Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 1-курс студенті Роман Степанец Coursera платформасында 260 онлайн курсты сәтті аяқтап, Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасында үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Туризм мамандығында оқитын Роман түрлі бағыттарда білім алған: басқару, қаржы, психология, БАҚ және жасанды интеллект салалары бойынша ол Йель, Стэнфорд, Мичиган, Уэслиан және Пенсильвания университеттері ұсынған 12 мамандандыру бағдарламасын меңгерді.
Оның сүйікті курстары қатарында:
- Йель университетінің «Қаржы нарықтары»,
- Уэслиан университетінің психология курстары,
- Пенсильвания университетінің AI курстары бар.
«Өзін-өзі дамыту – мен үшін өмір салты. Coursera маған әлемнің үздік оқытушыларынан білім алуға мүмкіндік берді, мен бұл мүмкіндікті толық пайдалануға тырыстым», – дейді Роман.
Ол тек оқып қана қоймай, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануда: Coursera платформасындағы студенттерге көмек көрсетіп, коммуникация мен цифрлық білім беру дағдыларын дамытып жүр.
Бос уақытында Роман музыкамен, спортпен және кітап оқумен айналысады.
Оның табандылығы мен білімге деген ұмтылысы – заманауи студент бейнесінің жарқын үлгісі. Бұл жетістік тек жеке мотивацияның ғана емес, сонымен қатар жаһандық цифрлық білім беру платформаларын тиімді пайдаланудың нәтижесі екені сөзсіз.