TopIQ.kz БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ

TopIQ.kz БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ

Ғылыми жоба Зерттеу Образование в Казахстане

Автор: Ильясова Амина Кадыровна

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды цифрландыру кезенің бастан кешіруде. Осы үдерісте TopIQ.kz платформасы мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімді әрі қолжетімді құрал ретінде ерекшеленеді. Бұл платформа электронды оқулықтар мен интерактивті материалдарды біріктіріп, оқу процесін заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Платформаның мақсаты мен міндеттері

— Мақсаты:

Оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін ақпараттық технологияларды тиімді қолдану және мультимедиа көмегімен электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы.

— Міндеттері:

— Оқушылар мен мұғалімдерге интерактивті және мультимедиалық материалдар ұсыну.

  — Қашықтан және аралас оқыту форматтарын қолдау.

  — Білім беру процесінің барлық қатысушыларына үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділікті қамтамасыз ету.

       Қызметтері мен мүмкіндіктері

Электронды оқулықтар: 1-11 сыныптарға арналған, бейнежазбалармен, тыңдалымдармен, түрлі түсті суреттермен, логикалық ойындармен және білімді бекітуге арналған қызықты тапсырмалар жиынымен жабдықталған.

— Интерактивті тапсырмалар: Оқушылардың оқу үлгерімін арттыруға бағытталған.

— Қашықтан оқыту: Платформа кез келген құрылғыда, кез келген уақытта, ыңғайлы қарқынмен пайдалануға мүмкіндік береді.

— Кері байланыс: Оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен кері байланыс орнатуына қолайлы.

— Қолжетімділік: Кез келген уақытта, кез келген жерде платформаға қосылу мүмкіндігі.

— Сапалы контент: Электронды оқулықтардың оқу мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген.

— Инклюзивтілік: Платформа барлық балаға оқулықтарға тең қолжетімділік береді – тегін, барлық коммуникациялық электронды құрылғы үшін онлайн.

Платформаның оқушылар үшін ерекшелігі неде?

— оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы күрт артады;

— оқушылардың уақытын үнемдейді;

— ойын арқылы сабақтарды жеңіл әрі тез қабылдауды жүзеге асырады;

— тапсырманы кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген гаджетте орындай алады;

— оқушылардың қазақ тілін үйренудегі барлық 4 дағды бойынша үйрене алады;

— түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталай алады;

— ережелерді тыңдап, сөздердің қалай дұрыс оқылуына аса назар аудара алады;

TopIQ.kz БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ

Қорытынды

Менің алға қойған мақсатым topiq. kz платформасын үздіксіз қолдана отырып, оқушылардың тәрбиелі, білімді ұрпақ болуына үлес қосу. Тоpiq. kz негізгі міндеті Қазақстандық оқушының «цифрлы қоржының» жасау. Демек әлемнің кез келген жерінен өзіне ыңғайлы уақытта өзіне қажетті оқулыққа «қол жеткізе» алатынына сенемін.TopIQ.kz платформасы – заманауи білім беру талаптарына сай келетін, оқушылар мен мұғалімдерге арналған тиімді құрал. Ол білім беру процесін жеңілдетіп, сапасын арттыруға ықпал етеді. Платформаны тиімді пайдалану арқылы білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *