Әдістемелік нұсқаулық
Автор:
Айдарбекова Гаухар Шалкаровна
тарих пәнінің мұғалімі
«А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК
Шымкент қаласы
Тарих – бұл адамзаттың өткенін зерттейтін және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін ғылым. Тарихи білім беру жүйесінде тарих пәнінің орны айрықша, өйткені ол болашақ ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, азаматтық қасиеттерін дамытуға үлкен үлес қосады. Оқушылардың тарихи білімдерін тереңдету және тарихи ойлау дағдыларын дамыту үшін заманауи және тиімді оқыту әдістерін қолдану қажет. Қазіргі уақытта тарих пәнін оқытудағы маңызды мақсаты – оқушылардың тарихи білімдерін кеңейту және оларды тарихи фактілерді сыни тұрғыдан талдауға үйрету. Бұл мақсатқа жету үшін оқыту процесінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет. Әдістемелік құрал тарих пәнін оқытуда қолданылатын тиімді тәсілдер мен әдістерді қамтиды. Сонымен қатар, бұл құрал оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

Тақырыптың мақсаты мен өзектілігі:
Тақырыптың өзектілігі – бұл кез келген ғылыми немесе әдістемелік құралдың маңызды аспектілерінің бірі.
Тарих пәнінде табысты оқытудың тиімді тәсілдері тақырыбы қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ерекше мәнге ие, өйткені ол бірнеше маңызды себептерге байланысты өзекті болып табылады:
1. Білім беру сапасын арттыру: Қазіргі заманда білім беру жүйесінде оқыту әдістерін жетілдіру маңызды. Тарих пәнінде тиімді тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға және оларды тарихи құбылыстарды тереңірек түсінуге мүмкіндік беруге болады.
2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру: Заманауи оқыту әдістері оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Тарих пәнінде интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, олардың оқу процесіне белсенді араласуына септігін тигізеді.
3. Тарихи ойлау дағдыларын дамыту: Тарихи ойлау дағдыларын дамыту оқушылардың сыни ойлау, дереккөздерді талдау және тарихи оқиғаларды түсіну қабілеттерін арттырады.
4. Жеке тұлғаның дамуы: Тарих пәнінде табысты оқытудың тиімді тәсілдері оқушылардың жеке тұлғалық дамуына ықпал етеді. Мысалы, проектілер мен зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық және зерттеу дағдылары дамиды, ал топтық жұмыстар мен рольдік ойындар олардың әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларын нығайтады.
5. Заманауи технологияларды қолдану: Қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерді білім беру үдерісіне енгізу маңызды. Тарих пәнінде мультимедиялық құралдарды, тарихи фильмдерді және деректі фильмдерді қолдану оқушылардың тарихи құбылыстарды визуалды түрде қабылдауына және оларды тереңірек түсінуіне көмектеседі.

Қолданылған әдістер:
«Интерактивті оқыту, цифрлық технологиялық оқыту» әдісі бойынша дебаттар, викториналар, пікірталастар ұйымдастырылады. Жұптық жұмыстар арқылы оқушылар еркін өз көзқарастарын айтуға дағдыланады. Электронды ресурстарды, мультимедияны пайдаланып, интернет арқылы іздену, оқушылардың білімін тереңдетеді.
«Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру» әдісін қолдана отырып, оқушылар тарихи құжаттармен деректерді өз бетінше оқып талдау жасайды. Сыни ойлауды үйренеді. Топтық жұмыстар арқылы, әртүрлі көзқарастар жинап, бірігіп ортақ шешімдер қабылдайды.
«Түрлі ойындар мен рөлдік ойындар» әдісі. Тарихи кейіпкерлердің рөліне ену арқылы рөлдік ойындар (ролевые игры) ойнау өте қызықты әрі білім беру жолы болып табылады. Мұндай ойындар арқылы өткен дәуірлердегі өмірді, сол заманғы адамдардың сезімдері мен ойларын түсінуге мүмкіндік аласыз.

Рөлдік ойындарды ұйымдастыру үшін мына қадамдарды орындауға болады:
1. Тарихи кезеңді және кейіпкерлерді таңдау: Қандай кезең мен оқиғаларды қамтитыныңызды анықтау. Әр қатысушыға сол дәуірдің бір кейіпкерін тағайындаңыз.
2. Ақпаратты жинау: Таңдалған кезең мен кейіпкерлер туралы мәліметтерді іздеңіз. Кітаптар, мақалалар және интернет ресурстарын пайдаланып, кейіпкерлеріңіздің өмірі, іс-әрекеттері мен жағдайлары туралы көбірек біліңіз.
3. Костюмдер мен аксессуарлар: Әр кейіпкерге сәйкес костюмдер, аксессуарлар және декорациялар дайындаңыз. Бұл ойынның атмосферасын шынайы етіп жасауға көмектеседі.
Ойын арқылы оқыту
Ойын арқылы оқыту әдістері оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу процесін қызықты етеді. Мысалы:
- Тарихи викториналар: Оқушылар тарихи сұрақтарға жауап беріп,
білімдерін тексереді.
- Тарихи пазлдар: Оқушылар тарихи оқиғаларды немесе тұлғаларды пазл ретінде жинайды.
- Тарихи квесттер: Оқушылар тарихи тапсырмаларды орындай отырып,
білімдерін тереңдетеді.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту әдістері әрбір оқушының қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес оқытуды кӛздейді. Мысалы:
- Дербестендірілген тапсырмалар: Оқушыларға олардың деңгейі мен
қызығушылығына сәйкес тапсырмалар беріледі.
- Оқу жоспарларын бейімдеу: Мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес оқу жоспарларын бейімдейді.
- Кері байланыс беру: Оқушыларға олардың жетістіктері туралы тұрақты кері байланыс беріледі.
- Квест ойындар
- Квест ойындар — оқушылардың қызығушылығын арттыратын және оларды белсенді түрде қатыстыруға көмектесетін интерактивті әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар тарихи оқиғаларды, тұлғаларды және құбылыстарды зерттеп, шешімдер қабылдайды.
- Тарихи квесттер: Оқушылар тарихи оқиғаларды қайта жаңғыртып, түрлі тапсырмаларды орындайды.
Осындай материалдар мен ресурстар арқылы сіздер әртүрлі жобалар мен тапсырмаларды сәтті орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізе аласыздар.
