Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды

Tech Жаңалық

2025 жылы 18 сәуірде Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық инженерлік жарыс — FIRST Championship турниріне аттанды. Бұл чемпионатқа қатысушылардың ең кішісі небәрі 6 жаста.

Биылғы жарыс 110 елден 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқышты біріктіріп отыр. 2025 жылғы маусымның тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау. Жарыс болашақ инженерлерге ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан алғаш рет бұл додаға бірден жеті командамен қатысып отыр. Бұл — еліміздегі мектеп робототехникасының халықаралық деңгейде жоғары бағаланып жатқанын білдіреді.

USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов:
«Біздің командалар маусымның басты фавориттері. Қазақстан тағы да жүлделі орындардан көрінеді деген сенімдеміз», — деді.

Қазақстандық командалар Almaty Tech Cup атты Орталық Азия чемпионаты арқылы іріктелді. Ел атынан төмендегі мектептер бақ сынауда:

  • Atlantis – «Сатурн» мектебі, Павлодар
  • PID – Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы
  • Cristabol – Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы
  • Skillset – «Skillset» мектебі, Астана
  • JelToqSun және Rasslexx – «Мұрагер» мектебі, Қарағанды

Айта кетерлігі, Қазақстан бұған дейін де FIRST GLOBAL жарысында Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024) қалаларында өткен әлем чемпионатында үш мәрте жеңімпаз атанған болатын.

Бұл жетістік — еліміздегі STEM-білімнің дамып келе жатқанын және жас ұрпақтың инженерлік салаға деген қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *