«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

Lifestyle Кәсіби білім Образование в Казахстане Робототехника Тәрбие

Авторы;

Омиргалиев Арман Бакытович

Компьютерлік графика пәні бойынша ұстазы

«Жетісу облысы білім басқармасының

Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

ШЕБЕР СЫНЫП

Өткізген: сурет бөлімінің мұғалімі

1. Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық фигуралардан құралған натюрморт».

2. Сабақтың түрі: «Топтық сабақ».

3. Мақсаты:  Геометриялық фигураларды 3 өлшемді графикада бейнелеу.

4. Міндеттері:1) Білімділік

а) 3 өлшемді макс (3ds max) графикалық редакторымен және оның интерфейсімен танысу. Геометриялық фигураларды бейнелеуді және олардың өлшемдерін өзгертуді көрсету;

б) Жұмыс алаңындағы объекттерді жылжыту, бұру, масштабтау оперцияларын үйрету

«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

2) Тәрбиелік

а) Техниканы дұрыс пайдалану, өз бетімен жұмыс істеуді үйрету

б) Үйренген әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білу

5. Оқушыларға керекті құрал-жабдықтар: дербес компьютер

6. Мұғалім үшін көрнекілікте: дербес компьютер, түрлі графикалық редакторларда орындалған иллюстрациялар, балаларға арналған тапсырмалар.

7. Пәнаралық байланысы: кескіндеме, сурет, мүсін, композиция

Сабақ барысы:

1-кезең: Ұйымдастыру

2-кезең. Жаңа тақырып: «Геометриялық фигуралардан құралған натюрморт»

2.1. Компьютерлік графика және оның түрлері.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Жалпы компьютерлік графика 2 түрге бөлінеді: 2 өлшемді және 3 өлшемді.

2 өлшемді графиканың өзі бірнеше салаға бөлінеді: Web-графика, инженерлік графика, іскерлік графика, суреттеу графика, компьютерлік анимация.

2.2. 3 өлшемді графика туралы мәлімет беру.

Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады.

3 өлшемді графиканың 2 өлшемді графикадан айырмашылығы, оның нүктелері бір жазықтықта емес, кеңістікте орналасады. Яғни кескінді жан-жағынан айналдырып көре аламыз. Бұл жерде кескін сызу емес, модельдеу арқылы жасалады. Сол себепті бұл графиканы «Мүсіндеу» пәнімен өте тығыз байланысты деуге болады.

2.3. 3 өлшемді макс (3ds max) графикалық редакторы және оның интерфейсімен таныстыру

3d studio max – кескіндерді моделдеу, визуализациялау және анимациялау программалық жиындарын қамтыған графикалық редактор. Бұл редакторда көбінесе сәулетшілер, графикалық жобалаушылар және аниматорлар көп жұмыс істейді.

а) Редактордың интерфейсі — жұмыс алаңы, яғни 4 терезеден тұрады (алдынан (front), төбесінен (top), жанынан (left) және перспективалық (perspective) көрініс).

«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

б) Экранның оң жағында құрал-жабдықтар панелі орналасқан.

«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

в) Жоғарғы лентада белгілеу, жылжыту, бұру және масштабтау батырмалары орналасқан.

«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

2.4. Геометриялық фигуралармен жұмыс істеу

Құрал-жабдықтар панеліндегі «Сreate» (жасау) қалташасын ашып, ішіндегі «Geometry» (геометрия) батырмасын меңзейміз. әдепкі тізімде  «Standart Primrtives» (стандартты примитивтер)таңдаулы.Оның ішінде мысалға, «Box» (қорап немесе куб) батырмасын басу арқылы жоғарғы көрінісінде кубтың бейнесін тұрғызамыз.
Ол процесс алдымен «x» және «у» осьтерінің бойында екі нүктесін көрсету арқылы төртбұрышты, одан кейін «z» осьі бойынша келесі нүктесін көрсету арқылы «Кубты» тұрғызамыз. Осылайша қалған фигураларды да бейнелейміз.

2.5. Денелерді жылжыту, бұру, масштабтау операциялары

Денелерді жылжыту, бұру немесе масштабтау үшін, ең алдымен сол денені белгілейміз (тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы денені меңзейміз). Сол сәтте бағыттауыш ось сызықтары пайда болады. Сол бағыттауыштарға жылжыту, бұру, масштабтау батырмасын қолдану арқылы өзгертеміз.

«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН НАТЮРМОРТ»

2.6. Практикалық жұмыс

1) Геометриялық фигуралардан композиция құрау

3-кезең: Сабақты қорытындылау

1) Геометриялық фигураларды бейнелеу қалай жүзеге асады?

2) Геометриялық фигураларды немесе пішіндерді қалай жылжытады?

3) Геометриялық фигуралардың немесе пішіндердің өлшемін қалай өзгертеді?

4) 3 өлшемді графиканың 2 өлшемді графикадан қандай айырмашылығы бар?

5) 3 өлшемді графиканы қандай пәнмен өте тығыз байланысты?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *