TopIQ: ауыл мектебіндегі үлкен мүмкіндік

TopIQ: ауыл мектебіндегі үлкен мүмкіндік

Информатика

Автор: Оразханқызы Сымбат,
“Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі” ММ “Аманбөктер негізгі орта мектебі МДШО” КММ
Информатика пәні мұғалімі

Бүгінгі білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту. Цифрландыру дәуірінде бұл алшақтықты жоюға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен платформалар жетерлік. Соның ішінде ерекше атап өтерлігі – TopIQ цифрлық білім беру платформасы.

Мен ауыл мектебінде 2-сынып оқушыларына информатика пәнінен сабақ беремін. Бұрын оқушыларыммен сапалы мультимедиалық контентпен жұмыс істеу, анимациялар мен бейнематериалдарды пайдалану қиындық тудырса, енді TopIQ платформасының арқасында бұл мәселе шешімін тапты. Бұл – ауыл мұғалімінің арманы орындалған сәт деуге болады.

TopIQ не береді?

TopIQ: ауыл мектебіндегі үлкен мүмкіндік

TopIQ – бұл тек цифрлық оқулық емес. Бұл – оқушы мен мұғалімнің, ата-ана мен мектептің арасындағы байланысты нығайтатын біртұтас экожүйе. Әрбір пән бойынша бейнематериалдар, анимациялық түсіндірмелер, өз бетімен орындалатын тапсырмалар, тест сұрақтары – барлығы бір жерге жинақталған.

Мысалы, 2-сыныпқа арналған информатика сабағында қимыл-қозғалыспен үйрету, ойын түріндегі тапсырмалар, интерактивті сұрақтар арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артады. Бұрын тек кітаппен шектелетін бала енді сандық сауаттылықты ерте меңгере бастайды.

Мұғалім үшін – үлкен көмекші

TopIQ платформасының тағы бір үлкен артықшылығы – мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдары. Сабақ жоспары, дайын презентациялар, күнделікті бағалау жүйесі – барлығы платформада қамтылған. Уақыт үнемделеді, сабақ мазмұны байытылады.

Ең бастысы – мұғалім шығармашылыққа көбірек көңіл бөле алады. Уақыты тексеру мен қағаз толтыруға емес, оқушымен жеке жұмыс істеуге жұмсалады.

Ауыл баласы – сапалы білім алуға лайық

Ауыл мектебінің мұғалімі ретінде айтарым – TopIQ платформасы ауыл баласына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қаладағыдай сапалы контентпен білім алу, цифрлық ортада жұмыс істеу, заманауи технологияны меңгеру – бұның бәрі енді ауылда да қолжетімді.

Бұл – білімдегі теңдікке бағытталған нақты қадам. Мемлекетіміздің цифрлық білім беруге деген сенімі мен қолдауының нәтижесінде ауыл мектебі де жаңа дәуірге аяқ басты.

Қорытынды

TopIQ – бұл жай ғана платформа емес, бұл – ауыл болашағына салынған инвестиция. Ұстаздар қауымы үшін сенімді көмекші, оқушылар үшін қызықты оқыту ортасы, ата-ана үшін баласының білім жолындағы серігі.

Сондықтан, ауыл мектебінде жұмыс істейтін әрбір мұғалімді цифрлық білім берудің бұл жаңа мүмкіндігін барынша тиімді пайдалануға шақырамын. Өйткені болашаққа бастар жол – цифрлық білімде!  
«Алматы кітап ұсынған, электрондық оқулық, 
«TopIQ» мен топта боп, кел оқылық!»деп аяқтағым келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *