ИННОВАЦИЯ МЕН ДӘСТҮР ҮЙЛЕСІМІ: ҚазҰУ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ОРТАЛЫҒЫ

Жоғарғы білім

Автор: Ж. Қ.  Қалымбекова, Қаржы және есеп кафедрасының PhDдокторы, аға оқытушы , Ш. Қ. Әзиева«Қаржы» мамандығының 4- курс студенті , Әл-Фараби атындағы КазҰУ, Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) білім берудің дәстүрлі құндылықтары мен замануи инновацияларды үйлестірудің үздік үлгісі.  Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы және халықаралық деңгейде мойындалған ірі ғылыми-білім беру орталығы. Көпжылдық тарихы мен бай академиялық дәстүрі бар университет бүгінгі күні инновация мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, жаңа буын мамандарын даярлауда ерекше орын алады. 1934 жылы негізі қаланған ҚазҰУ еліміздің ғылыми, білім беру және мәдени дамуына үлкен үлес қосып келеді. 90 жылдық академиялық дәстүрін сақтай отырып, цифрлық трансформация мен ғылыми жетістіктердің алдыңғы қатарында жүреді. Университет құрылған сәттен бастап сапалы білім беруді басты мақсат ретінде ұстанып, мыңдаған білікті мамандарды даярлады. Бүгінде университет түлектері мемлекеттік басқару, ғылым, қаржы, білім беру және бизнес салаларында табысты қызмет атқарып, ел дамуына өз үлестерін қосуда.

ҚазҰУ-дың басты ерекшеліктерінің бірі – білім беру процесінде инновациялық әдістерді кеңінен қолдануы. Университетте заманауи технологиялармен жабдықталған аудиториялар, зертханалар және ғылыми орталықтар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді. Университет студенттердің жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Мұнда ғылыми жобаларға қатысу, халықаралық бағдарламалар бойынша білім алу, түрлі конференциялар мен форумдарға қатысу мүмкіндігі бар. Бұл студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытып, олардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуына оң әсер етеді.

Сонымен қатар ҚазҰУ – көпұлтты және халықаралық университет. Мұнда әлемнің түрлі елдерінен келген студенттер білім алып, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасады. Бұл университеттің халықаралық беделін арттырып қана қоймай, студенттерге жаһандық көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы – өз саласының білікті мамандары мен тәжірибелі ғалымдар. Олар студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың ғылыми және кәсіби дамуына бағыт-бағдар береді. Оқу барысында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық дағдыларды да меңгереді.

Қорытындылай келе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім, ғылым және инновация тоғысқан бірегей орта. Бұл университетте білім алу – тек кәсіби маман болу ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму мен болашаққа сенімді қадам жасау. ҚазҰУ – бұл жаңа мүмкіндіктер алаңы, болашақ көшбасшылардың қалыптасу ордасы. Бұл – жаңа буын мамандарының қалыптасу ордасы және Қазақстанның интеллектуалдық капиталы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *