау (5-10 мин)
Дайын жұмыстарды талқылау,әр оқушы өз жұмысын таныстырады.
Кері байланыс:
«Менің паном»(оқушылар өз еңбектері жайлы қысқаша әңгімелейді).
Бағалау (мадақтау6 пікір айту).
V. Үй тапсырмасы:
Құрғақ жүн техникасында жаңа пано эскизін дайындау.
Бағалау критерийлері:
- Ине мен жүнді дұрыс пайдалану
- Түстер үйлесімділігі
- Жұмыстың ұқыптылығы.