Қазақстан мектептерінде кәсіби бағдар берушілер саны 8 мыңға жетеді

Қазақстан мектептерінде кәсіби бағдар берушілер саны 8 мыңға жетеді

Жаңалық

Астанада өткен IC3 халықаралық форумы аясында еліміздегі кәсіби бағдар беру жүйесінің дамуына қатысты маңызды жаңалықтар айтылды. Форум Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 1 159 педагог-кәсіби бағдар беруші жұмыс істейді. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан форум барысында жаңа оқу жылында бұл көрсеткіш 7 920 маманға дейін артады деп мәлімдеді. Наурыз айында қабылданған бұйрыққа сәйкес, әрбір мектепке кәсіби бағдар беруші үшін жеке штат бірлігі бөлінетін болды. Бұл – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт беруге арналған жүйелі қолдау қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Форумға еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ден астам маман қатысты. Шара барысында Канада, АҚШ, Қытай, Гонконг және Үндістаннан келген сарапшылар өз елдеріндегі кәсіби бағдар беру тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдістерді ұсынды.

Қазақстан мектептерінде кәсіби бағдар берушілер саны 8 мыңға жетеді

Форум аясында өткен білім көрмесі де ерекше назарға ие болды. Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттері өздерінің оқу бағдарламаларын ұсынып, қатысушыларға мамандықтар, қабылдау талаптары және халықаралық білім алу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат берді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, көрмені 1 000-нан астам адам тамашалаған.

Бүгінгі таңда мамандық таңдау – оқушы өміріндегі ең күрделі әрі маңызды шешімдердің бірі. Осы шешімді қабылдауда кәсіби қолдау көрсету – мектеп пен ата-аналардың ортақ міндеті. Форум еліміздегі кәсіби бағдар берудің сапасын арттыруға, тәжірибе алмасуға және халықаралық серіктестікті кеңейтуге жол ашты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *