ДОМБЫРА АСПАБЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ АРТТЫРУ

ДОМБЫРА АСПАБЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ АРТТЫРУ

Кәсіби білім Культура Мақала

Автор:

Кауысбеков Айсұлтан Кенжетайұлы

КМҚК «Өнер мектебі»

Балпық би-2025 жыл

Ашық сабақ

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ашық сабағымның тақырыбы: «Домбыра аспабында орындаушылық техниканы арттыру»

Оқушының аты-жөні: Тоқтасынұлы Ерасыл 2 сынып оқушысы.                                                                    

Ерасыл:  Сәлеметсіздерме ұстаздар.

Сабақтың мақсаты: 1.Домбыра аспабында орындаушылық шеберлікті арттыру,  2.Техникалық машықтарды жетілдіру, 3.Ұлттық музыкаға деген қызығушылықты арттыру, Шығармашылық қабілетті дамыту.

Педагог: Ерасыл үй жұмысына қандай тапсырма берілді?

 Ерасыл:  қол жүргізу жаттығулары, Арсланбек Сұлтанбеков « Домбыра » жатқа ойнау

Халық әні – халық арасында ғасырлар бойы айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен музыкалық шығармалар. Бұл әндер белгілі бір авторға тиесілі болмайды, оларды халық өзі шығарып, өңдеп, сақтап отырған.

ДОМБЫРА АСПАБЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ АРТТЫРУ

Халық әндерінің ерекшеліктері:

•Ауызша таралуы – нотасыз, халықтың есінде сақталып, ауыздан-ауызға беріледі.

•Белгісіз авторлық – нақты авторы жоқ, халықтың ортақ шығармасы.

•Көптүрлілігі – махаббат, еңбек, батырлық, тарихи, тұрмыс-салт, лирикалық әндер болып бөлінеді.

•Қарапайым әуезділігі – кең диапазонды емес, жеңіл есте сақталатын әуендер.

•Көпнұсқалылығы – бір әннің бірнеше түрлі нұсқасы кездесуі мүмкін

ДОМБЫРА АСПАБЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТЕХНИКАНЫ АРТТЫРУ

Педагог: Ал үй тапсырмасына

Педагог: Ерасыл сенің ойыңша Домбыра орындаушылық шеберлігі дегеніміз не?

Ерасыл: Менің ойымшаДомбыра орындаушылық шеберлігі дегенімізол тез әрі дыбысты таза ойнау.

Педагог: Домбыра орындаушылық шеберлігі дегеніміз ол 1.Қол қойылымның дұрыс болуы, 2.Техникалық қабілет, Ырғақ, 3.Динамикалық белгілерді орындай білу.

Педагог: Ерасыл мына суретте сен не көріп тұрсың.

Педагог: Бұл суретте Метроном деген музыкалық құрал бейнеленген, бұл құрал бір қалыпты соққылар беріп отыру арқылы ырғақты ұстап тұруға көмектеседі.

Педагог: Ырғақпен жұмысымызды бастайық.

Педагог:Сергіту сәтінде мен саған Арсланбек Сұлтанбеков туралы мағұлмат айтып берейін.

Педагог: Арсланбек Сұлтанбеков — ноғай халық жырауы, домбырашы және ақын. 1965 жылы 23 сәуірде Қарашай-Черкес автономиялы облысында дүниеге келген. 1983 жылы мектепті бітіріп, 1985 жылға дейін Архангельск облысында әскери қызметте болған. Сол жылы классикалық гитара сыныбы бойынша музыка мектебін тәмамдаған. 1989 жылы «Ноғай түндері» атты тұңғыш альбомын шығарып, Қарашай-Черкес Республикасының бардтар сайысында бірінші орынды жеңіп алған. 1994 жылы «Қарашай-Черкес Республикасының Халық әртісі» және «Республиканың ең көркем даусы» атақтарына ие болған. 1997 жылы Санкт-Петербургте «Ноғай елі» атты екінші альбомын жарыққа шығарып, Мәскеуде өткен Түркі халықтары фестивалінде «Фестиваль әні» номинациясын жеңіп алған. 2004 жылы Қазақстанға көшіп келіп, президенттік оркестрде өнер көрсеткен. 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына арналған әскери-патриоттық әндер конкурсында екі жүлде алған. 2008 жылы «Ащы су» атты альбомын шығарған. Арсланбек Сұлтанбеков ноғай халқының мәдениеті мен тілін насихаттауға зор үлес қосқан тұлға

Педагог: Және бүгін мен саған Арсланбек Сұлтанбековтың өз орындауында «Домбыра» әнінің видеоматериалын алып келдім.

Педагог: Домбыра аспабында орындаушылық шеберліктің 3 ші пунктінде

жазылғандай біз бүгін динамикалық белгілермен жұмыс жасаймыз.

Педагог: Ерасыл біз дыбысымызды Форте жасауымыз үшін қолымызды дыбыс шығаратын ойыққа қарай апарамыз, ал пиано дыбысты жасау үшін оң қолымызды мойынға қарай апарып қолдың амплитудасын қысқартуымыз керек

Педагог: Крещендо дегеніміз не?

Ерасыл: Крещендо деген дыбыс күшін бірте-бірте  күшейту

Педагог: Иә дұрыс айтасың

Педагог:Крещендо жасау үшін біз оң қолымызды мойынға қарай апарып қолдың амплитудасын өсіре отырып дыбыс шығыратын ойыққа қарай апарамыз

Педагог: Ерасыл ал Диминуендо дегеніміз не?

Ерасыл: Диминуендо деген керісінше дыбыс күшін бірте-бірте азайту.

Педагог: Иә өте дұрыс айтасың

Педагог: Бізге Диминуендо жасау үшін біз оң қолымызды дыбыс шығаратын ойыққа қарай апарып қолдың амплитудасын керісінше қысқартып отырып мойынға қарай апарамыз.

Педагог:  Мұқтар бүгінгі сабағымызды сұрақ – жауап арқылы қорытындылайық.

Педагог: Бүгінгі сабаққа саған 5 « өте жақсы »

Үй тапсырмасы: Келінше «Домбыра» әнінің динамикалық белгілерін сақтай отырып, таза ойнау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *