ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жаңалық

Автор:

Аягүл Қыдырбай 

Жетісу облсы, Көксу ауданы Өнер мектебінің

дәстүрлі ән бөлімінің педагогы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыға ұлттық нақышты сақтап,қазақтың дәстүрлі ән айту мәнерін жеткізу. Оқушының дыбыстау мәдениетін қалыптастырып, дұрыс тыныс алу,дыбысты таза әрі анық шығару, диапазонды кеңейту,сонымен қатар орындаушылық техника мен интонацияны жетілдіру.Әннің иірімдері мен нақышын өз қалпында орындауға үйрету.

Дәстүрлі ән дегеніміз — Ұлтымыздың көне заманнан бері қалыптасқан бай қазынасы,фольклорлық музыка саласынының бір тармағын құрайды.Фольклор дегеніміз халық даналығы,халық білімі,халықтың ауызша шығарған туындылары деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың мерей тұтып,мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде замана сүзгісінен өтіп,бүгінгі күнге дейін жеткен «ән қазынасы» қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады.

Қол жүргізу жаттығулары және дауыс ашу жаттығулары.

ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дауыс қою дегеніміз — ән айту дағдылары мен дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, дауыс аппаратының жұмысын үйлестіру, ең ыңғайлы әдемі дауыс шығаруды іздеу.

ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Вокал – итальян тілінде «Восе» — дауыс деген мағынаны білдіреді,ән айту қабілеті,дауысты басқару,ән айту өнері болып саналады.

Вокал баланың даусын ашуға,тыныс алу техникасын дұрыс үйренуге,түрлі жанырдағы музыканы орындауға , тіпті аудитория алдында қойылымдарға дайындалуға көмектеседі.

ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.Қысқа уақытта тез тыныстау.

Тынысты әдеттегі ән айтуды тыныстаудан сырт, ұрлап тыныстау (адамға сездірмей тыныстау), таласа тыныстау (қысқа уақытта тез тыныстау),терең тынысту . бұл дәстүрлі ән орындаушыларңа әуенді созып айту , шалқыта , шарықтатып айту барысында өте қажетті тыныс алу әдістемесінің бірі.

2.Тыныс күшін «дем тірегін» сақтай білу.

Дауыс жаттығуын жасағанда , дауыс желбезегін қолданғанда, күш алуға тура келеді, резонаторлық дыбыстар біршама шоғырланып, іш арқылы тыныс алуға қолданылады.

3.Демді тез алып үнемдеп шығару,демді шамадан көп мөлшерде алуға болмайды.

Себебеі, дауыс ауырлап ,әншіге қолайсыз жағдай қалыптастырады. Сондықтан демді орнықты алып, үнемді жұмсау , алған демді ұстап тұрып, үнемдеп жұмсай білу керек. Тынысты тез алғанда , екі қолмен белді таянып , бір аяқты жерден сәл көтеріп, келесі аяқты жерге нық басып алдыңғы алған тынысты ақырындап шығарамыз. Көтеріп тұрған аяқты да ауамен бірге түсіреміз

4.Тынысты ақырын алып тез шығару.

Ауаны ақырын алып сіміргеннен кейін тез шығару талап етіледі. Тыныс алған кезде екі қолды төбеге дейін көтеріп басты еңкейтеміз, сімірілген  ауа бүкіл денеге таралғандай болады да , соңында ауаны тез шығарып жібереміз. 5.Тынысты тез алып тез шығару.

Алақанды кеудеге қойып , мұрын арқылы жоғары қарқынды тыныс алып , әр секундта бір рет тыныстаймыз.денені бос ұстаймыз.

ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДӘСТҮРЛІ ӘН САБАҒЫНДА ДАУЫС ҚОЮ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *